Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4139 0 пікір 2 Шілде, 2012 сағат 07:11

Х.ҚОЖА-АХМЕТТІҢ ЕКІНШІ РЕТ ЖАПҚАН ЖАЛАСЫНА М.ШАХАНОВ ПЕН ЖАҚТАСТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ

Ұлы Мұхтар жолындағы Мұхтар Шаханов 70 жаста!

Қайтпас қайсар рухты  Мұхтар ағамыз, қазақтың Мұхтар Шахановы  70 жасқа келіп жатыр.   Жер бетіндегі қай ұлт болмасын өзінің қайраткер ұлын құрмет тұтып, оның  ерлігін, ақыл-ойын, ерік-жігерін дәріптесе керек. Қазақта өз Мұхтарын жақсы көреді. Оған сенеді. Тар заманның тайғақ кешулерінде күдерідей жалын көтеріп,  күркіреп шыққан Шаханов ел алдында шалқалап сөйлегендермен шарпысты, талтаңдап басқандармен тартысты. Әлі де сол бетінен танған жоқ. «Үлкен бір кісіміз науқас, көңілін сұрап шығайық», - деген жақынына: «Қайсысына барамын, мында ұлт өлейін деп жатыр», - деген Шаханов  алаңда өзін күтіп тұрған қауымға қарай жүріп кеткен екен (бұл жайт «Ұлт бірлігі» доктринасының қабылдануына қазақ зиялылары қарсылық танытқан тұста болса керек. Аты әп-әдемі болғанымен, аталған доктринада қазақ  - мемлекетті құраушы ұлт тұғырынан түсіп қалған еді).  Сондай Шаханов шарболаттай қалпынан аумай халқының қашанда қасынан табыла береріне күмәнсізбіз.

Ұлы Мұхтар жолындағы Мұхтар Шаханов 70 жаста!

Қайтпас қайсар рухты  Мұхтар ағамыз, қазақтың Мұхтар Шахановы  70 жасқа келіп жатыр.   Жер бетіндегі қай ұлт болмасын өзінің қайраткер ұлын құрмет тұтып, оның  ерлігін, ақыл-ойын, ерік-жігерін дәріптесе керек. Қазақта өз Мұхтарын жақсы көреді. Оған сенеді. Тар заманның тайғақ кешулерінде күдерідей жалын көтеріп,  күркіреп шыққан Шаханов ел алдында шалқалап сөйлегендермен шарпысты, талтаңдап басқандармен тартысты. Әлі де сол бетінен танған жоқ. «Үлкен бір кісіміз науқас, көңілін сұрап шығайық», - деген жақынына: «Қайсысына барамын, мында ұлт өлейін деп жатыр», - деген Шаханов  алаңда өзін күтіп тұрған қауымға қарай жүріп кеткен екен (бұл жайт «Ұлт бірлігі» доктринасының қабылдануына қазақ зиялылары қарсылық танытқан тұста болса керек. Аты әп-әдемі болғанымен, аталған доктринада қазақ  - мемлекетті құраушы ұлт тұғырынан түсіп қалған еді).  Сондай Шаханов шарболаттай қалпынан аумай халқының қашанда қасынан табыла береріне күмәнсізбіз.

Қазақтың Мұхтар есімді ұлдарының ұлт ісінде аянып қалары жоқ. Мұхтарлардың бәрі сол үлкен Мұхтардың, ұлы Мұхтардың жолында келе жатыр. Ұлы Мұхтар жолындағы Мұхтар -  Мұхтар Шаханов қазақтың күрескер ақыны ғана емес, - сазгер. Мұхаңның әндері 60-70 жылдардың жастарын әйгілі Шәмші Қалдаяқовпен бірге «вальс құшағында» тербетіп, «жиырмасыншы ғасырдың төбесінен лирика болып тамшылаған» еді, енді жаһандану заманындағы қазақтың өрімдей ұлдары мен қыздарын патриоттық рухқа бөлеп асқақтап тұр. Ақын, композитор Мұхтар - қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғыз елінде дипломатиялық қызметте де болды. Парламент Мәжілісінің төрінде отырып биліктің бетін ұлт мүддесіне бұрып буырқанды. Бір сөзбен айтқанда бұл адам  - тірліктегі пендеге тән шаруаның бәрін ысырып тастап, өзін ұлт ісіне басыбайлы «тұтқын» етіп берген адам.

Қадырлы, Мұха! Сіз ел үшін еткен еңбегіңізді еш бұлдамаған адамсыз. «Мен әйтіп едім, бүйтіп едім» дейтін даңғазадан да бойыңызды аулақ ұстайсыз. Сіздің осы қарапайымдылығыңыздың өзі өлмес , өшпес өнеге болып ізіңізден ерген шәкірттеріңізге дари берсе екен деп Тәңірден тілейміз. Еліңіз аман, жұртыңыз тыныш болсын. Қазақ дейтін халқыңызбен бірге даңқыңыз арта берсін!

Құрметпен, Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы.

 

Х.ҚОЖА-АХМЕТТІҢ ЕКІНШІ РЕТ ЖАПҚАН ЖАЛАСЫНА М.ШАХАНОВ ПЕН ЖАҚТАСТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ

Алматыда көтеріліс болып жатқанда, желтоқсанның 19-ында Шаханов Мәскеуде өзінің жыр кешін өткізіп жатқан. Сондықтан ол Желтоқсан оқиғасына еш қатысы жоқ адам.

Хасен Қожа-Ахмет,

(«Аңыз адам» журналы, №12, 2012 ж.)

«Хасен Қожа-Ахмет өзінің сотқа жазған арызында Мұхтар Шахановтың Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға тигізген залалын бастан-аяқ тізімдеп шығыпты. Оның айтуынша, М.Шаханов 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі күндері Мәскеуде ақындық кешін өткізіп жүреді. Сол кезде Мәскеуде жүрген студент Ербол Байжарқынов Алматыдағы қан-жоса қырғын туралы М.Шахановтың кешіне келген қазақ диаспорасына, шетелдіктерге хабарламақ болғанда ол «Не айтатыныңды білемін, кет, кешімді бұзасың!» деп, оған микрофон бермей, КГБ-ға ұстаттырып жіберіпті...

Берік Мыңжасар,

Хасен Қожа-Ахмет Мұхтар Шахановты сотқа берді»

www.serke.org сайты, 25 маусым, 2012 ж.)

Возмущен г-н Кожахмет и тем, что Мухтар Шаханов назвал его агентом спецслужб (он якобы сказал это в эфире радио "Азаттык").

"Значит, выходит, я, трижды судимый по политическим статьям, оказываюсь кагэбэшником, а он, чистый коммунист, патриотом стал?! Он и про меня, и про других говорит, что мы - агенты КГБ, клевещет на желтоксановцев, - подчеркнул собеседник.

Мухтар Шаханов должен ответить за слова, - Х.Кожахмет»

сайт http://www.kursiv.kz,

25 июня 2012 г.)

Х.Қожа-Ахмет неге менің соңыма шырақ алып түсіп алды дегенге келсек, оның мәнісі мынадай. Бір-екі жыл бұрын мені «Азаттық» радиосы тікелей эфирге шақырды. Сол тұста Хасен Қожа-Ахмет: «Шаханов Желтоқсан көтерілісін аяғына дейін алып барған жоқ», - деп ескі әуеніне қайта басты. Мен де Хасеннің үстінен бір топ желтоқсаншылар арнайы хат жолдағанын, онда Х.Қожа-Ахметтің жыл сайын Қауіпсіздік комитетінің демалыс үйінде тынығатыны туралы айтылғанын тілге тиек еттім. Желтоқсан оқиғасын тексеру кезінде осы хатты Қауіпсіздік комитетінің төрағасына көрсеткенімді және оның бұл туралы айтқан пікірін радио арқылы жұртқа жариялап жібердім. Хасеннің мені атарға оқ таба алмай жүргені, міне, осыдан... «Жас қазақ үні» газетінде журналистің сұрағына орай, мен мынадай пікір білдірдім: «Желтоқсан оқиғасын тексеретін комиссия құрып, оның жұмысын жүргізіп жатқанымда осы Хасен Қожа-Ахмет маған келе қалды. Нақ сол сәтте хатшы қыз маған бір хат әкеліп берді. Онда Желтоқсан көтерілісі кезінде Қауіпсіздік комитетіндегілер бір мәшинеге толтыра арақ тиеп, алаңға жиналған жастарға әкеліп таратқан екен. Хатты сол мәшиненің жүргізушісі, «Еңбекшіқазақ» ауданының тұрғыны жазыпты. Хасен хатты оқи сала, осыны өзі тексергісі келетінін айтып, менің рұхсатыммен хатты қалтасына салып алды. Ақырында сол хатты ұшты-күйлі жоқ етті...» Осыны Хасен Қожа-Ахмет өтірік депті. Айта берсін. Сол кезде менің қасымда отырған, мұны түгел дәлелдеп беретін адамдар бар.

Б.НҰРАСЫЛ,

Шейх пен Шахановты сотқа берді»

«Халық сөзі» газеті, 26 маусым, 2012 ж.)

Халыққа көп тарайтын «Өмір-ай» газетінің 2010 жылғы 9 маусымдағы санында «Хасен Қожа-Ахмет - графтың тұқымы» деген мақала жарияланыпты. Мақаланың жарыққа шығуына Хасеннің өзі себепкер болғаны көрініп тұр. Әйтпесе оның анасы Екатерина Лисовскаяның, нағашы атасы Александр Лисовскийдің, анасының күйеуімен, Хасенмен түскен, барлығы 5 суретін журналистер қайдан ала қойсын? Мақалада Хасеннің атасы Александр Лисовскийдің беделді ақсүйектің бірі болғаны және ол кісінің орыстарға қарсы күрескені мақтанышпен баяндалыпты. Желтоқсандықтар оның анасының еврей ұлтынан екенін жиі айтатын. Байқауымша, сол рас сияқты. Онда тұрған не бар дейміз ғой. Бірақ еліміздегі ұлттық мүдденің басында жүрген сізге Хасен Қожа-Ахметтің кілең өтіріктерді құрастырып, 70 жылдық мерекеңіз тойланғалы жатқан тұста шабуыл жасауы және бірнеше телеарналарды, газеттерді бұруының арқасында бір ресейлік топ тұрғанын шамалауға болады.

Ал Х.Қожа-Ахметтің Шаханов Мәскеудегі поэзия кешінде Ербол Байжарқыновты «КГБ-ға ұстаттырып жіберіпті» дегені шылғи өтірік. Мен Ақтөбе қаласында тұратын оның әкесіне хабарласып едім, (Ербол жол апатына ұшырағандықтан, қазір қатты науқас) ол Хасеннің ойдан шығарған өтірігіне қатты қапаланып отыр екен. Міне, мәселе қайда жатыр?

Соңғы жылдары Хасен сіздің беделіңізді түсіруге көп күш жұмсап жүр. Өткен жылы Абай ескерткішінің қасында болған демократтар жиынында «Мұхтар Шакаловтың шайтандықтары туралы» атты ойдан шығарылған, өсектерге құрылған 24 парақтық жинақты жұртшылыққа таратып жүргенін өз көзіммен көрдім. Аңғарғаным, бұл жігіт сізді атарға оқ таба алмай жүрген секілді...

Назарбек ҚАНАФИЯҰЛЫ,

филология ғылымдарының кандидаты

(Авторға жолданған хаттан үзінді)

«Жас қазақ үні» Ермұхамбет Ертісбаевтан бастап "Шіріген жұмыртқа» сыйлығына үміткерлерді тізіп жатыр. Олардың ішінде Хасен Қожа-Ахмет те бар. «Орыстілді «Взгляд» газетінің 2011 жылғы 28-қыркүйек күнгі санында мемлекеттік тіл мүддесін көтерушілерге қарсы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Хасен Қожа-Ахмет: «Шаханов сейчас «напугает» все русскоязычные населения своими псевдопатриотическими выступлениями (смысл таков: не дай бог, придут к власти национал-патриоты и начнут политику вытеснения всех русских), и оно потянется к действующему президенту, который таких высказываний никогда не допускает. Вкупе с этим Шаханов дискредитирует и саму идею развития казахского языка как государственного. Да, определиться со статусом русского и казахского языков на законодательном уровне необходимо, но не такими методами, как он предлагает», - деп жала жапқан болатын. Ал, 2-қазан күні «Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы алаңда өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында соңғы кездері тек қана Мұхтар Әбләзовтің ықпалымен ғана қозғалатын Хасен Қожа-Ахмет ерекше бұзақылық мінез көрсетті».

Е.Бердібек,

(«Хасен Қожа-Ахмет ерекше бұзақылық мінез көрсетті»

www.serke.org сайты, 8 қазан, 2011ж.)

«...Д.Әшімбаев мақаласында Желтоқсан оқиғасы төңірегіндегі билік тарапынан кеткен әділетсіздікті тұңғыш рет Республика ауқымында ғана емес, әлемдік деңгейде де көтерген Мұхтар Шахановтың Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің пленумында, Г.Колбин саясатының дәуірлеп тұрған кезінде сөйлеген сөзін бұрмалап жариялаған газеттен үзінді келтіріп, оның беделін түсірмекке күш салады. Мұны Шахановқа бұрыннан тісін қайрап жүретін, ақынның халық арасындағы беделін мүлде қабылдай алмайтын  Жасарал Қуанышалин  мен  Хасен Қожа-Ахмет өзінше пайдаланбақ оймен  алдымен баспасөз маслихатын өткізіп, 2011 жылдың 5-қаңтары күні интернетте (quorum.kz) мәлімдеме жасапты. Бұған қоса олар өте үлкен таралыммен «Об истинном облике Мухтара Шаханова» (Мұхтар Шакаловтың шайтандықтары туралы) атты көлемі кішігірім повестей парақша-жинақ шығарып, онысын арнайы жасақталған топ арқылы мекемелерге, жоғарғы оқу орындарына, халық көп жиналатын жерлерге, тұрғын үйлерге тарата бастапты. Заңға тікелей қайшы келетін бұл шараға қаржыны кім беріп отыр және Қуанышалин мен Қожа-Ахметтің артында кімдер тұр? Егер  парақша-жинақтың сөзіне илансақ, Шахановтың ел игілігі үшін жасаған иненің жасуындай да игілікті ісі жоқ екен. Екеуінің  ойдан шығарған өтіріктері аздай, аттарын бүркеп, интернеттегі өздері жазған және есімі белгісіз біреулердің өсектерін негізге ала отырып, оны «ұлт», «тіл», мүдделерін сатты деп ғайбаттаған былапыт сөздерді шамасы жеткенше сапырғанын оқу үлкен қиындық тудырады.

«Какое он имел право так говорить от имени народа?.. А спустя два года после нашего освобождения Шаханов выступал в Москве в течение трех минут и стал героем Желтоксана. Но на самом деле во время Декабрьских событий его вообще в Казахстане не было, он проводил в Москве свой поэтический вечер и даже близко не подходил к восстанию...» - дейді Хасен Қожа-Ахмет. Олардың өрбіткен өсегіне сенсек, Шахановтың Желтоқсан көтерілісінің мүддесінде де, Арал қасіреті, ұлт, тіл, мәселесі төңірегінде де шаруасы болмай, билікке түгелдей сатылып, бір байдың 17 жасар бүлдіршін қызына үйленіп, Бішкекке Қазақстанның Елшісі қызметіне тайып тұрыпты. Түптеп келгенде "Қазақстандық ұлтты» да, Кедендік Одақ пен Қытайға жер берілуге қарсылықты да, алғаш рет ұйымдастырған Шаханов басқарған «Тәуелсіздікті қорғау» қозғалысы емес сияқты... Шаханов «Қазақстандық ұлтқа» қарсы аштық жарияламақшы болғанда бүкіл ел көтеріліп кете жаздады. Төрт мыңнан астам адам ішінде атақты әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлері де бар, онымен бірге аштық жариялауға тілек білдірді. Соның арқасында билік олармен санасуға мәжбүр болып, «Ел бірлігі» доктринасындағы «Қазақстандық ұлт» идеясы түбірімен алынып тасталды және доктринаға «Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілді білуге тиіс» - деген сөйлем ендірілді. Бұл аз жеңіс пе еді?..

Желтоқсан шындығын әйгілеу жолында Мырзалиев комиссиясынан басқа 4 комиссия құрылғанын, оның бәрінде Горбачев билігімен кескілескен күрес жүргенін жұрттың көбі біле бермейді. Комиссия шешімі бойынша билік басындағы 41 адамды жауапқа тарту шешімі де, тіпті көтеріліс кезінде қаза болған белгісіз адамдар туралы прокуратураға ұсынылған құжаттар да тексерусіз, жылы жабылған күйде қалса, оған да Шаханов кінәлі ме?

Желтоқсаншы Хасен Қожа-Ахмет қаншама жылдардан бері жұрттан қол жинап, өзін «Халық қаһарманы» атағына ұсындырудан жалықпай, шаршамай келе жатса, Шахановтың бұл саладағы түсінігі мүлде басқа. Ол жиырмадан астам шет мемлекеттердің құрметін көріп, сый-сияпатын иеленсе де, Қазақстан билігі ұсынған шен-шекпендерден, орден-медальдардан, Халық қаһарманы атағын бермек болған биліктің ұсынысынан да өз ұстанымы бойынша жүйелі түрде бас тартты. Желтоқсан шындығын қалыптастыру төңірегіндегі істерін және ұзақ жылғы қоғамдық шараларының бәрін ел алдындағы азаматтық борышым деп білетін М.Шахановтың бұл мәселедегі ұстанымы мынадай: «Отан - біздің ең ұлы анамыз. Әркім өз анасына сіңірген еңбегі үшін жылу дәметпеуі керек. Бірақ Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Оны да жоққа шығаруға болмайды. Бірақ ол өте әділетті болуы қажет. Қазір кез келген үлкен ұрының екі орден үш медалі бар. Солардың қатарында жүргім келмейді.» Міне, не істесе де өз ар-намысының жетегінде қызмет атқаратын қазақтың қайсар ақынына ешкімнің қара күйесі жұға қоймасы анық. Дегенмен, адамды қорлау мен тұқыртудың осындай абыройсыз түріне жүгінген екі азаматымыз желтоқсан көтерілісіне жала жауып отырған Д.Әшімбаевқа қарсы пікір білдірудің орнына, Әшімбаев келтірген, Колбин билігі тұсында Шахановтың бұрмаланған бір сөзін ту ғып көтеріп, мұндай абыройсыз қимылға баруы шектен шыққан ұят іс болды...»

«Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің атынан: Бақтыбек Иманқожа (төраға), Құрманғазы Айтмырза, Үсіпхан Сейтімбет, Ермұхамед Қуандықов, Ерлан Декелбаев, Құдайшүкір Абдуллаев; Нұрлыбек Қуаңбаев, «Желтоқсан» Республикалық халықтық-патриоттар қозғалысының төрағасы; Жансая Сәбитова, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, Алматы қалалық жаппай қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрайымы; Шора Қарабаев, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің доценті; Төлеген Әлжан, «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын тексеру және оған түпкілікті баға беру комиссиясы жұмысшы тобының мүшесі; Ғазиз Алдамжаров, Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы; Дулат Исабеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Мәдениет» журналының бас редакторы; Амангелді Айталы, философия ғылымдарының докторы, профессор; Темірхан Медетбек, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Ғаббас Қабышұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; Смағұл Елубай, жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті; Әзімбай Ғали, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы; Рысбек Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы; Ермұрат Бапи «Тасжарған» газетінің бас оқырманы; Серғазы Мұхтарбек, «Қазақстан» газетінің бас редакторы; Қоғабай Сәрсекеев, «Қазақ» газетінің бас редакторы, ҚР енбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреат; Қазыбек ИСА, «Жас қазақ үні» газетінің Бас директоры,ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері... Барлығы 51 адам қол қойған.

(«Желтоқсан көтерiлiсiнiң 25 жылдығы жетiм

қыздың тойындай өтпеуi тиiс»

«Жас Алаш» газеті, 25 қаңтар 2011 ж.)

 

«Әр адамның пенделігі өз тағдырын шешеді...»

Мұны ұғу қайда саған Қожа-Ахметтің Хасені.

Амал нешік, қызғанышың қайсар және батыл-ақ,

Асанова Ләззатқа да шаштың қара топырақ.

Тағдыр сені қаралаудың сарбазы етіп қойғандай,

Соттасып ең, абыройың төгілді одан айрандай.

Бір пәтуә таба алмастан ісіңнен, не сөзіңнен,

Қаншама адал желтоқсаншы азап шекті өзіңнен.

 

Сенікі не? Пенделік пен қызғаныштың шатысы?

«Шахановтың Желтоқсанға жоқ, - дейсің - еш қатысы!»

Бүкіл Кеңес билігінің парқына мұң түсіріп,

Кремльдің, Горбачевтің зәре-құтын ұшырып,

Дел-сал шақта қайта оятып, ел намысын бөгелген,

Қайтер еді ұлт,

Желтоқсанды көтермесем егер мен?

 

Бірақ мені мадақтаудың қажеті жоқ ол үшін,

Мұнда ерлік жоқ. Ол жай ғана азаматтық борышым.

Сол үшін де еңсем биік, сол үшін де асқақпын,

Билік берер барлық мақтау, марапаттан бас тарттым.

 

Қожа-Ахметтің маған қояр өкпе-назы көп екен,

Менің тілдік мүддеге де «еш қатысым жоқ» екен.

Жә, солай ма? Онда бір сәт үңілелік өткенге,

Орыс тілі мемлекеттік мәртебе алып кеткенде,

Құтылғандай иірімі мол ұлттық, тілдік азаптан,

Талай рухсыз депутаттар - ұлтсыз шалақазақтар,

Бір-бірімен құшақтасып, құттықтасып жатқанда,

Дабырласа, қауымдаса ұлт мүддесін сатқанда,

Мен зор айқай көтермесем,

қанып рухсыз айызы

Орыс болып кетер еді ұлттың сексен пайызы.

Әрине, олар МҒҚ* боп, бас қойып зор білімге,

Сөйлер еді Хасекеңнің анасының тілінде...

 

Пайымсыздық батпағына батқан жансың белшеңнен.

Ал өзіңнің бір еңбегің болды ма екен ел сенген?

Шексіз даңққа құштарлығың жазды аңсаған даладай,

Президент те болғың кеп жүр өз шамаңа қарамай.

Жаның құмар әрқашан да дау-дамай мен шатаққа,

Өзіңді сан ұсындырдың «қаһармандық» атаққа.

Рас, өсек, өтірікті айналдырған ғажапқа,

Сендей «рухсыз қаһарман» бар қазір біздің қазақта!

________________

МҒҚ* - мордиясы ғана қазақ

 

Нағашыбай Қабылбек. Қазақтың сен  кәтепті қара нарысың

(М. Шахановқа)

Ақындықты ту еткендер-аз емес,

Көбісінің қуғандары мәз-елес!

Ұлттың жоғын жоқтамаған дарынның,

Жан әлемі таза емес!!!

 

Қарынымен дем алғандар «даңқты»,

Жылтыр сөзбен келеді алдап халықты.

Түрі қазақ, тілі «ғажап» адамдар,

Қоғам үшін қауіпті.

 

Азаттықтың жұтсақ тағы ауасын,

Неге жанның таба алмадық дауасын?

Аждаһаның арбауынан сескеніп,

Шырылдаған бозторғайсың, ағасы!

 

Желтоқсаннан қуат алды азат күн,

бірақ әлі өзгелерге мазақпын!

Жиырма жаста мешел бала секілді,

«Тілі қашан шығады екен»  қазақтың?..

 

Ұлттық рух, Тіл мен ділім бұғауда,

Болмайды, аға, енді сізге құлауға!

Қалғып кеткен бабалардың намысы,

Қыр астынан тулап,сауға сұрауда.

 

Қара бастың қамын жесең-ұсақтап,

Даңқ пен атақ алар еді құшақтап.

Алайда, аға, жалғандықтың жендеті,

Өмір бойы өтер еді пышақтап.

 

Жаның таза, арың таза қоқыстан,

Өмір жолың жақсылармен тоғысқан.

Қоғам қанша тезіне алып, соққанмен,

Өр кемеңіз теңселмеген ағыстан.

 

Жетпіс жасқа жеткендер аз ұялмай,

Біреулерге жүрген жолың -  қиялдай!

Үні бөлек, жыры бөлек өр ақын,

Енді отырмыз жетпіс жасқа қия алмай.

 

Ақындықты ту еткендер-аз емес,

Көбісінің қуғандары мәз-елес!

Ұлттың жоғын жоқтамаған дарынның,

Жан әлемі таза емес!!!

 

Сен көрмеген құқай бар ма, арысым,

Жаныңнан да биік елдік, намысың.

Қазақтың сен кәтепті қара нарысың,

Қара өлеңнің сарқылмайтын нәрісің!!!

 

 

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530