Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3440 0 пікір 30 Мамыр, 2012 сағат 07:45

Расул Жұмалы: Еуразиялық одақ Қазақстанның дербес дамуына нұқсан келтіруі мүмкін

Жуырда Ресей президенті В.Путин Еуразиялық одақтың парламентін құру қажеттігі туралы айтқан. Бұл мәселені Белоруссия мен қазақстандағы әріптестерімен ақылдасатынын мәлімдей келе: «Мұны бәрі жақтайтынына сенемін» депті Ресей президенті.

Алайда, Қазақстанға ресми сапармен Путиннің өзі емес, Ресейдің Премьер-министрі Медведев мырза келді.

Қалай болғанда да, қарқынды қолға алынып отырған Еурозиялық одақтың жұмысы туралы белгілі саясаттанушы Расул Жұмалының пікірін білдік.

- Ресей Еуразиялық одақтың парламентін құру мәселесін қолға алып отыр. Осы интеграция саяси сипат алып бара жатқан жоқ па?

- Бұл үрдіс қазір жылдан-жылға күшейіп келе жатыр. Басында кеденнен басталды. Қазір 2012 жылдан бастап ортақ экономикалық кеңістік құру қолға алынды. Оның ар жағы Еуразиялық одаққа алып келеді. Осы экономика мәселелерімен шектеліп қалмай, шекараларымыз ашылып, тауар алмасып, адам ресурстары да алмаса бастады. Бұның бәрі қаржылық секторды да, біздің кейбір саяси мәселелерді де өзімен бірге қамтып, экономикалық әрі қарай, саяси интеграцияға алып баратын үрдіс.

Әлемде әр түрлі интеграциялық игі үрдістер бар. Бірақ, дәл біздің жағдайда Ресей, Белоруссия, Қазақстанның интеграциясы Ресейдің Қазақстанның билігіне араласып, елдің егемендігіне, тәуелсіз шешім қабылдауына нұқсан келтіретін бірталай жайттар бар.

- Нақтырақ айтсаңыз...

- Мысалы, Қазақстанның әлеуеті Ресейдікімен мүлдем сәйкес келмейді. Ресей экономикалық жағынан да, демографиялық жағынан да, әскери әлеуеті жағынан да Қазақстаннан он-он бес есе үлкен, басым мемлекет. Және Ресейдің өзінде сол бұрынғы Кеңес одағын құру, бұрынғы өзінің Кеңестік үстемдігін қайта жаңғырту мәселесі ішінара қозғалып, осы сарындағы саяси мәселелер жиі естіліп жүр. Ресейдің саясаткерлерінің өздері солай деп жүр. Ендеше, осы жағдайда Қазақстанның ұлттық мүдделері қаншалық сақталады? Қазақстан қаншалық дербес дами алады? Бұл жағдай бойынша мен, мәселен, толық кепілдіктер байқап отырғаным жоқ.

- Ал, Владимир Путин айтқандай, ортақ парламент пайда болатын болса...

- Меніңше, ол біздің Ресейге тәуелділігімізді одан сайын арттыра түседі. Тиісінше, біреуге тәуелділігіміз артқан сайын, өзіміздің егеменді шешім қабылдау құқықтарымыз төмендейді. Мен бұны мемлекеттілігіміз үшін жақсы құбылыс деп санамаймын.

Сұхбаттың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/828 оқи аласыздар.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620