Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3837 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 09:42

АЛТАЙДЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы наурыз айының басында «Шығыс Қазақстанның жеті кереметі» облыстық байқауын жариялаған болатын.

Байқау негізінен өңірдің тарихи және мәдени мұраларының сақталуы мен дамуы мақсатында өткізілген.

Байқауда жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, мәдени-рухани құндылықтарды қалыптастыру, облыс аумағындағы мәдени және табиғи орындарды, тарихи маңызы бар жерлерді сақтау және қалыпқа келтіруге көңіл бөлу, сонымен қоса, аймақта туризмді дамытуға байланысты инвестицияларды тарту.

Шығыс Қазақстанның мәдени ахуалын Халықаралық және Республикалық деңгейде көтеру.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1. Таң ғажайып табиғи нысаны;

2. Мәдени немесе тарихи нысаны;

3. Бірегей дәстүр, оқиға;

4. Өнер шығармашылықтары

5. Рухани мұра нысаны;

6. Жаңашыл идея

Аталмыш шараға 3000 -нан астам ұсыныстар келіп түскен. Соның ішінен әділ қазылар ең мазмұнды, ең тартымды деген жаңа идеялармен ұсыныстарды іріктеп алды.

Байқаудың қорытындысында «Таңғажайып табиғи нысан» номинациясы бойынша  «Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі» туралы ұтымды, алғыр ойымен Катонқарағайлық орманшы Берікбол Қасеновтың жұмысы үздік деп танылды, ал «Мәдени немесе тарихи нысан»  номинациясы бойынша «Ақбауыр» астрономиялық кешені туралы ұтымды ұсыныс берген Өскемендік Иван Александрович Дремов жеңімпаз атанды.  «Бірегей дәстүр, оқиға» номинациясы бойынша  «Семей Ядролық Полигонының жабылуы» туралы ұтымды ұсыныс берген қандасымыз, журналист Мұратхан Кенжехан жүлделі орынды еншіледі. «Өнер шығармашылықтары (әдебиет)» номинациясы бойынша «М. Әуезовтың «Абай жолы» романы» туралы Өскемендік Татьяна Балакинаға жүлделі сыйлық берілді.  «Рухани мұра нысаны» номинациясы бойынша «Абайдың Жидебай-Бөрілі мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» туралы қала тұрғыны Есет Тұрсынбекұлы Лазимқановтың еңбегі үздік деп танылып, оғанда арнайы сылыйқ тапсырылды.  «Жаңашыл идея» номинациясы бойынша «Этноауыл» жайлы жазылған Өскемендік полиция саласының қызметкері Лариса Поломошноваға,  «Тарихи тұлға» номинациясы бойынша «Абай Құнанбаев» туралы ұтымды ұсыныс берген қала тұрғыны Балауса Зайсанбаеваға арнайы марапаттар жасалды.

Бірлік пен ынтымақ мерекесі қарсаңында өткізілген салтанатты жиында жеңімпаздарға арнайы сыйлықты облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев табыс етіп, олардың шығармашылық жұмысына алдағы уақыттарда табыс тіледі. Бұл байқау облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омардың бастамасымен өтіп, көпшілік қолдауына ие болды. Мұндай игілікті шаралар болашақтада кенді Алтайда жалғасын таба бермек.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=574:-l-r&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616