Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3347 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 12:57

76 түзеу мекемесінің 50-і апаттық жағдайда - ҚР Ішкі істер министрі

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда еліміздегі 76 түзеу мекемесінің 50-і апаттық жағдайда. Бұл туралы бүгін Үкіметте 2012-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы қылмыстық атқару жүйесін дамыту бағдарламасының жобасын таныстырған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

«Мәселен, Семей, Өскемен және Орал қалаларындағы түзеу мекемелері 18-19 ғасырларда салынған. 29 мекемеде күзет, инженерлік-техникалық құрал-жабдықтары толықтай немесе жартылай ауыстыруды қажет етеді»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта сотталғандардың әрбір бесіншісі диспансерлік есепте тұр. Мекемелердің медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы төменгі нормативтердің 20-60 пайызынан аспайды.

«Мекемелердің басым бөлігі тіпті қарапайым диагностикалық аппаратуралармен де қамтамасыз етілмеген. Бүгінде колонияларда шамамен 2000-ға жуық туберкулезге шалдыққандар және 1,6 мыңнан астам вич инфекциясын жұқтырғандар ұсталуда. Тек өткен жылдың өзінде ғана 730-дан астам сотталушы туберкулезге шалдықты», -деді Қ. Қасымов.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559