Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2353 0 пікір 7 Мамыр, 2012 сағат 06:51

Нұрғали Жүсіпбай. Үзілу

1771 жыл.

...қалың Қазақ Түркістанда Абылайды Хан көтерді.

***

Өткір көзі, ойлы көзі жиналған үш жүздің игі жақсылары мен жайсандарына сеніммен қарап тұр. Үмітпен де. Бастаған мүбәрәк ғазауатын батыр-нояндар да, халық та қоштар деп.

Көкжал рухы көзі көріп, сөзі өтіп тұрған халықтың қалың нөпірінен де  қат-қабат басым жиналған шейіттердің рухын да сезініп тұр. Шейіттер өлмек емес, тірілердің жорығынан да қалмақ емес.

Түгел кеудесін жаңғыртып тұрған нар қобыздың күңіренген сарыны еш басылар емес. Ғажабы сол, өзінен басқаға естілмейді, сезілмейді. Жоқ, әлде бұл, шейіттер рухының үні ме? Қайтпаған кектің, ызаның зары ма? Ғазауаттың тылсым күші ме? Әлде... әлде, осылардың барлығының жүрегіндегі жаңғырығы ма?

Түркістанға жиылған екі дүниенің қазақтары ханнан да,  тәбәрік қанталапайынан да үмітті.

Тым ауыр үміт, тым ауыр салмақ, ауыр жүк.

Мұны ақ киіздің астындағылар да сезініп тұр.

Өз басын өзі ауырсына бұрып,  тағы да Ясауи бабасына қарады. Кесене де тұр күңіреніп өзіндей. Үмітпенен телміріп тұр биіктен.

Бұл да үмітті. Ғазауатта шейіт болса, осында жерленбекке. Жерленген соң, өзінен кейінгі Қазақ хандарының тегіс барлығының да осы жерден хан көтерілеріне. Ғазауатты үзілген жерден қайта жалғарына.

Қобыз сарыны өзіне ғана сезіледі...  Кеудесін түгел жаңғыртып.

Қазіргі кез.

Баба рухы ақ киізбен көтерілген сәтінде де дәл осылай тебіренді ме?

Үміттенді ме дәл осылай күңіреніп?

Әрине, қолымызда дәл мұндай дерек жоқ.

Бірақ.

Бірақ, Ясауи бабаның кесенесінде жатқан жиырма бір ханның (хандарды қосқанда, жүз елу тоғыз баба сүйегі осында қойылған. Олар: датқалар, батырлар, билер, нақыптар, абыздар, сұлтандар т.б. ) сүйектері мен құлыптастары осындай ойға жетелейді.  Әруақтардың үніндей: Ғазауат мүбәрәк-дүр!

Күңіренген қобыз сарыны әлі естіледі көкірек тұстан жаңырып...

***

1841 жыл.

Қалың қазақ, ата жолымен, Кенені Хан көтерді.

Құдды хан атасындай телмірген ойлы көзінен рухының тебіренісі сезіледі: «Ғазиз жұртым, қалың елім, жолыңда басым құрбан»!

Мүбәрәк ғазауат - жолбарыстай қайратты Хандар жолы. Қанды жол. Ауыр жол.

Тым ауыр салмақ. Бұл жолы сары кәуір, қалмақтан да ауыр болмақ. Көкжал баба алған беттен, хандар жолынан қайтпақ емес. Өліспек бар да, беріспек жоқ.

Ғажап. Тылсымды сарын жүрек тұсынан сезіледі, қым-құпия. Өзіне ғана...

***

Қазіргі кез.

Әрине, нақ осы сәтте, баба рухы дәл осылай толғанды деген дерек және жоқ.

Бірақ...

Бірақ, шабылған Баспен бірге үзіліп қалған ғазауат, 1847 жылдан бері кәуірден қайтпаған кек пен ызаның зары мен салдары осындай ойға жетелейді. Әруақтың үніндей. Қобыздың сарынымен үндескен жоқтаудай.

Кәуір орыс айыр қалпақты ағайынның қолымен, өз бауырымның сатқындығымен Хан Кенемнің басын алды.

Бірақ жанын емес. Рухын емес. Өйткені, ғазауат бітпек емес.

Соңғы хан, бүтіндей боп, бабаларының қасына жатпаққа үмітті әлі де. Алдыңғы баба хандардың жолын жалғаған соң, кейінгі Хан-Сұлтанның қоштарынан да үмітті.

Әрине, кегі қайтпаған Соңғы Ханның әруағы дәл осылай тебіренгенін естіген құлақ, тағы да жоқ.

Бірақ.

Бірақ, ғазауат рухы кәміл інсәнға осы үмітті сездірді де тұрады. Көкірек тұстан. Әруақтың үніндей. Қобыздың  сарынындай.

***

Президенттік инаугурация сәті. Қазіргі кез.

Хан-Сұлтанның жүзінен тәкаппар қуаныш есіп тұр. Басымарақ сезіліп тұрғаны осы. (Адамизаттың кәмілдене бастаған жәміл өкілінің бірі, кейіннен, осы сезіліп тұрғанды «энергетикаңыз» деп мойындамақ)

Осы-ақ.

***

Түркістан хандар тұғыры. Хандар - көкжал рухтың тәуелсіздігі.

Жиырма бес жыл бұрынғы Желтоқсан Көтерілісі, көкжал рухтың өз Ханын қайта іздеген тулауы. Қанның құдіреті. Ғазауаттың түрлене тірілуі.

Олай болса, «жирыма(-ақ) жылдан бері тәуелсізбіз» дегенді ресми түрде қою керек. Ой қапасын жою керек. Күн өткен сайын шіре қысып барады сор маңдайды.

Бізді қойшы, біз, өзіміз айтқан өтірікке өзіміз маспыз. Ет үйренген. Бет қалыңдаған. Қан шықпас.

Басқаны да қоя сал. Оларға да осы өтірік керек. Тәтті өтірік, сәтті өтірік. Бітті.

Бірақ, осы өтірікті мойындау Тоныкөк пен Білге Қағаннан бастау алған, Керей мен Жәнібекпен жалғасқан, Хан Кенеде жаңғырған ұлы рухты, қандағы құдіретті,  яғни, тарихты мойындамау секілді. Көкжал рухымыздан тым ұят.

Абзалы, ресми түрде: «Қазақ елінің қайта жаңғырған тәуелсіздігі» деп бекіткеніміз дұрыс болар.

Шындық та шейіт болып кеткендей. «Екі дүние есігі болған Түркістан» ұғымы да. Бірақ, ғази кесене қасқайып әлі тұр. Ғазиз босағасында үзілмей оқылатын Құран қобыздың сарынындай естіледі. Кеудені жаңғыртып. Жүректі де.

***

Не істемек керек? Тылсымды қобыз зары Ақ Ордаға неге жетпейді деп күйзелесің. Қателескің келеді... Екі дүниедегі Хан-Сұлтандардың арасында мызғымас байланыс болса деп, тағы да сол қобыздың сарынымен шайқалып, күңіренесің.

Күңіренесің де, «Күлдір күлдір кісінетіп күреңді мінер ме екенбіз» деп, және үміттенесің.

Бірақ, көкжал ойдың таланып жатқанын тағы көріп, баяғыға мойын бұрып, телміресің үзіліп.

Үзелесің де, «кеш» дейсің хандар рухына, хан рухына.

Кеш!

Кеше алсаң, кеш бізді, соңғы Хан!

Дәл қазір, ғазауаттың үзілген шағы.

Ұшқыр ойдың күзелген шағы.

Өткір тілдің кесілген шағы.

Кеуденің құр қаңқасы қалып, кең жауырдың мүжілген шағы.

Көк дулығаның тесілген шағы.

Бөрінің таланған шағы.

Бітті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір