Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 7641 13 пікір 25 Қаңтар, 2021 сағат 15:49

Ақ Үй мен Кремльдің текетіресі басталды

Washington Post таққа отырған жаңа президент Байденнің, Ақ Үй әкімшілігінің Кремльге қатысты саяси позициясын жазды. Washington Post-та Байденнің:

"Ақ Үй Кремльге қатысты бұрынғы позициясында қалады және Кремль өткен уақыттардағы аргессивті әрекеті үшін жауап береді әрі жалтара алмайды. Біз Кремльдің барлық қадамдары мен агрессивті әрекеттерінің барлығын бақылаумен келдік. Ресей шенеушіктері өз әрекеттері үшін жауапты болады" - деген сарындағы сөзі жазылды.

Ресейлік сайттарды Байденнің инаугурациясы қарсаңында ретімен қарап отырдым. Байденді Ресейдің шенеуніктері ғана емес, халқы да жерден алып жерге салып жатыр. Марионетке, пешка деген сөздер тоқтаусыз айтылды. Тіпті орыстың көптеген ютуб каналдары кеше инаугурация өтіп жатқанда дауыстарын өшіріп тастады. Демек, Байденнің тарапынан Ресейге алдағы уақытта үлкен қысым мен қауіп бар.

Бүгін РФ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ-тың «Северный поток-2» газ жүргізу желісін тоқтатып тастағанын мәлімдеді. Кремль Ақ Үйді халықаралық сауда саласындағы бәсекелестікке көлденең тұсау салды және өзімен саудадағы серіктес Еуропалық елдерге де кедергі жасап отыр деп айыптады. Кеше Ресейдің біраз шенеуніктерінің арқа жүні үрпиіп қалды. Демек, процесс басталған сияқты.

Бекболат Қаржанның жазбасы

Abai.kz

13 пікір