Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2660 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 10:00

Қаржы полициясының 3194 қызметкері жалпы аттестаттаудан өтеді

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Аттестаттаудан өтпеген қаржы полициясы қайтадан құқық қорғау органдарына жұмысқа қабылданбайды.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Ресим өкілдің айтуына қарағанда, жоғары аттестаттау комиссиясында сынақтан өтетін қаржы полициясы қызметкерлерін заңнаманы білуін тексеруге арналған тестілеу ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте 5 нормативтік құқықтық акті бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда қаржы полициясы ҚР Конституциясын, ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қаржы полициясы органдары туралы» Заңдарын және Мемлекет басшысының 2005 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-ождан кодексі туралы» Жарлығын егжей-тегжейлі біліулері қажет.

«Сонымен бірге қызметкерлер логикалық ойлау қабілетін тексеретін тест тапсыратын болады. Аталған қызметкерлердің дене шынықтыру, әскери және қызметтік дайындық нормативтерін тапсыруы «Алатау» спорт кешенінде өткізіледі», - деді ол.

Сонымен қатар М.Жұманбайдың айтуынша, қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын тексеретін сұхбаттасу «Астана» медициналық университетінде Денсаулық сақтау министрлігінің мамандарымен жүргізілмек.

0 пікір