Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2950 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 10:01

Алматыда «Абай әлемі» аталатын республикалық студенттік өнер фестивалі өтті

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат -  Алматыда өткен  «Абай әлемі» деп аталатын  республикалық студенттік өнер фестивалінде семейліктер Абай өлеңдері мен Абайдың қара сөздері байқауларының Бас жүлделерін иеленді.

Өнер бәсекесін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырды.

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат -  Алматыда өткен  «Абай әлемі» деп аталатын  республикалық студенттік өнер фестивалінде семейліктер Абай өлеңдері мен Абайдың қара сөздері байқауларының Бас жүлделерін иеленді.

Өнер бәсекесін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырды.

«Мақсат - ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау, студент-жастарды  тағылымы терең тарих сабақтары  мен ұлттық құндылықтарды  дәріптеуге бағытталған мәдени іс-шаралар арқылы тәрбиелеу. Оған Қазақстандағы  барлық жоғары  оқу орындарының өнерпаз студенттері шақырылды. Бірнеше күнге созылған фестивальде Абайдың кара сөздері  байкауының Бас жүлдесін  Семей мемлекеттік институтынын студенті Бауыржан Игіліков жеңіп алды. 1-3 орынды  Санжар Асфендияров атындағы   Қазақ ұлттық медицина  унивиерситетінен   Нұрсұлтан Серіков, Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен Сұңғат Әлібаев, Тараз педагогикалық университетінен  Жұмаш Есенәлі өзара бөлісті», - дейді ҚазҰПУ-дің баспа орталығының жетекші маманы Әлия Асмағұлова. Оның айтуынша, семейлік студенттер Абай өлеңдері байқауында да Бас жүлдені иеленді.  Оған    Семей педагогикалық институтынан   Арман Шеризат қол жеткізді. Ал Ақтөбе педагогикалық университетінен Тоғжан Жоланова бірінші,  Абай атындағы ҚазҰПУ-дан   Индира Бектеген екінші, Қожа Ахмет Яссауи атындағы  халықаралық Қазақ-түрік университетінен   Гүлжайна  Жүсіпова үшінші орынды еншіледі. Онда Абай әндері байқауында Бас жүлдені  Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік  университетінің студенті  Айдын Абдиюсупов  жеңіп алды.  Бірінші  орынға Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері Мырзағали Берденов, Ержан Қонысбеков, Нұржан Жұмабаев, Серібол Башаранұлы, екінші орынды  Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен   Ердос Жандарұлы, үшінші орынды  П.Чайковский  атындағы Алматы  музыкалық колледжінен   Жұлдыз Ысқақаов еншіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2246
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3495