Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4596 7 пікір 1 Наурыз, 2021 сағат 12:59

Елдік мәселеде артқа тартуға болмайды!

Анау сатқын, мынау сатқын деген әңгімеден шаршаған жоқсыздар ма? Осы әңгімелерді таратуға кім мүдделі өзі? Арамызда сатқын атанбаған бір адам қалды ма? Кеше ғана түрмеден шықққан Максты да сатқын қылып үлгердік?!

Жарайды, бұл сұрақтарда талайдан бері айтылып келе жатқан, әбден тізесі шыққан мәселе. Менің айтқым келіп отырғаны, өзім қоғамдық негізде қолға алған бір-екі іс төңірегінде болмақ.

Ол істер ел болып бірге жұмылатын, бәрімізге ортақ тақырып болуға тиіс істер деп есептеймін.

1. Орыс-қазақ мәселесінде, қазақ мәселесін көтергені үшін қазақ билігімен істі болып, қамауға алынған Марғұлан Боранбайды қорғау.

2. Қазақ-дүнген қақтығысында істі болып, кейін түрмеде белгісіз жағдайда көз жұмған марқұм Кибаев Бекболдың өлімі.

3. Алматыдағы ішкі істер академиясында өз-өзіне қол жұмсап өлген курсант Саламат Өтегеновтың өлімі.

Бұл мәселелерді Сіз қолдаңыз, егер қолдамасаңыз, тым құрыса артқа тартпай, әртүрлі сөзге ермей, өсек-аяң таратпай тыныш отырсаңыздар деген тілек. Ал жалпы жеке басқа тиісіп, үнемі сынап-мінеп отыратындарға өз басым әлдеқашан етім өліп кеткен, назар аудармаймын. Дегенмен елдік мәселе деген болады, жоғарыда айтылғандар, сол ел болып көтеретін мәселеге жатады, соны айтқым келгені.

Абзал Құспанның жазбасы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515