Жұма, 29 Наурыз 2024
2836 0 пікір 14 Қаңтар, 2021 сағат 11:43

Иран ядролық қарудан отын жасап шығармақ

Иран өзінің зерттеу реакторы үшін отынның модернизацияланған жаңа түрін шығару бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын бастады. Бұл туралы өлкенің Халықаралық атом энергиясы бойынша агенттіктегі (МАГАТЭ) өкілі Казем Гарибабади мәлімдегенін Reuters агенттігі хабарлады.

Гарибабадидің айтуынша, бұл процесс үш кезеңнен жүреді. Алғашқысында "металл ураны табиғи уранды пайдалану арқылы өндіріледі".

"Біз бұл қадамдарымыз туралы Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке мәлімет бердік", - деді Гарибабади.

Reuters мақаласында металл уранын ядролық қару жасап қолдануға болатынын атап өткен.

Тегеранның бұл іс-әрекеті 2015 жылы Иран, АҚШ, Британия, Франция, Ресей, Қытай және Германия арасында түзілген келісім-шартқа қайшы келеді.

Онда ирандықтарға "плутоний және уран тармағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге" тыйым салынған. Тегеран алдымен келісімге қол қойған басқа мемлекеттердің келісімін алуы тиіс.

Өткен аптада Иран билігі жер астында орналасқан "Фордо" кәсіпорнындағы уран байыту ісі 20 процентке дейін жаңартылғанын мәлімдеген. Бұл халықаралық келісімде көрсетілген көрсеткіштен бес есе көп. Тегеранның бұл шешімі 2018 жылы ядролық келісімнен шығып, Иранға біржақты санкцияларды енгізген АҚШ-пен қатынасы нашарлап тұрған кезде қабылданған.

Құрама Штаттардың жаңадан сайланған президенті Джо Байден Вашингтонның ядролық келісімге қайта кіруін қолдайтынын, бірақ бұл үшін Иран келісімдегі талаптарды орындауы керек екенін жеткізген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3536