Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 15656 5 пікір 7 Сәуір, 2021 сағат 13:46

Кенесарының басы

Ел ішінде хан Кене қапылыста қолға түскеннен кейін, жау оның басын кестіріп, күл салғыш ... ретінде пайдаланған деген қауесет бар.

Алтыбақан алауыз қаһанның

Еркегі қайсы, қатыны?

Ата жау басын атаңның,

Күлсалғыш қылды ақыры!

Мінезің-ай, қазақ, беу, сенің

Қастасқан кезде қашып өң:

«Әкеңнің басы» деуші едің,

Ал, ойна –

Әкеңнің

Басымен!

Алаштың тау мен тасына

Талыстай таңба басылып;--

Ит пен құс шықты басыңа,

Басыңның жоғын басынып...

Баспақ ел болдық неге біз,

Бопсаға көніп не түрлі?

...Біз –

Бассыз қалған денеміз –

«Бассыз салт атты» секілді!!!

Серік Ақсұңқарұлының жазбасы

Abai.kz

5 пікір