Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4956 0 пікір 30 Шілде, 2012 сағат 10:26

Лондон 2012: Қазақтың қоржынында қос алтын!

Олимпиада алау Лондонға жетіп, байрақты бәсекенің басталғанына да үш күн болды. Көк тудың астында бір атаның баласындай елдің намысын қорғап, мемлекетіміздің абыройын асқақтатуды мақсат еткен 116 спортшымыз спорттың 25 түрінен сынға түспек. Әлем көз тігіп отырған Олимпиаданың алғашқы күндері қазақ еліне қос бірдей алтын медаль сыйлады. Қазақтың намысын бермей, Лондон төрінде көк туды желбіретіп, әнұранды шалқытқан  велошабандоз Александр Винокуров пен зілтемірші Зульфия Чиншанло болды.

250 шақырымды бәрінен бұрын жүріп өтіп, мәре сызығын бірінші кескен Винокуров қырқында қамал алды! Британ жерінде өтіп жатқан додада жергілікті велошабандоздарға екпін түсірілген. Марк Кевиндиш бар, «Тур де Франстың» су жаңа чемпионы Брэдли Уигганс бар, бәрі жабылып жүріп бір Виноны тоқтата алған жоқ! «Балаларым «Әке медаль әкелесің ғой» деп қалып еді. Тілектерін орындадым. Армандар орындалады екен!» деп ағына жарылған Александрдың бұл соңғы Олимпиадасы. Олимпиада ойындары аяқталғасын ол үлкен спорттан кететінін мәлімдеді.

Кеше жұдырықтай қыз Зүлфия Чиншанло Қазақстанға екінші алтын сыйлады.  Жай ғана Олимпиада алтыны емес, әлемдік рекордтың қаймағын бұзған жүлде бұл. Қоссайыс қорытындысы бойынша 226 келіні көтеріп, Олимпиадалық рекордты, серпе көтеруде 131 келілік зілтемірді төбесінде ойнатып, әлемдік рекордты бір сілкіп алған Зүлфия кеше бар қазақты қуантты!  Кішкентай ғана нәзік жанды арудың толағай күші таңдай қаққақ әлемдік БАҚ Зүлфияны бүгінгі күннің батыр қызы деп  жазуда. Ал, Зүлфия болса, елтаңба белгіленген жүрек тұсын қайта қайта нұсқап, қуаныштан көзіне жас алды...Қуаныштың көз жасы еді бұл...

Осылайша, Олимпиаданың алғашқы екі күнінен соң Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 7-і орында тұр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір