Сенбі, 19 Қазан 2019
Жаңалықтар 1391 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 12:54

Ұялы байланыстың құны мен қызмет көрсету сапасы ешқандай сын көтермейді - Мәжіліс депутаты С. Әйімбетов

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Әлі де  ұялы байланыстың құны  мен қызмет көрсету сапасы ешқандай сын көтермейді.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде ақпараттық коммуникация технологиялары саласын дамыту қорытындылары тақырыбында өткен Үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, телекоммуникация саласының дамуындағы нысаналы индикаторлар соңғы екі жылда тарифтер бағасының арзандауымен қатар  байланыс қызметін көрсетудің де өсіп келе  жатқанын көрсетеді. «Бұл ретте статистикалық деректерге  жүгінбей-ақ, біз  халықтың 100 пайызынан астамы ұялы байланыспен қамтылғанын  мақтанышпен айта аламыз. Әрине,  бұл зор жетістік.  Алайда,  әліде де ұялы байланыстың құны  мен қызмет көрсету сапасы ешқандай сын көтермейді. Мәселен, Халықаралық валюта қорының 2010 жылғы деректері бойынша ТМД елдері нарықтарында ұялы байланыстың бір минуттық құны  Қазақстанда  18,35 теңгені құраса, ол Қырғызстанда - 3,2,  Өзбекстанда - 4,47, Грузияда - 7,49, Украинада - 9,86 теңгені құраған. Бұл орайда, бізде осы қызмет бағасының өсіп келе жатқаны байқалады. Мәселен, 2010 жылы  бағаның орташа  өсімі 2008 жылмен салыстырғанда  7,6 пайызды құрады», - дейді депутат.

Бұл ретте Сейітсұлтан Әйімбетов  байланыс операторларының басқа желілерге қоңырау шалуға арналған «үстеме тарифтері» халыққа салмақ салып, олар абоненттің төлемін екі есе көбейтіп отырғанын алға тартады.

«Егер 2011 жылы «желі ішінде» қоңырау шалуға біз орташа 13 теңге  төлесек, «басқа желілерге» 28 теңге төлеп келдік.  Бұл, айырмашылық әрине бірден сезіледі. Біз, Қазақстанның барлық ұялы баланыс  операторларының 4 және одан да көп «сим-картасын» немесе ұялы телефонын бірдей пайдаланып жүрген абоненттерді әзірше білмейміз. Мүмкін олар бар да шығар. Бірақ мұндай мүмкіндік қарапайым адамдардың көпшілігінде бола бермейді. Статистикалық деректер қазақстандық операторлардың  табысының  жыл сайын өсіп  келе жатқанын көрсетеді.  2010 жылы мұндай табыс 261 млрд.  теңге болып, 2009 жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға өскен. Сондықтан,  барлық ұялы байланыс операторларының басқа желілерге  қоңырау шалуға арналған үстеме-тарифтерді алып тастайтын уақыты жетті деп ойлаймыз. Өйткені бұл оператор-компаниялар осы желілерді (инфрақұрылым, офис және т.б.) дамытуға салған өз күрделі  қаржысын баяғыда  өтеп алған», - дейді депутат.

0 пікір