Сәрсенбі, 16 Қазан 2019
Жаңалықтар 1479 0 пікір 30 Мамыр, 2012 сағат 07:16

Сергек Ерсайын. МММ: Мавроди – Алдар ма, Дон Кихот па?

ТМД экономикасын былай қойғанда, жаһандық экономика кеңістігінде тағы да Мавроди тұлғасы пайда болды. Тағы да дейтініміз, ол КСРО ыдырап, алып экономикалық әлеует быт-шыт болып шытынағанда, Ресейдің капиталистік бағыт алған экономика базарына шығып, жаңадан пайда болған «қызыл капиталистерді» састырғаны бар.

Мәселе, МММ акционерлік қоғамын құрып, Мавродидің бір жыл ішінде 15 миллион ресейлікті МММ құнды қағазына тартып және халықты алдап соққандығында емес, социалистік байлықты жымқырып, демократияны желеу етіп,билік басына келген «жаңа орыстардың» қолына қараған қаржы ағымын басқа жаққа бұрып, халыққа тиесілі қыруар ақшаны ғана емес, Ельцин бастаған «демократ билік» емін-еркін былағайлауға тиісті ел бюджетін құрайтын қаржы тетігін тұйыққа тірей бастағандығында және өзінің экономикалық дәрменсіздігін қайдағы бір Мавроди деген «кезбенің» әшкерелей алу мүмкіндігінің зорайуы еді.

ТМД экономикасын былай қойғанда, жаһандық экономика кеңістігінде тағы да Мавроди тұлғасы пайда болды. Тағы да дейтініміз, ол КСРО ыдырап, алып экономикалық әлеует быт-шыт болып шытынағанда, Ресейдің капиталистік бағыт алған экономика базарына шығып, жаңадан пайда болған «қызыл капиталистерді» састырғаны бар.

Мәселе, МММ акционерлік қоғамын құрып, Мавродидің бір жыл ішінде 15 миллион ресейлікті МММ құнды қағазына тартып және халықты алдап соққандығында емес, социалистік байлықты жымқырып, демократияны желеу етіп,билік басына келген «жаңа орыстардың» қолына қараған қаржы ағымын басқа жаққа бұрып, халыққа тиесілі қыруар ақшаны ғана емес, Ельцин бастаған «демократ билік» емін-еркін былағайлауға тиісті ел бюджетін құрайтын қаржы тетігін тұйыққа тірей бастағандығында және өзінің экономикалық дәрменсіздігін қайдағы бір Мавроди деген «кезбенің» әшкерелей алу мүмкіндігінің зорайуы еді.

Міне, сол кезде Ресейлік ресми биліктің «халықты алдады» деген желеуімен «алаяқтық мәртебе» берілген Сергей Пантелеевич Мавроди дереу тұтқындалып, бірнеше жылға сотталды да, ол құрған МММ қаржы империясының дал-дұлы шықты. Мавродидің өз пікірі бойынша, билік МММ-ді әдейі қиратқан, егер билік кіріспегенде, оның пирамидасы одан әрі жаңа тұрпат алған болар еді. Ресейлік билік МММ-ді қасақана жойып, Мавродиді «алаяқ» атап, халықты оның алаяқтығынан «сақтап», өзін халықшыл етіп көрсетті. Бірақ, Мавроди тартқан он бес миллион адамның қыруар ақшасы қайда екені әлі күнге белгісіз көрінеді. Айтушыларға сенсек, он жеті «КАМАЗ» көлікке тиелген қолма-қол ақша ұшты-күйлі жоғалған.

Мавроди түрмеге түстім, алаяқ атандым деп қам жеген жоқ, өзіне сенімді адам әрі өз идеясының құлы ретінде 2007 жылы шыға сала, өз империясын жалғастыруға тағы кірсетінін жариялады. Айтқанындай, ол 14 жылдан соң екінші жобасын 2011 жылдың қаңтарынан «МММ-2011» атаумен тағы да айналымға қоя берді. Және де бұл жолы ол «жаһандық қаржылай ақырзаман орнатамын» деген мақсатын ашық әйгілеп отыр. Ондағы ойы: әлемді құрсаған қаржылық құрсау қарапайым халыққа емес, билік пен байлықты бірдей ұстағандардың қолында; ал әлемге қаржылық әділет керек екен. Сол себепті де Маврожүйе «Біз әлемді өзгертеміз!» («Мы меняем мир!» - МММ) деген ұранды алға ұстауда.

Ойластыра келе, Мавроди қаржылай әділеттен шеттеген қарапайым адамдардың қолындағы қаражаттан әлемдік ортақ тайқазан орнатып, жаһандық әлеуметтік банк ашуға кірісті. Ол соңғы бір жарым жыл ішінде өз дегеніне жетті. Қәзір 35 миллионнан астам ондаған мемлекеттің азаматтары Маврожүйеге кіріп, оның депозитіне салым салып, бұйырғанын алуда. Бұл мерзім ішінде айтарлықтай дағдарыс бола қойған жоқ. Тіпті, кейбір Конго секілді мемлекеттер жүйеге кірген азаматтарын ресми қолдауға ыңғай танытуға бейім секілді. Бір жағынан, бұл жүйе әзірге әлеуметтік шытынауға қарсы әлеует болып отыр.

Рас, Маврожүйені бетімен қойып отыратын әлемдік байлық пен билік иелері емес. Әсіресе, кейбір елдер МММ-нің белсенділерін қудалап, тіпті Беларуста қамауға алған жайттар көзге түсті. Былай қарағанда, бұл жүйеге қарсы қатысушылар тарапынан ешбір шағым болған жоқ, бірақ кейбір елдердің билігі бұдан азаматтардың мүддесінен гөрі, шынында да қалыптасқан қаржылық жұмақтың быт-шыт болуынан сақтанатын секілді.

Бірқатар елдер жүйенің желісін тінткілеп, Ресей секілді мемлекеттер МММ-нен сескеніп, арнайы қаржылық пирамидаға қарсы заң жоба әзірлеуге көшуде. Бұл бастама Қазақстанда да эфирге шыға бастаған болатын. Алайда, ақша-данышпан оларға алдын ала сайманы әзір екенін және бас-аяғы 15 минутта шешім қабылдап, қарсы жақты тұйыққа тірейтінін  жария еткен. Шыңғысханның жүйесімен белсенділерін онбасы, жүзбасы, мыңбасы, түменбасы секілді қалыптастырған қаржылық әкімшілік құрылымын түбірімен өзгертіп, ақша ағынын енді әлгі адамдық құрылымдар арқылы емес, кәдімгі банк шоттарын қолдана отырып, заңды жолмен қимыл жасау жүйесін бір күнде қайта құрып, жария ете салды. Қарсы жақ МММ құрыды деген қауесет таратудан басқаға әлеуетті бола қойған жоқ. Ал, ТМД аумағындағы саяси элитаның биік мінберден МММ-ге қатысты сөз арнауы, заң жобаларды қолға алуы, шынында да әлемді өзгертпесе де, МММ, соңғы ондаған жылдар бойы қалыптасқан саяси-экономикалық яхтаға астыртын кіріп, оны шайқалтып жатқан әумесер күш секілді.

Бір қызығы, МММ-нен жасқанған Қазақстандық идеология да өз арналары арқылы екі жыл бұрынғы әшкере болған көкшетаулық халықтық кассаны желеу етіп, қайта-қайта антижарнама жасаумен болды. Қазақстандықтар ТМД аумағындағы МММ-нің басты ойыншылары саналатын көрінеді: қазақтар мавросалым көлемі жағынан үшінші орынды алып отыр. Бұған олардың жақсылықтан не аңқаулықтан барып отырмағаны белгілі. Мемлекет жұрт сенетін әрі табысты жүйені әлі күнге халыққа ұсына алмай отырғаны аян. Қалт-құлт еткен АйПиО (IPO) жүйесінің тағдыры баяғы жекешелендіру инвестициялық купонның кебін киетіндей көрінеді және ол МММ секілді ай сайын салымға 30 пайыздық сыбаға уәде ете алмасы белгілі.

Атап өтерлік жайт сол,   МММ-ге қарсы антижарнамаға Алматы әкімі Есімовтің белсене кіріскені! Алматы қаласы үшін бар мәселенің шешімі МММ-де жатқаны ма, кім білсін, әлде қазақстандық қаржы аманаты соған тапсырылғаны ма, әйтеуір, неге екені белгісіз, Мавродидің үш бірдей сайтының бас кейіпкері Есімов мырза болып шыға келді. Қала әкімі, тіпті, маврожүйенің елдегі ешбір қаржы жүйесінің заңдылығына тиісті еместігін ескерместен, оның қаладағы әрекетіне тыйым салуға үндеді. Алайда, бұл шара халықаралық әлеуметтік желіні жабумен тең бастама болатын, бірақ оны қай заңға сүйеніп, қай күшпен жабарсың? Бұл жайт біздің кейбір шенділердің заман тудырған қитұрқы «түлкіні» тазы болып шала алмаудан туындайтын шарасыз тірлігін елестетеді. Әр адамның өз меншігіндегі қаржыны кімге берсе де, қайда салса да өз еркі емес пе?! Есімовке қарсы мавродишілер де өз шарасының шетін шығарды: алматылық Абат Нағмет деген азамат әкімді ұлттық телеарнада тікелей эфирде ашық пікірталасқа шақыруда.

Айтпақшы, қазақтың елбасы Н.Назарбаевтың әлемдік қаржы институтын қайта құру жөніндегі бастамаларының шыққанына кемінде 2-3 жыл болды. Соның бірі - әлемдік ресми ортақ ақша шығарып, бейресми АҚШ долларының құрсауынан жаһандық қаржы жүйесін құтқару. Біздің байқауымызша, Сергей Пантелейұлы сол мақсатқа ресми түрде ентелей кіріспесе де, бара-бара жаһандық мавро аталатын жаһандық бейресми ақша шығуы да ықтмал. Әзірге мавро аталатын электрон ақша 39 елдің валюталарын бір тайқазанға бастарын түйістіріп отырғанын айтпай кете алмаймыз. Бұл жағынан ол біздің үлкен кісінің алдын орап кете ме деген де қауіп бар...

Ал, Мавродидің алаяқтығына келсек, оның жүйесі мына қарапайым бөліске негізделген: әрі тартса - алай, бері тартса - былай жеткізе алмай жүрген қарапайым азаматтар қолда барын ортаға тастайды да, ережеде көрсетілген мерзім бойы депозитке тиіспей отырады, сөйтіп, «тайқазанға» қарай ағылған ақша ағыны толастамай, кіріс кепілі пайда болады, мерзімі келгендер еселеп ала бастайды. Бұл кіріс-шығыс Мавроди бастаған есепшілердің бақылауында болады және ақшаны алу мен салу жүйеге мүдделі қарапайым лидерлер арқылы жүзеге асырылады, яғни, Бақылау кеңесінің міндетін де халықтың өзі атқарады. Сөйтіп, кірген ақша мен еселеп шығатын ақша қарқыны есептеліп, оның тұйыққа тірелмеу жағы мұқият қадағаланады. Бұл жүйеге сенбеген мықты қаржыгерлер мен  экономистер МММ-нің көрін 2011-нші жылдың ортасына қарай қазып қойса да, оған жерлейтіндей әзірге МММ өле қойған жоқ. Сөйтіп жүріп, Мавроди халыққа жақ екенін білдіріп, шабуылға көшкен Ресей билігіне «маған шүйліккенше, халықтың зейнетақысы жиналған қорларға абай болыңдар,соның саулығын ойлаңдар, сендер алдымен соған жауаптысыңдар ғой» деп ескертіп қояды.

Мавроди өз идеясы үшін берілгендігін және одан ләззат алатындығын, басын қандай қатерге тіксе де, бас тартпайтынынан білуге болады. Ол Мәскеуде өзі тапқан қыруар ақшаға салған виилада емес, шешесінен қалған пәтерде тұрып жатыр және ол үй әлі жекешелендірмеген, себебі, ол өз атына ештеңе меншіктей алмайды - тәркілеуге ұшырайтыны белгілі. Пантелейұлының қазақтарға деген ықыласы да ерекше, оған әлемге әйгілі жарнама жасаған да белгілі талантты қазақ кинорежиссеры Бақыт Қилыбаев болатын. Енді мыңдаған қазақтар өз қаржысын Мавродиға сеніп  тапсырып отырған сыңайы бар.

Мамыр айына сәйкес келген әкімшілік қыспақ, МММ-нің жаңа тынысын ашқан сықылды - әзірге жанталас сезілмейді. Жүйе қожайынының айтуынша, бұл қыспақ МММ-ді төзімге сынақ қана болды дейді. Десек те, Сергей Мавроди кім: халықтың жебеушісі болған Алдар көсе ме, әлде өз идеясымен әлек болған Дон Кихот па?! Ол жағын уақыт көрсетер. Белгілісі сол, әлем бойынша бірнеше миллиардты Мавротайқазан жинастырып үлгерді. Қалай болғанда да, Мавроди «империясы» бүгінде 35 миллион адамды біріктіріп отыр. Орташа түрде әр адамның салымын 500 доллар десек, 17,5 млрд шығады?!.. Жуырда бір жарым миллард адамы бар Үндістан жұрты да осы тайқазанға қарай ойысыпты...

«Абай-ақпарат»

0 пікір