Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3485 0 пікір 29 Мамыр, 2012 сағат 07:21

Болат Төлепбергенов. Қазақтың біртуар ұлы – Мұқтар Шаханов

Малдың емес, елдің қамын жеп жүрген азаматтар қазақта баршылық. Соның ішіндегі бірегейі, қазақтың біртуар ұлы -  Мұқтар Шаханов.

Біз Мұқтар ағаның (ғажап шығармашылығынан басқа) өзіміз байқаған екі қасиеті жөнінде айтқымыз келіп отыр. Ол:

бірінші - Азаматтығы,

екінші - ерекше Тазалығы.

Азаматтық ұғым қақында қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде - адамгершілік, кісілік, жігіттік деген екен. Біздің Мұқтар Шахановтың азаматтығын бас әріппен жазуымызға басты себеп болған түсіндірме сөздікте аталған қасиеттермен қоса, ол кісідегі саяси мәндегі азаматтық - ел үшін, жер үшін, болашақ үшін батыл айтып, жасап жүрген еңбектерін де ескергендігімізден.

Бірақ, қазақта «бұрыс батыл ой» айтатындар да жеткілікті. Олар өздері-өздерінің ұлылықтарына таң қалып, еліміздің үкіметі мен парламентінен бастап, қоғамымыздың барлық саласында өріп жүр.

Ал, Мұқтар Шаханов не дейді?

Мұқтар Шахановтың ылғи айтатын ұраны, өмірінің мәні мен мұраты - туған халқының тілі мен ділі.

Тіл мен Діл деген Шахановша не?

Экономиканың майын «езіп ішкенмін» дейтін біреулер экономикадағы Адам факторын төмендетіп, енді біреулері тіпті, оны мүлде көзге ілмей құрғақ экономикалық қағидаттар - макроэкономикалық тетіктерді басты орынға қояды.

Малдың емес, елдің қамын жеп жүрген азаматтар қазақта баршылық. Соның ішіндегі бірегейі, қазақтың біртуар ұлы -  Мұқтар Шаханов.

Біз Мұқтар ағаның (ғажап шығармашылығынан басқа) өзіміз байқаған екі қасиеті жөнінде айтқымыз келіп отыр. Ол:

бірінші - Азаматтығы,

екінші - ерекше Тазалығы.

Азаматтық ұғым қақында қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде - адамгершілік, кісілік, жігіттік деген екен. Біздің Мұқтар Шахановтың азаматтығын бас әріппен жазуымызға басты себеп болған түсіндірме сөздікте аталған қасиеттермен қоса, ол кісідегі саяси мәндегі азаматтық - ел үшін, жер үшін, болашақ үшін батыл айтып, жасап жүрген еңбектерін де ескергендігімізден.

Бірақ, қазақта «бұрыс батыл ой» айтатындар да жеткілікті. Олар өздері-өздерінің ұлылықтарына таң қалып, еліміздің үкіметі мен парламентінен бастап, қоғамымыздың барлық саласында өріп жүр.

Ал, Мұқтар Шаханов не дейді?

Мұқтар Шахановтың ылғи айтатын ұраны, өмірінің мәні мен мұраты - туған халқының тілі мен ділі.

Тіл мен Діл деген Шахановша не?

Экономиканың майын «езіп ішкенмін» дейтін біреулер экономикадағы Адам факторын төмендетіп, енді біреулері тіпті, оны мүлде көзге ілмей құрғақ экономикалық қағидаттар - макроэкономикалық тетіктерді басты орынға қояды.

Бірақ, ұлттық мемлекеттің ұлттық экономикасына қанша жерден макроэкономикалық, яғни мемлекеттік көмек пен бағыттау қажет болғанымен, неше жерден оған миллиардтаған инвестиция құйылғанымен, ол экономикада Адам ынтамен, шабытпен жұмыс істемесе бәрі зая кетеді. Осы күнге дейін Қазақстан экономикасын ақсатып тұрған - көре білгендерге (көре білмей жалаң ұрандатып жүргендерді Құдай кешірсін) осы жағдай екені ақиқат.

Демек, ұлттық экономиканы алға жетелеу үшін - сол экономиканың діңгегі болып отырған ұлтта алапат қуат болуы қажет. Мұндай алапат қуат екінші дүние жүзілік соғыстан кейін эконмикасы жермен жексен болған Жапон халқын әлемде екінші орынға алып шыққан. Одан кейін оңтүстік корей халқы да, дәл сондай жетістікке жетті.

Ал, ол алапат қуатты туғызатын сиқырлы күш халықтың бойына қайдан дариды  десек, Шахановша айтқанда сырттан емес, іштен, ұлттың өзінен шығады. Нақтырақ айтсақ, ол - ұлттың Тілі мен Ділінен асқақ та өршіл Рух болып дүниеге келеді де, ұлттың жанына айналады. Ұлттық рух болмаған жерде ұлттың жаны да, алапат қуаты да болмайды. Қуат болмаған жерде экономиканы меңгеріп, алға сүйрейтін күш қайдан болмақ? Ілгеріде айтылған ішкі, сыртқы инвестицияны игеру үшін де, қажет біліктілік пен жігердің бәрін жанитын - осы алапат ұлттық Рух пен одан туған Қуат.

Міне, Мұқтар Шахановтың көрегендігі. Мұқтар аға бұның бәрін экономика немесе саясаттану университеттерінде арнайы оқып, мамандықтарын игермесе де, Құдайдың берген табиғи таза дарынының арқасында танып-біліп жүрген - кемеңгер!

Ал, қазіргі Қазақстан экономикасындағы әлжуаз ұлттық рухтың орнын әзірше толтырып, қуаттандырып тұрған - бабаларымыздың мұраға тастап кеткен жерінің астынан шығып жатқан, дүниежүзілік бағасы жоғары қара алтынының арқасы екенін кім білмейді.

Мұқтар Шахановты достары түгілі қастарының өзі сыйлайды. Өйткені ол қаспен қастасуға, доспен достасуға тұра білетін - азамат. Кейде оны (қызғаныш немесе мүдде бөлектігінен) жақтырмайтын қастарының «ол батырлығын неге осы жерде көрсетпеді?» деп жататындарын естиміз. Осы сөздерінің өзінен олардың Мұқтар Шахановты мойындағанын байқаймыз. Өйткені, жаңағы адам өзінің қолынан келмегенді ең болмағанда Шахановтан көргісі келеді. Ал, дұшпанның мойындауы - оны өзінен жоғары қойғандық, яғни еркінен тыс сыйлағандық.

Ел арасында Шахановтың кейбір саяси мәмілешілдігін түсінбейтін түрлі көзқарастағы әсіре солшылдар мен тоңмойын саяси сауатсыздар да жетерлік. Олар «түпкі мақсаты үшін шайтанмен де уақытша достасу керек» дейтін саясаттың қарапайым қағидасын мүлде түсінбейтіндер болса керек.

Ал, Мұқтар Шахановтың ерекше Тазалығы жайына келер болсақ - ол кісінің ең алдымен ақшаға қызықпайтындығы. Қанша қызметте жүрсе де, ары мен қолының былғанбағандығы. Арал тағдыры жөнінде қоғамдық қор құрған кезде биліктегілер «ұсталған жерің осы шығар» деп қорға жиналған қаражатты құмарта тексергенде ештеңе таппай торықты. Бұдан басқа өзінің қанша қоғамдық кездесулері мен түрлі жиындарында ешкімге қол жаймай, өз ақшасын салатындығына да сан мәрте куә болдық. Мәселен, «Халық рухы»партиясын құру кезінде өзінің жүрегін емдеуге деп жинап жүрген он мың доллар ақшасын жұмсады. Сол жылдары (2007ж.) біздің мынандай бір қызықты оқиғаға куә болғанымыз бар. Бірде Астананың көшесінде, мәшине ішінде бір-екі жігіт бір шаруаның қамымен Мұқтар ағамызбен бірге келе жатыр едік. Ол кісінің  қалта телефоны шылдыр ете қалды. Алып еді, үйдегі жеңгеміз екен. Ағамыз жеңгемізді тыңдады да «Мен енді не істейін?» деп тұтқасын көңілсіз жапты. Ағамызды аяқ астынан көңілсіздік жайлағанына түсінбей мәшине ішіндегі жігіттер «не болып қалды?» деп хәл сұрадық. Мұқаң: «Жай, үйдегі жеңгелерің ғой, Айшөрек (атын Айтматов қойған) демалыс лагеріне барады екен соған елу мыңдай ақша керек екен, соны сұрайды, жоқ болса немді беремін?» демесі бар ма. Отырғандар ішімізден таңырқастық. Ол кісімен суретке бірге түсудің өзін дәреже көріп жүрген Алматыдағы кез келген байлардың біреуіне телефон соға салса, елу мың емес жүз мың апарып бере салмай ма үйіне. Міне - ақша мен ар алдындағы тәкаппар тазалық.

Шаханов сыйлық пен атақ-дәрежеден қашып жүретін адам. Ал, біздің қазақтың оқыған-тоқығандары мен жалпы қазақ интеллигенциясын құртқан бұл ауру Мұқаңа жұқпаған. Бұл қасиет шын мәнінде ең алдымен - өзінің тағы да жеңіл атаққа жоламайтын тазалығынан, екіншіден - өзінің асыл бағасын білетіндігінен.

Шаханов - ешкімге жарамсақтанбайтын адам. Оның барлық естеліктерінде, кітаптарында қазақ халқы бар болғаннан кейін ғана, сол ел еркелеткеннен кейін ғана: біреулері - еркелеп, біреулері - есіріп ел ағасы болып жүрген «қайраткерлердің», бірақ, солардың халықтың мұңын мұңдауға, жоғын жоқтауға келгенде «табылмай қалатынын» бетіне айтып та, жазып та жүрген - батыр адам!

Мұқтар Шаханов - өте сенгіш адам. Барлық «Жалынға» барған, сәлем берген қазақтың бәрін өзіндей көреді. Талай қазақ жер соқтырып алдап, тіпті, сатып та кетті. Сонда да көңілі - сол қазаққа сол баяғы.

Мұқтар Шаханов - өте қарапайым адам. Үлкен демей, кіші демей ұнатқан адамына жылы сөз айтқанды, қалжыңдасқанды жақсы көреді. Ондай бақытқа ие болған қазақ, көп ұзамай ақынның өлеңінің бейнесіне айналатыны жиі болып тұратын жағдай.

Шындықты сүймейтін, шындықтан қорқатын адамдар оны «жөнсіз шырылдағаннан басқаны білмейді» деп те сөгеді. Ондайларға түсіністікпен қараған дұрыс шығар. Өйткені олар алдын бір ғасыр бұрын ойлайтын ғажап сезімтал Шаханов емес қой.

Сөзімізді аяқтай келгенде, ұлы Азаматтық пен керемет Тазалық болған жерден саф алтындай шындық кеңістікке қанат қағуға талпынып тұратыны ақиқат. Ол кісінің шындықты айтуға әуестігі мүмкін, содан да шығар.

Мұқтар Шаханов туралы таңды таңға ұрып оның адамгершілігі, моральдық құндылықтары мен ақындығы туралы айта беруге болады. Бірақ, біздіңше ол кісі оны қажет етпейді, ұнатпайды да. Онсызда Мұқтар Шахановты бар қазақ біледі. Ол қазақ біреудің түсіндіруін қажет етпей-ақ,  шахановты өзінше түсінеді, өзінше қабылдайды.

Тіршілігінің өзінде-ақ, әр қазақтың санасынан орын алып, ой салған осы бір ашық та құпия адам биыл 70-ке келеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір