Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4026 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 10:43

Семейде облыс әкімінің «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» жыл сайынғы берілетін сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті

2012 жылдың 25 мамырында алғашқы рет 12 жылдың ішінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуі және жыл сайынғы Шығыс Қазақстан облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің сыйлығымен марапаттау рәсімі Семей қаласындағы Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қабырғасында өткізілді.

Алдымыздағы жылы ол 130 жылдық мерейтойын атап өтеді. Мұражай ғимаратында іргелі жөндеу және   аббаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Жаңартылған мұражай залында жаңадан шыққан кітаптардың, қолдан жасалған бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылған.

Аталмыш кездесуге облысымыздағы театр мен филармония, Мәдениет үйі және мұражайлардың, кітапхана мен клубтардың басшылары, жазушылар мен әншілер қатысты.

Кездесу Шығыс Қазақстан облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің сыйлығымен марапаттау рәсімінен басталды.

  • «Театр ісі» номинациясы бойынша Облыстық Жамбыл атындағы драма театрының сурет шебері, зал безендірушісі Николай Степанович Зинченко
  • «Кітапхана ісі» номинациясы бойынша Зырян ауданының орталықтандырылған кітапхана директоры Надежда Сергеевна Снегирева
  • «Мұражай ісі» номинациясы бойынша Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директоры Светлана Константиновна Нұрғазиева
  • «Бейнелеу ісі» номинациясы бойынша Семей қаласындағы педагогикалық институтының мұғалімі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Талғат Әбікенұлы Татиев
  • «Хореография ісі» номинациясы бойынша «Тұмарханым» халықтық би студиясының жетекшісі Санира Мұратқызы Қайранова
  • «Музыка ісі» номинациясы бойынша «Восток» аймақтық әскери оркестрінің әншісі Ольга Валерьевна Сағындықова
  • «Клуб ісі» номинациясы бойынша Жарма аудандық мәдениет үйінің көпшілік істі ұйымдастырушы және жүргізуші әдіскері Күлмайра Сүлейменқызы Маханова
  • «Әдебиет ісі» номинациясы бойынша Жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Семей қаласы және Баянаул ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Медеу Сәрсеке
  • «Халық шығармашылығын насихаттау» номинациясы бойынша «Жігер» ансамблінің жетекшісі Шалқар Рысханұлы Рысханов
  • «Режиссура» номинациясы бойынша режиссер Станислав Владимирович Цих

Сонымен қатар, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Құсмиля Нұрқасым облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=617%3A2012-05-28-08-39-59&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір