Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3191 0 пікір 4 Мамыр, 2012 сағат 07:50

Евгений ГРИГОРЬЕВ. Таң шығыстан атады. Бастамаларда Шығыстан басталады

Менің жасым 82-де. Өмір бойы Қазақстанда тұрып, жарты ғасыр бойы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақ­стан мемлекеттік техникалық универ­си­тетінде ұстаздық етіп келемін. Док­торлық диссертация қорғадым, профессор атандым. Қазақ досы, көршісі десе бір жапырақ нанын бөліп беретін жомарт халық екенін бала кезімнен білемін. Қазақ тілін тәп-тәуір меңгеріп алдым. Маған, әсіресе, Абайдың фи­ло­софиялық ой-тұжырымдары, терең мағыналы өлеңдері үлкен ой салды. Ұзақ жылдар ізденіп, «Ұлы даланың Прометейі», «Адам бол», «Абай және Алаш қозғалысы» деген кітаптарды жарыққа шығардым. Бұл жинақтарды шығаруға өзім еңбек ететін ШҚТМУ көп көмек көрсетті.

Абайдың өлеңдерін оқып, көңілге түйгенде ұлы ақынның қазақ халқы­ның өз алдына дербес мемлекет болуын қалағанын түсіну қиын емес. Міне, сол арманға жеттік. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқанына да 20 жылдан асып барады. Тәуелсіздік - ұлы бақыт. Бабалар аңсаған тәуелсіздікті сақтап қалу үшін не істеу керек? Ең алдымен, елді мекендеген жүзден астам ұлт пен ұлыстың достығы мен татулығы баянды болса, бейбітшілік нығая бермек. Әлі есімде, 1995 жылы түрлі этнос­тар­дың басын қосып, елімізде татулық пен бейбітшіліктің салтанат құруын мақсат тұтқан Елбасы Н.Назарбаев Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясын құру жө­нінде бастама көтерді. Оны барлық этнос өкілдері қызу қолдап әкетті. Сөй­тіп, басқа мемлекеттерде жоқ қо­ғам­дық институт бізде бірінші болып дүниеге келді.

Таңның шығыстан ататыны белгілі. Демек, нендей бір игі бастамалардың шығыста туындап жататыны заңды­лық болса керек. Еліміздегі тұңғыш Достық үйі Өскеменде 1992 жылы құ­рылып, оның салтанатты ашылуына Елбасы  Н.Назарбаевтың өзі келіп қатысты. Мен де ол кезде жиырмадан астам этностың басын қосып, татулық пен достыққа ұйытып отырған Достық үйінің жұмысына белсене араласқан едім.

Тұңғыш Достық үйінің ашылуында Нұрсұлтан Әбішұлы ақжарма тілегін айтты, шырайлы шығыстан бастау ал­ған құнды тәжірибені еліміздің барлық облыстарында қолдану қажеттігіне тоқ­талды. Артынша Кенді Алтайдың тә­жірибесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі зерттеп, оны барлық облыстарға таратты. Бұл күн­дері өңірде сегіз Достық үйі бар, оларда 82 этномәдени бірлестік жұмыс іс­теуде.

Облыстық Достық үйінің мақсаты - ұлтаралық келісім мен тұрақ­ты­лықты нығайту, ұлттар мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрін жаңғырту, мә­дени мұраны сақтау және Қазақстан жастарын патриоттық сезімде тәр­биелеу болып табылады.

Енді өзім куә болған бірнеше жайды айта кетейін. 2001 жылдың желтоқ­са­нында облыстық филиалдың бастамасымен ұлтаралық қарым-қатынасты тереңдету және оның тәсілдерін зерттеу деген тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. ШҚО Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының төрағасы, өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен де соңғы үш жылда халықтар достығын тереңдету мақсатында отыздан астам игі шаралар өткенін айта кеткен орынды. Шығыс Қазақстан облысының ға­лым­дары да Ассамблея жұмысын жан­дандыруға лайықты үлес қосып келеді.

Енді бірер күннен кейін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Х1Х сессиясы өтеді. Оған біздің об­лыс­тан да делегация қатысып, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын саралап, жаңа шептер мен міндеттер қабылдамақ. Татулық пен тұрақтылық мекені - Қазақстан басқа мемлекеттерге алдағы уақытта да үлгі-өнеге көрсете бермек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір