Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 11359 2 пікір 24 Ақпан, 2021 сағат 11:48

Ресейдегі апат. Қазақстанға газ тасымалдау тоқтатылды

Ресейдің Орынбор облысының Елек ауданында федералдық магистралды газ құбырында жарылыс болды. Бұл туралы  РФ Энергетика министрлігі мәлімдеді. Аталған газ құбыры «Газпром трансгаз Екатеринбург» компаниясына тиесілі екен.

«Федералдық магистралды газ құбырында болған жарылыстан ешкім зардап шекпеді, ештеңе қираған жоқ. Апат аумағы елді мекендерден алыс жерде жатыр. Ақпарат бойынша, бұл Орынбор - Новопсков газ құбырының бір тармағы. Магистралды газ құбыры Елек ауданы, Орынбор мен Соль-Илецк ауданының бір бөлігін газбен қамтамасыз етеді және Қазақстанға газ жеткізеді», делінген губернатордың баспасөз хабарламасында.

Ресей энергетика министрлігі апаттың салдарынан Қазақстанға газ тасымалдау тоқтатылғанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, «Союз» газ құбырының 108-шақырымында газ қысымы түсіп кетіп, ізінше ауада жанған. Қазір ол аумақта газ жану тоқтамаған. Тұтынушыларға Орынбор - Новопсков газ құбыры баллондары арқылы «көгілдір отын» тасымалданады.

Орынбор губернаторының баспасөз қызметі газ құбыры бітелгенін, аумақты жөндеуге екі күн кететінін хабарлады.

Қазақстан энергетика министрлігі бір бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетін «Союз» және «Орынбор – Новопсков» магистралды газ құбырлары бойынша газ тасымалдау тоқтатылғанын айтты. Сәйкесінше, Ресей газы мен Орынбор зауытынан Қарашығанақ газын тасымалдау да тоқтатылғанын растады. Оның негізгі тұтынушысы - Батыс Қазақстан облысы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551