Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 3890 0 пікір 25 Қаңтар, 2021 сағат 15:49

Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

26 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді.

Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі ресми парақшсында мәлімдеді.

- Ертең, яғни 26 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ.

Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады, - деп жазды Берік Уәли.

Abai.kz

0 пікір