Жұма, 29 Наурыз 2024
Аймақ 19461 0 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 17:43

Мирзияев Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 22 ақпанда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 46-сессиясына қатысады. Осылай деп президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес отырысы Женевада видеоконференция форматында өтеді. Шавкат Мирзияев "елдегі демократиялық және адам құқықтары бағытында жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталады" делінген хабарламада.

Шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссар Мишель Бачелет, 150 елдің жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады деп күтіледі.

Өзбекстан билігі жыл сайын елде адам құқықтары мәселесі жақсарып келе жатыр дегенімен халықаралық ұйымдар басқаша көзқарас білдіреді.

Мәселен Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының соңғы мәлімдемесінде Шавкат Мирзияев басқарған жылдары адам құқықтары біршама жақсарғанымен, авторитарлық жүйе сол күйі қалып отыр деп атап өткен.

Оң өзгерістерге қатысты билік бес саяси тұтқынды босатқан. Бірақ билік жергілікті "Чирок" және "Адам құқықтары үйі" құқық қорғау ұйымдарын тіркеуден бас тартып жатыр.

Өзбекстанда бюджет қызметкерлерін бұрынғыша мақта теруге мәжбүрлеп шығарады, тәуелсіз ақпарат құралдарының өкілдері әлі күнге дейін қуғындалады делінген халықаралық ұйым мәлімдемесінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618