Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2960 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 10:44

Мақсат БАЗАРБАЕВ: БІЗДІҢ БИЗНЕС – ШОУ, ТОЙ-БИЗНЕС

- Сізге ұнайтын қазақтың мақалы?

- «Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі» деген мақал жүрегіме жылы естіледі.

- Намаз оқисыз ба?

- Әзірге оқымаймын.

- Екі әйел алуға қалай қарайсыз?

- Шәриғатта жазылды  екен деп қос-қостан әйел ала бергенді өз басым қаламаймын. Миды ашытқанша, бір әйелмен-ақ жүре берген дұрыс қой (күліп).

- Кино түсіру немесе киноға түсу ойда бар ма?

- Түсіру емес, киноға түсу ойымда бар. Егер ұсыныс болып жатса бас тартпас едім. Өзіме комедия жанрындағы кинолар ұнайды.

- Спортпен шұғылданасыз ба?

- Кезінде күреспен де, бокспен де айналыстым. Бірақ кәсіпқой түрінде болмағандықтан бұл салада жетістіктерім бар деп мақтана алмаймын.

- Кеңес үкіметі кезінде «партия қатарында барсың ба?» деп сұраушы еді, еліміздегі  қай партияны қолдайсыз?

- Ешқандай партияға кіргенім жоқ.

- Депутат немесе министр болуды армандайсыз ба?

- Өнер мен саясатты шатастырғым келмейді. Өнерде жүріп бір күнде шенеунік болып кету мен үшін  миға сыймайтын дүние.

- Ас әзірлей аласыз ба?

- Астың қандай түрі керек, бәрін әзірлеймін.

- Әйел адамдардың билікте келуіне  қалай қарайсыз?

- Бәрі болмаса да, әйелдер билікте отыруы керек.

- Маңызды шешім қабылдар кезде әйеліңізбен жиі санасасыз ба?

- Көбіне шешімді өзім қабылдаймын. Әрине, отбасына қатысты  мәселелерді әйеліммен отырып шешемін.

- Әріптестеріңізден кімдермен жақсы араласасыз?

- «НұрМұқасан» тобымен кәдімгі бауырлар есебінде араласамын. Ал әріптестердің арасында сыйласып жүргендер  өте көп. Оның бәрін тізбелеп шығу мүмкін емес. Рухани аға, іні болып кеткендер жетерлік. Ән айтуды бірге бастаған Мейрамбек, Сәкендермен араласымыз үзілмейді.

- Әзілге бейім екеніңізді білеміз. Бір әзіл айтып бере аласыз ба?

- Әзіл әңгімелерді керемет айтпасам да, отырған жерде жұртты күлдіріп алатын әдетім бар. Қазір нақты ойыма түспей тұр.

- Бизнесіңіз бар ма?

- Нақты бизнес жоқ, біздікі сол шоу-бизнес, той-бизнес қой.

- Әйеліңіз көлік жүргізе ме?

- Жоқ жүргізбейді.

- Бүгінгі қазақтың болмысы қандай болуы керек?

-  «Бүгінгі қазақ мынандай болсын» деген қатып қалған заң жоқ. Әр қазақ осы заманға сай  талғаммен  киініп,  өмір сүруі  керек. Ескіше киініп, ескілікті ұмытпай  жүру міндет емес. Сосын бүгінгі  қазақ таза қазақша сөйлеп, әдет, салт-дәстүрін ұстанып жүруі тиіс.

Сұхбаттасқан - Н.ТАЙБЕК

"Халық сөзі" газеті

0 пікір