Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3484 3 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 12:08

Қазақстан Калашников автоматтарын сатып алған

АК-12 автоматтарының топтамасы Армения мен Қазақстанға жеткізілді, автоматқа Беларусь те қызығушылық танытып отыр деді "Калашников" концернін басқаратын Дмитрий Тарасов.

"АК-12 [автоматында] 5,45 калибріндегі оқ қолданылатындықтан осы калибрдегі оқты пайдаланатын таяу елдер оған қызығушылық танытып отыр. Қазақстан мен Арменияға шағын топтама жіберілді. Қазір шағын топтаманы сатып алуға Беларусь қызығушылық танытып отыр", - деді Тарасов БАЭ-дегі IDEX әскери көрмесінде.

20 ақпан күні АК-12 және АК-15 автоматтарының экспортқа шыққаны хабарланған. АК-12 жаңа әскери автомат ретінде, АК-15 арнайы жасаққа арналған автомат ретінде ұсынылып отыр.

Өндірушінің хабарлауынша, автоматқа біршама жаңарған: АК-12 автоматқа эргонмиялығы жоғары, жеңілдеу әрі ұзындығы бойынша реттелетін дүмбі қойылған; оқ жаудыруды басқаратын алмалы-салмалы тұтқа орнатылған; көздеуіші жақсарған.

Abai.kz

3 пікір