Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3151 0 пікір 25 Мамыр, 2012 сағат 12:13

26 ЖАСТАҒЫ БАТЫР АНА БАСПАНАЛЫ БОЛСАМ ДЕП АРМАНДАЙДЫ

Өткен аптада халықаралық отбасы күніне орай Қызылорда қаласының әкімі Мархабат Жайымбетов қаладағы көп балалы 15 ананы алтын және күміс алқамен марапаттаған болатын. Оның арасында 26 жастағы көпбалалы ана Нәзира Сабырәлиева көптің назарын өзіне аударып, ризашылығына бөленді. Жеті баланы дүниеге әкеліп, өсіріп отырған батыр анаға қала әкімі күміс алқа табыс етті.

Жас та болса алтын құрсақты ана атанған Нәзира 1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келіпті. Өзі төрт ағайынды. Яғни 2 ұл, 2 қыз. Нәзира шаңырағының кенже де, ерке қызы екен. Талшыбықтай бұралып бойжеткен ол тағдырдың жазуымен қызылордалық Самат Аязбаймен танысып, тұрмыс құрады.

2000 жылдан бастап Қызылорда қаласында тұратын жас жанұяның алға қойған мақсаттары асқақ болатын. Нәзира білімін шыңдап, мамандығы бойынша өз ісінің білікті маманы болуды көздейді. Осы мақсатта облыс орталығындағы "Өркениет" педагогикалық колледжіне бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіпті. Әлі де жоғары білімін шыңдап жүрген ол биыл осы оқу орнында 2-курста оқуда.

Жолдасы Самат Аязбай отбасында бес ағайынды. Бүгінде жалдамалы көлігімен халықты тасымалдайды. Ағыл-тегіл табыс болмағанымен, күнкөріс қамын күйттеп отырған жайы бар. Батыр ана соған да шүкіршілік етеді.

Бақытты жанұядағы жеті бүлдіршіннің төртеуі қыз, үшеуі ұл бала. Оның ең үлкені 5-сыныпта оқыса, кенжесі бес айлық. Балапандарына тәлімді тәрбие беріп отырған жас ерлі-зайыптылар ешбірінің қатарынан кем болмағанын қалайды. Тағдырдың сыйына бөленіп, осындай бақытқа кенелген  жас ана өзін бақытты жанмын деп санайды.

Самат пен Нәзира анасымен бір шаңырақта тұрады. Анасы көп жылдар бойы ауруханада психолог болып қызмет жасаған. Бүгінде зейнет жасында.  Өмірлік серігі бақилық болған қарт әже ұлы Саматтан жеті немере сүюді нәсіп еткен тәңірге шүкіршілік етеді. Келіні сабағына, баласы жұмысына кеткенде жеті немересіне бас-көз болып, әжелік тәрбиесіне баулып отырады.

- Құдайға шүкір, Самат ұлымнан жеті немере сүйгеніме өзімді бақытты санаймын, - дейді бізбен әңгімесінде қарт әже толқынысын жасыра алмай. - Ұлым мен келінім бір-біріне адал, мейірімді. Күнкөрісіміз де жаман емес. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, тұрмыс кешіп жатқан жайымыз бар. Басты арманым, ұлым мен келінім балапандарының қызығына бөленіп, тұрмыста таршылық көрмесін.

2014 жылы оқуын тәмамдайтын Нәзираның алға қойған мақсаты асқақ.  Одан ары қарай өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуды көздейді. Білімді шәкірт тәрбиелеп, ұлағатты ұстаз болсам дейді.

Бақытты жанұяның көп жылдан бері көксеген арманы да жоқ емес. Осы жайында: "Алдағы уақытта мемлекеттен қандай қолдау күтесіздер?" - деген сауалымызға: "Жеке үйіміз болғанын армандаймыз" - деп жауап берді.

Қарт анасы мен жеті сәбиін бағып-қағып отырған ерлі-зайыптылардың басында баспанасы болмай, қиындық көріп келеді екен. Бүгінде төрт бөлмелі жер тамда уақытша тұрып жатса керек. Шиеттей баланы ертіп, көшіп-қонып жүрудің қандай қиын екенін айтып мұңаяды көпбалалы ана.

- Қазіргі үйіміз жолдасымның нағашыларының, яғни қайынағамның үйі. Балаларымыздың алды бесінші сыныпта оқитындықтан, басыбайлы өз пәтеріміз болса деп армандаймыз. Өткен аптада ғана қала әкімінің қабылдауында болғанымда кiшi баламыз 1 жасқа толғанда алтын алқа тағатынын жеткізді. Ендігі кезекте мемлекет тарапынан бір үй берілсе екен, - деп Нәзира мемлекеттен үміт күтетінін жасырмады.

Жеті бала өрбітіп, еліміздің демографиялық ахуалын арттыруға жас та болса үлес қоса білген Нәзира мен Самат өздерінің бұл арманының алдағы уақытта шындыққа айналарына үмітпен қарайды. Ең бастысы сәбилерін ел қатарлы азамат қылып өсіруді көздейді.

"Береке мен бірліктің шапағы төгілген шаңырақта әрдайым сәбидің шат күлкісі үзілмесін" - деп айрандай ұйыған отбасыға біз де игі тілегімізді арнадық.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ

Қызылорда

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565