Сәрсенбі, 13 Қараша 2019
Жаңалықтар 1818 0 пікір 2 Мамыр, 2012 сағат 09:25

Тұрсынбек Әлиұлы. Ертісті Арқаға калай әкелуге болады?

Қазақтың жері қаншама кең болғанымен онда өзен-көлдердің аз екені белгілі. Шындығын айтқанда, жеріміздің жартысынан астамы шөл және шөлейт жерлерге жатады. Шығысында Ертіс, солтүстігінде Есіл мен Нұра, Тобыл, батысында Жайық, оңтүстігінде Сырдария мен Шу, Іледен басқа айта қаларлықтай өзен жоқ. Осы орайда тектен-текке солтүстік мұзды мұхитына ағып кетіп жатқан Алтай тауларының суын неге Арқаға әкелмейміз деген ой келеді. Ертісті Нұраға дейін жеткізсе, Қорғалжындағы Теңіз көліміз шын теңізге айналар еді-ау деп армандайсың. Толқыны таудай болып жатар еді-ау сонда Теңіздің!!!

Ертістің жалпы ұзындығы - 4248 шақырым. Қытайдағы ұзындығы 525 шақырым, Қазақстанда 1700 шақырымға жетеді, Ресейдегі ұзындығы - 2010 шақырым. Бассейннің аумағы - 1643 мың шаршы шақырым. Ертіс өзі Обь өзенінен ұзын болса да оның бір сағасы ғана болып есептеледі. Бұндағы ғалымдардың негізгі сүйенетіні Обьтың суының Ертістікінен молдығы. Сондықтан Ертіс дүниежүзіндегі ең ұзын өзен-саға болып саналады. Екінші орында - Америкадағы Миссури. Егерде Ертісті Обьпен қоса есептесек, ол Ресейдегі ең ұзын өзен болып табылады. Азияда екінші орын алса, дүние жүзінде - жетінші. (5410 шақырым).

Ертістің басы Қытайда екенін айттық. Бірақ ол өзінің негізгі су қорын Қазақстанда жинайды. Жылдық ағасы 33 текше шақырым болса, соның 28 текше шақырымы Қазақстандағы Алтайы мен Тарбағатай, Сауыр қыраттарынан келген су. Қытай қара Ертістің суын бұрса да оның мөлшері жалпы Ертіс су қорына айтарлықтай әсер ете қоймайды.

Павлодардан сәл жоғары тұстан Ертістің суы ЕРТІС-ҚАРАҒАНДЫ арнасымен батысқа ағады. Бірақ сорғының күшімен тартылатын ол судың мөлшері шамалы ғана. Бұл арна Нұра өзенін кесіп те өтеді.  Сөйтіп өндірісті Теміртауға біраз су келеді. Бірақ ол мардымсыз ғана су. Теңізді шарасынан асырып үлкен теңізге айналдыру үшін ЕРТІСТІҢ ТАБИҒИ ЖОЛМЕН АҒЫП КЕЛІП Нұраға құйылуына қол жеткізу керек. Міне, осы мәселені қалай шешуге болады?

Енді Нұра туралы біраз сөз. Нұраның ұзындығы 1000 шақырымға жуық. Ол Орталық Қазақстандағы ең ұзын өзен. Су жинау аумағы 60 мың шаршы шақырымдай жер. Нұраның бойында Самарқанд су қоймасы салынған. Негізгі сағалары Шерубай нұра, Үлкен құндызды, Ақбастау болып табылады.

Егер де Ертістің суын Арқаға әкелетін болсақ, Қазақстанның дәл ортасында нағыз теңіз пайда болар еді. Теңіздің аты теңіз, оның суына шомылып, дем алып, балығын жегеннің өзі неге тұрады!

Сосын Астананы таза ауыз сумен қамтамасыз етуге болады. Әйтпесе қазір ішетін судың сапасы төмендеп, халық суды сатып алуға көшті. Ертең елордамыздың халқы  миллионнан асқанда бұл проблема күрделене түсетіні анық. Сондықтан қазірден бастап ойланған дұрыс.

«Абай-ақпарат»

0 пікір