Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3756 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 12:06

«Арқанкерген» шекара бекетінде өртеніп кеткен шекарашылардың қарулары табылды

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Арқанкерген» шекара бекетінде өртеніп кеткен шекарашылардың қарулары оқиға орнынан табылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің дереккөзі мәлім етті.

Оның атап өтуінше, аталған қарулардан соңғы күндері оқ атылған-атылмағандығын тексеру қазіргі уақытта мүмкін болмай отыр. Осыған орай табылған қарулар арнайы сараптамадан өткізілетін болады.  Сонымен қатар қаза тапқан шекарашылардың санына қатысты әртүрлі деректер бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген болатын. Ал дереккөзінің айтуынша, оқиға орнында Шекара қызметі, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мамандары жедел тергеу амалдарымен қатар, іздеу шараларын да жүргізуде. Жалпы аталған шекара бекетінде 15 шекаршы болған.

Сондай-ақ, ол бұл қайғылы оқиғаның шекарашылар күнін мерекелеумен байланыстырған алып-қашпа сөздерді жоққа шығарды. «Қазақстан шекарашылар күні Қазақстанда жыл сайын 18 тамызда аталып өтіледі. Ал 28 мамыр КСРО шекарашыларының күні болатын. Қазіргі уақытта бұл күн қазақстандық шекарашылар үшін әдеттегі күндердің бірі», - дейді ол.

Оның баса назар аударуынша, оқиға болған жерде шекара қызметінің директоры генерал-майор Нұржан Мырзалиевтің басшылығымен ҚР Ішкі істер министрлігі және Бас әскери прокуратура мамандары мен өкілдерінің қатысуымен жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616