Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Билік 3248 3 пікір 14 Қаңтар, 2021 сағат 16:45

Мәжілісте «Нұр Отан» тобын Нығматулин басқарады

Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі болды. Оның кандидатурасын партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып, фракция жиынына қатысушылар бірауыздан мақұлдаған. Бұл туралы Айдос Үкібай «Твиттерде» жазды.

«Фракция отырысында «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшілігіне ұсынды», - деп жазды ол.

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің өткен шақырылымында төменгі палатаның төрағасы болды. 2016 жылы да Мәжіліс спикерлігіне бірауыздан мақұлданған еді. Ал 2019 жылы Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі болып тағы таңдалды.

Abai.kz

3 пікір