Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2407 0 пікір 7 Мамыр, 2012 сағат 06:09

«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: СОТТАЛУШЫЛАР АЛДЫН-АЛА «ҚЫЛМЫСТЫ» БОЛЫП МОЙЫНДАЛҒАН!

Ақтауда жүріп жатқан сот процесінің 4-мамырда өткен 27-ші отырысында, Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, кеше басталған бейнематериалдарды қарау жалғасқан.

Отырыс басында алвокат Бисекешев жәбірленуші Бекешеваның өз талаптарынан бас тартқандығы туралы мәлімдемесін іске қосу жөнінде талап-тілек жасаған.

Одан соң судья Нағашыбаев Аралбай бейнематериалдарды қарауға нұсқау берген. Алғашқы қаралған файлда 12 жәбірленуші полицей алаңда және оған жапсарлас көшелерде көрсетулер берген, бірақ желдің гуіліне, өтіп жатқан көліктің және сол жердегі жөндеу жұмыстарының дүрсіліне байланысты жазбаның дыбыс сапасы нашар болған. Полицейлер іс материалдарында айтылғанды қайталаған.

Келесі файлда ақтаулық тергеуші Ысмаиловпен қатар алматылық және ақмолалық тергеушілер де сұрақтар қойған. Соның ішінде жәбірленуші полицей мен қосымша тергеуші арасында мынадай диалог болған:

Полицей Қоңыров: Менде табельді қару - пистолет болды, бірақ мен аспанға аттым (саусақтарын пистолет тәрізді етіп, жоғары қарай «атып» көрсеткен), ескертіп аттым. Адамдарға мен атқан жоқпын.

Тергеуші: Тағы біреулер атты ма?

Қоңыров: Назар аудармадым.

Тергеуші: «Назар аудармадым» деген қай мағынада? Көрдіңіз бе, жоқ па?

Қоңыров: Көрген жоқпын.

Ақтауда жүріп жатқан сот процесінің 4-мамырда өткен 27-ші отырысында, Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, кеше басталған бейнематериалдарды қарау жалғасқан.

Отырыс басында алвокат Бисекешев жәбірленуші Бекешеваның өз талаптарынан бас тартқандығы туралы мәлімдемесін іске қосу жөнінде талап-тілек жасаған.

Одан соң судья Нағашыбаев Аралбай бейнематериалдарды қарауға нұсқау берген. Алғашқы қаралған файлда 12 жәбірленуші полицей алаңда және оған жапсарлас көшелерде көрсетулер берген, бірақ желдің гуіліне, өтіп жатқан көліктің және сол жердегі жөндеу жұмыстарының дүрсіліне байланысты жазбаның дыбыс сапасы нашар болған. Полицейлер іс материалдарында айтылғанды қайталаған.

Келесі файлда ақтаулық тергеуші Ысмаиловпен қатар алматылық және ақмолалық тергеушілер де сұрақтар қойған. Соның ішінде жәбірленуші полицей мен қосымша тергеуші арасында мынадай диалог болған:

Полицей Қоңыров: Менде табельді қару - пистолет болды, бірақ мен аспанға аттым (саусақтарын пистолет тәрізді етіп, жоғары қарай «атып» көрсеткен), ескертіп аттым. Адамдарға мен атқан жоқпын.

Тергеуші: Тағы біреулер атты ма?

Қоңыров: Назар аудармадым.

Тергеуші: «Назар аудармадым» деген қай мағынада? Көрдіңіз бе, жоқ па?

Қоңыров: Көрген жоқпын.

Тергеуші: Міне, солай деңіз.

Бүгін тағы да, кешегідей, бейнежазбаларды прокуратура қызметкері көрсеткен, ол әлсін-әлсін көрсетуді жылдамдатып отырған, ал соңғы екі полицейді сұрау кезінде тергеу әрекеттері бойынша хаттамаға қол қою сәтін көрсетпей тастаған.

Одан әрі бірінші рет бейнебақылау мен бейнетүсіруге бейімделген арнайы көлік бортынан жасалған жазбалар көрсетілген. Мұндай аппарат (КамАЗ-дың шассиінде) алғашқы екі апта бойы осы сот процесі өтіп жатқан ғимарат жанында да тұрған. Әдетте бұл - жүк мәшинасы негізіндегі контейнер, оның үстіне айналып тұратын және жоғары сапамен түсіретін бейнекамера орнатылған. Шамасы, мұндай жабдық тәулік бойы автоматты режимде жұмыс істеуге қабілетті болса керек, өйткені алаңды түнде, күндіз және таңертең түсірген жазбалар көрсетілген. Оның ішінде тіпті алаңға азық-түлік алып келген жүк мәшиналар да түсіп қалған. Бірақ бәрі дыбыссыз. Жазбалардың сипатына қарағанда, 2011 жылдың 14-ші және 15-ші желтоқсан күндері түсіріле бастаған болса керек, экранның бұрышында күні мен сағаты жазылған, алайда ұсақ әріп-цифрлармен. Бейнекамераның жылжуына орай экранда ағылшынша W және NW әріптері, яғни, Батыс, Солтүстік-Бастыс белгілері көрінген, демек, арнайы көлік навигациялық құралдармен жабдықталуы ғажап емес.

Әрине, осылайша тек алаңды ғана емес, оның айналасын да ауқымды көлемде түсірген бұл бейнежазбаларды мұқияттау зерттеген дұрыс болар еді, бірақ бүгін тек үзіктер ғана көрсетілген.

Бейнематериалдарды қарау түскі үзілістен кейін де жалғасқан, алайда судья оның барысында ешқандай түсініктеме бермеген, сондықтан көп нәрсе түсініксіз болып қалған.

Мәселен, автомәшинадан жасалған түсіруді көрсеткен, бірақ кім түсіргені және кімді түсіргені белгісіз күйде қалған. Мұның тек ереуілдегі мұнайшыларды бақылау екендігін, жасыл жапырақ пен адамдардың жеңіл киіммен жүргендігіне қарап, былтырғы көктем немесе жаз кезінде түсірілгендігін болжау мүмкіндігі ғана болған.

Біреудің мәшинасындағы тінту, одан соң - жәбірленуші полицей Атабай мен сотталушы Жарылғасыновтың беттесуі көрсетілген. Неге екенін, бос орындық болса да, соңғысы аяғынан тік тұрған, ал тергеушілер отырған. Және бір «қызығы», құқықбұзушылық (бейнетүсіруді тоқтатуды талап еткен Жарылқасынов Атабайды арқасынан қаусыра ұстаған) кеше, беттесу бүгін көрсетілген.

Әлдебір дүкеннің бейнебақылау камерасы түсірген кадрлар көрсетілген, бірақ онда ешқандай тонаушылар көрінбеген.

Бейнежазбалы бірнеше дискіні ақыры аша алмаған.

Бейнематериалдардан кейін судья қылмыстық іске тігілген құжаттармен, мәселен, ереуілшілердің үйлерінде жүрген тінтулер кезінде алынған хаттармен, визиткалармен, ұшаққа отыру талондарымен және т.б. таныстырған.

Судьяның сотталушы мұнайшылардың алаң бойымен қозғалыстарын көрсететін сызбалар (схемалар) бар екендігін хабарлауы күтпеген жағдай болған. Сөйтсе, олар телекоммуникациялық компаниялардан алған мәліметтер негізінде жасалыпты. Шын мәнінде ол сызбаларда ұялы телефондардың жылжуы көрсетілген. Судья мүдделі адвокаттарға сызбалармен танысуды ұсынған. Сотталушы А.Дүйсенбаева ол сызбалардан өзінің марқұм әкесінің қозғалыстарын көргісі келетіндігін айтқан.

Одан әрі судья қылмыстық іс материалдарын жариялауға кірісуді ұсынып, екі сағат шамасында 19 томның материалдары «жарияланған». Әр томның мазмұнын қысқаша шолудан соң судья тараптардың пікірлерін сұрап отырған. Адвокаттар сирек сөйлеген, бірақ олардың ескертпелері мен сұрақтары тағы да тергеу кезінде жіберілген процедуралық ауытқулар мен қателерді әшкерелеп отырған.

Адвокат Сәрсембина: Құрметті судья, 1-томның 1-бетіне (!) біреу автоқаламмен түзету енгізген.

Судья қарап, мойындаған: Ия, түзету енгізілген, мөрмен расталған ешқандай тиісті жазба («түзетуге сену» жөнінде) жоқ.

Сәрсембина: 8-томның 116-бетінен сотталушы Жарылғасыновқа әріптестерінің берген мінездемесін оқыңызшы.

Судья (парақтарды әрі-бері аударыстырып): Мұнда жоқ, мүмкін, басқа томда шығар...

Адвокат Сансызбайұлы: Құрметті судья, 13-томнан сотталушылар Непес пен Қосбармақовты тану хаттамаларын қараңызшы.

Судья: Мұнда ондай хаттамалар жоқ.

Сәрсембина: Сотталушы Ақжігітов бойынша фотокестелер қандай да бір құжаттармен реттелген бе?

Судья: Жоқ, ешқандай процессуалдық құжаттар жоқ мұнда.

Сәрсембина: Ал Бесмағамбетовтың фотокестелері бойынша процессуалдық құжаттар бар ма?

Судья: Жоқ.

Сәрсембина: Ысқақов бойынша ше?

Судья: Жоқ.

Сәрсембина: 15-томның 210-211-беттерінде Бесмағамбетов берген түсініктеме бар, ол Жаңаөзен коменданты Қабыловтың атына жазылған, ал сұрау жүргізген кім?

Судья: Ия, түсініктеме бар, бірақ сұрауды кім жүргізгендігі белгісіз, мұнда жазылмаған.

Сәрсембина: Ал түсініктеме жазуының қолы мен аяғында қойылған қол ұқсас па?

Судья: Мұнда: «Менің сөзімнен дұрыс жазылған» деген және қол қойылған.

«Жарияланған» 19 томда куәлардың жауаптары туралы ақпарат, ереуілшілердің телефон әңгімелерін тыңдау мәтіндері, тергеушілердің қаулылары, сотталушылар туыстарының хаттары мен үндеулері, сотталушыларға жұмыс, оқу орнынан берілген мінездемелер, фотокестелер, бұрын сотталғандығы-сотталмағандығы туралы анықтамалар, медициналық құжаттар, сарапшылардың қорытындылары, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлер берген анықтамалар, сотталушылардың үйлерінде жүрген тінтулердің хаттамалары, заттай дәлелдерді алу хаттамалары және тағы басқа көптеген материалдар жинақталған.

Судьяның алты сотталушыға қатысты сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындылары мәтіндерін оқуы кезінде мынадай сөз тіркестері өзіне назар аударған: «Қылмыс жасаған кезде ешқандай психикалық сырқаттармен ауырмаған, күштеп емдеуді қажет етпейді. Қылмыс жасаған кезде өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғам үшін қауіптілігін түсінген және оларды басқара алған. Қылмыс жасаған сәтте оның ақыл-есі дұрыс болған және ол тергеу мен сот процестерінде жауап бере алатын болған» (сөздерді бөлектеген біз. - Ж.Қ.).

Яғни, сот әлі аяқталмағандықтан, сотталушыларды бұлайша алдын-ала «қылмысты» етіп шығарған мұндай құжаттардың кінәсіздік презумпциясын өрескел бұзатындығы - айдай анық ақиқат!

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 04-мамыры

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590