Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3343 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 12:53

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары А.Айтқұловқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның ұрлаған 335,7 млн.теңгесі қайтарылды.

Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер бойынша Астанағы брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары А.Айтқұловқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Ол аса ірі мөлшерде 4 рет пара алған және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған деген айыппен қамауда отыр», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, Айтқұлов 2008 жылғы сәуірде, «Өзенмұнайгаз» ӨФ директорының бірінші орынбасары бола тұра, «ПМК» ЖШС-мен келісім-шартқа қол қоюға жәрдемдескені үшін «Өзенқұрылыс» ЖШС директорынан осы кәсіпорынның жарғылық капиталының 40 пайыз үлесі түрінде пара алып, оны өзінің әйелі - Жолдасоваға рәсімдеген деп айыпталуда.

Оған қоса, 2009 жылғы тамызда облыс әкімінің орынбасары бола тұра, «Өзенқұрылыс» ЖШС директорының бақылауындағы компанияларға жалпы қамқорлық жасағаны үшін одан Жаңаөзен қаласындағы «Керуен-Сарай» мейрамханасы мен жер учаскесін пара ретінде алған деп айыпталуда. Аталған мүлік Айтқұловтың қызының атына сыйға беру келісім-шарты бойынша рәсімделген.

«Бұдан басқа, Айтқұловқа 2010 жылғы шілдеде «Жарылқау» қоры және «Өзенқұрылыс» ЖШС арасында Жаңаөзен қаласында 200-пәтерлік тұрғын үйді салу жөніндегі келісім-шартқа қол қоюға жәрдемдескені үшін аталған кәсіпорын директорынан Ақтау қаласындағы Шығыс-1 шағын ауданындағы 3 жер учаскесі бар жеке тұрғын үйді қайтарымсыз салып беру түрінде пара алған деп айыпталуда. Аталған мүлік Айтқұловтың сенімді өкіліне рәсімделген», -дейді М. Жұманбай.

Айтқұлов 2010 жылы Маңғыстау облысының Құрылыс басқармасы және «Өзенқұрылыс» ЖШС арасында облыстың 5 елді мекенінде сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы бойынша 2 мемлекеттік сатып алу келісім-шартын жасауға көмектескені үшін «Өзенқұрылыс» ЖШС директорынан «ЖаңаөзенЖібекЖолы» ЖШС жарғылық капиталында 15 пайыз үлесі түрінде пара алған деп айыпталуда. Аталған үлес Айтқұловтың қызының атына сыйға беру келісім-шарты бойынша рәсімделген.

Ресми өкілдің атап өтуінше, сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу барысында, 40%-ы әйеліне тиесілі «Өзенқұрылыс» ЖШС-н жеңімпаз деп тану мақсатында өзінің қарамағындағы қызметкерлер арқылы аталған кәсіпорынға конкурстық құжаттардың бір бөлігін ауыстыруға мүмкіндік беріп, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының талаптарын өрескел бұзған.

«Қазіргі кезде айыпталушы мен оның қорғаушылары қылмыстық істің материалдарымен танысу үстінде», - деді ол.

0 пікір