Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7261 21 пікір 14 Қаңтар, 2021 сағат 11:30

Ермахан Ибраимов депутат болды

Алматы қалалық мәслихатына «Нұр Отан» партиясы ұсынып, сайлаған депутаттар тізімі белгілі болды. Тізімде 29 адам бар екен. Олардың арасында белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік пен қаламгер Қали Сәрсенбай бар.

Одан бөлек, мәслихат депутаттарының қатарына Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов та енген. 

Бұған дейін Ермахан Ибраимов Парламент сайлауы күні байкот жариялап, көшеге шыққан Жанболат Мамайдың жақтастары мен «Оян, Қазақстан» қозғалысының мүшелері өткізген митингте жұрт көзіне түскен. Өзінің айтуынша, алаңға шыққан азаматттарға басу айта барыпты.

Алайда, әлеуметтік желіде Ибраимовтың белсенділердің қолындағы плакатты тартып алған видеосы тарады. Желідегі жұрт Олимпиада чемпионын қатаң сынаған еді. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Одан соң, Ибраимов БАҚ өкілдеріне: «Мен биліктің жандайшабы емеспін» деп сұхбат беріпті.

Abai.kz

21 пікір