Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3235 0 пікір 24 Шілде, 2012 сағат 08:09

Еркеғали Бейсенов. Қойсаңдаршы, пенделер!..

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адамзатты топан судан аман алып шыққан Нұх пайғамбарға ұқсап, Қазақстанды сонау 90-жылдары Тәуелсiздiк жолында басталған күресте аман алып шығып, ел қылды...».

Шерхан МҰРТАЗА

(«Көбеймесек, көсегемiз көгермейдi»; «Алматы ақшамы», 22 қазан, 2009 ж.).

«...Мен Нұрсұлтанды өзiм азамат тарихындағы ең ұлы адам деп бағалайтын Мұсылман жұртының ардақты перзентi Мұхаммед пайғамбарға ұқсатамын».

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА

Шыққан күндей жарқ етiп...»; «Егемен Қазақстан», 6 шiлде, 2010 ж.).

«Перiште үнсiз. Осы кезде Елбасымыз қалың ұйқыға кетедi. Әлден уақытта перiште қайта оралып, Президентке тiл қатады: «- Пендем... мана, әлгiде, өзiң ұйықтап жатқан кезiңде жазбаларымды Жаратқан Иеге көрсетiп алайын деп асығыс аспанға ұшпаймын ба? Жаратқан Иенiң алды бос емес. Ығысып, есебiн тауып жүрiп, алдына жетiп, дәптерiмдi ашып көрсетпеймiн бе? Жаратқан Ие тiзiмге көз салып отырып, дәптер жиегiндегi сенiң есiмiңе назар салғаны... Жаратқан Ие терең ойланып, отырып-отырып былай дедi: «Ендеше, осы пендемнiң есiмiн ең төбесiне жаз...».

Дүкенбай ДОСЖАН

(«Елбасының есiмi перiште дәптерiнiң ең төбесiнде тұруға лайық»; «Ақ Орда» романының 114-беті).

Ей, күнәһар құлдары бір Алланың!

Өкініштен шайналады-ау, бармағың!..

Уысында уақытша биліктің,

Неге дұрыс күйттемедің, ар қамын?

Президент ең ерекше болса да,

Адамзаттан несі артты соншама?!.

Сорлы басты тасқа соғып жүрмесін,

Сорақы сыр түйіндеткен сол сана!

Қойсаңдаршы!..

Қойсаңдаршы, пенделер!

Ешкімің жоқ, Пайғамбарға тең келер!

Нұх, Мұхаммед деңгейіне көтермей,

Басымдықты тек билікке, шенге бер!

Жеткілікті, «көшбасшымыз» десең де!

Хақпен ойнау опа бермес еш елге.

Шүкірлікке шәк келтіріп күпірлік,

Ұшырарсың, сен рухани кеселге!..

Сұмдық, сұмдық!..

Шын түйсік пе, мынауың -

Теріс киген тектіліктің тымағын?!.

Менікіндей деп қалмаңдар, әйтеуір,

Жаратқанның жалғандағы сынағын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622