Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7161 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 13:53

«Ура»-ның орнына «Әруақ» деп ұрандау керек!

Қазақ елінің дербес қарулы күштерінің құрылғанына биыл міне жиырма жыл. Өткен 7-мамырда сол айтулы уақытқа ақжарқын қуаныш қосылып, аталған күн арнайы мемлекеттік мереке болып белгіленді.

Иә, азат ел болғалы айбынымыз артқаны рас. Сардарларымыз салауатты, сарбаздарымыз сайдың тасындай. Қорғанысымыз берік, қару-жарағызымыз қуатты. Бірақ, бір ғана нәрсе өзгермей келеді.Бірақ, бір ғана нәрсе өзгермей келеді. Ол - қазақ жауынгерінің рухын жанып, намысын қайрауға тиіс әскери ұраны.                                                Олай болса ең алдымен «Ура» сөзінің этимологиясына үңіліп алайық: «Согласно «Толковому словарю» В. И. Даля крик «ура» напоминает клич литовского происхождения «вираи (vir?)», и татарское слово «ур» - бей, от «урмак» - бить, а также киргизское «уран» - племенной военный клич, и, наконец, русское «уразить» - ударить». (http://ru.wikipedia.org/wiki/Ура!)

«Тағы бір мәселе ол «Ура» сөзінің түп-төркін мағынасы жайында. «Ура сөзі мұңғұлдың - ұр, өлтір» (өлім) деген  сөзінен шықса керек. Сонда біздің Қарулы Күштеріміздің әскери доктринасы қорғаныс жағдайларына арналған болса, неге біз «ура» деп атойлап қанішерлік танытып шабуылға шықпақпыз?! Ол  ура сөзінің орнын, мысалы «Жаса!» я болмаса «Алаш!» деп қазақ тілінде мағынасы да, тілі де түсінікті сөзбен неге ауыстырмасқа!» Бұл полковник Серік Шаловтың Қорғаныс министрлігі Баспасөз қызметінің жетекшісі болып жүрген кезінде күнделігіне түрткен ой-пікірі. Яғни, ар жақ-бер жақты байыптай білетін әскерилеріміздің өзі осы ұран үшін мың ойланып, жүз толғанады деген сөз.

Этимология жайлы тағы бір пікір.

Зардыхан Қинаятұлы, тарихшы

- «Негізі «ура» сөзі моңғолдың ұмтыл, алға деген мағынадағы сөзі. Мен өзім де солай деп пікір білдіремін, және соны дұрыс деп жазып та жүрмін. Бұндай тұжырымды моңғолдың тарихшылары да айтады. Бұрын орыста ондай ұран болуы мүмкін емес. Өйткені, бұл ұранды ат құлағында ойнған жауынгер, көшпелі халықтың сарбаздары ғана айтқан деп ойлаймын. Ал, орыстарға кейін солардан жалпыласқан болуы керек».

«Жаужүрек мың бала» фильміне бас кеңесші болған Зардыхан ағамыз картинаны түсіру барысында «Алаш», «Қазақ» ұрандарымен қатар соғысқа, шабуылға шыққанда «Әруақ» деп те ұрандалғанын айтады. Бұл ұран қазақтың жаугершілік тарихында рух, намыс, күш-қйарат шақыру үшін ұрандалғаны бәрімізге белгілі.

Мақаланың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/830 оқи аласыздар.

0 пікір