Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3707 1 пікір 16 Сәуір, 2021 сағат 14:10

Ханзаданы жерлеуге 30 адам ғана қатысады

Сенбі күні Виндзор сарайында ханзады Филиппты жерлеу рәсімі өтеді. Коронавирустық шектеулерге байланысты жерлеу рәсіміне тек қана 30 адам шақыртылған. Олардың тізімінде тіпті премьер-министр Борис Джонсон жоқ. Бұл туралы Euronews хабарлады. 

Табытты сарайға арнайы Land Rover көлігімен алып бармақ. Жерлеу рәсімінің көшін тақ мұрагері ханзада Чарльз бен оның қарындасы Анна бастайды. Ағайынды Уильям мен Гарри ханзадалар бір-біріне жақын жүрмеуі үшін, олардың ортасында бөлелері Питер Филлип болады. Бұл ханзадалар арасындағы жанжалдан кейін жасалып отыр.

Ханзада Филипп 9 сәуір күні 99 жасында өмірден өткен еді.

Abai.kz

1 пікір