Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5190 0 пікір 24 Ақпан, 2012 сағат 05:11

Талғат Қатауов. Қөлбаев қатаң жазалануы тиіс!

 

ҚР Жоғарғы сотының назарына!

 

 

ҚР Жоғарғы сотының назарына!

 

Өткен жылдың қараша айында ОҚО ІІД полиция қызметкері Асқар Көлбаев   мас күйінде  Шымкент қаласында жаяу жүргіншілер жерінен өтіп бара жатқан 16 жасар Динара Атажанованы қағып, қыршын қыздың оқиға орнында тіл тартпай қаза тапқаны елді дүрліктірген-ді. Бәрі де сол оқиға қатысты өтетін Сот процесінің соңын аңдыған-ды. Алайда, жуырда осы сотты жүргізген Шымкент қалалық ә-Фараби аудандық соты заңның әлсіз тұсын пайдаланып, күдіктіні  дүниеге жаңа келген сәбидей, «сүттен ақ, судан таза» етіп, сот залынан, тұтқыннан босатып жіберді. Бұл аз десеңіз, сот полиция қызметкері Асқар Көлбаевтың удай мас күйінде машина жүргізгені мединициналық сараптамамен дәлелденгеніне қарамастан, сот бұл айғақты қаперіне алмағаны жайында ақпарат құралдарында айтылып, жазылған еді. Осыны телеарналардан көрген халық жағаларын ұстап, шошынды. Сол-ақ екен, БАҚ беттерінде қазіргі қолданыстағы заңның әлсіздігін айтқан және соттың әділетсіздігін сынаған қоғамдық пікірлері қаптап кетті. Осыдан тайсалған болуы керек, Жоғары Сот және Парламент Сенатының төрағасы Қ.Мами да сот қаулысын әділ деп бағалап, он екіде бір гүлі ашылмаған  16 жасар қызды қағып өлтірген қылмыскердің ісін ҚР қылмыстық кодексі бойынша «орташа қылмысқа» жатқызып, ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты шығарылған «Рақымшылық жасау туралы» заңға іліккенін айтып ақталып бақты. Әлбетте, тәуелсіздік мерекесіне орай  жеңіл және орташа қылмыс жасаған жазасын өтеушілерге кешірім жасалғаны дұрыс. Десекте, жұртты шулатқан, ішімдікке тойып алып  жоғары жылдамдықпен  келіп, қыз баланы  2 метр жоғары көтере, 60 метрдей жерге лақтырып, қаға қашқан адамды рақымшылықа іліктіру адами-моралдық және заңдық тұрғыдан да адамгершілікке, әділдікке жатпайды. Оларды марқұмның обалы мен  ата- анасының көз жасы жібермейтіні анық. Аталмыш жол-көлік оқиғасы туралы интернет сайттарында қаптаған бейнетаспаны көрсең жүрегің ауырады. Мұндай жайды аң екеш, хайуанның басына да бермесін.

Басты заңымыз - Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Дегенмен, Ата  Заңымыз негізінде жазылған Қылмыстық кодексте адам өмірін қиған әрекеттің орташа қылмысқа жатқызылуы түсініксіз жағдай. Егер, қағылған адам асарын асап, жасарын жасаған маскүнем, қаңғыбас болып және ішімдікке сылқия тойып, жаяу жүргіншілер өтпейтін жерден өтіп бара жатқан кезде  қағып кетсе айтар дау жоқ. Бұл жайды «абайсызда» деп айтып, жаяу  жүргіншінің өзі кінәлі деуге болар.  Ал, көлікті масаң күйінде өте қатты жүргізіп, жаяу жүргіншілерге арналған бөліктен өтіп бара жатқан жауқазындай қыз баланы қағып, қас қағым сәтте мерт қылған, заңның жауапкершілігін толық түсінетін полиция қызметкерінің қылмыстық ісін ақтаулары, халықты сыйламағаны, заңды құрметтемегені. Тауық, қой, ұялы телефон ұрлағандарды аса қауіпті қылмыскердей ұстап, жоспарды асыра орындау мақсатында темір тордың ар жағына тоғытылған қанша адамның рақымшылыққа ілікпей жатқанын бір Алла  ғана біледі. Ондай ұсақ-түйек қылмысты ақшасы жоқтар, күнкөрісі нашарлар ғана жасайтыны белгілі. Қалтасын қампитуды армандаған Соттар мен заңды қадағалау органдары рақымшылықты шебер пайдаланып, қаржысы бар айран ішкендерді босатып, ал, шелек түбін жалаған кедей-кепшіндер сол күйі түрме түбінде шіриме деп ойлайсың. Сонда деймін-ау, адам өмірі  тауық пен қойдан, қалта телефонынан да құнсыз болғаны ма?.. Әлде Конституциядағы әлгі бап Соттар мен прокурорларға әдірем қалғаны ма?.. Онда ел-жұртқа мазақ болмаулары үшін біржолата Конституцияға референдум арқылы «мемлекеттің басты қазынасы - мал мен құс, дүние мен заттар» деп өзгеріс енгізейік.

Қорыта келгенде айтарымыз, мас күйінде машина жүргізіп, он екі де бір гүлі ашылмаған қыршын қыздың өмірін қиған құқық қорғау қызметкері Көлбаевтың ісі қайта қаралып, адам өмірін қиғаны үшін қатаң жазалануы тиіс деп білеміз!

Талғат Қатауов

Орал қаласы

«Абай-ақпарат»

Видео youtobe.com cайтынан алынды


 

;hl=ru_RU&feature=player_embedded&version=3" />;hl=ru_RU&feature=player_embedded&version=3" type="application/x-shockwave-flash" allowfullscreen="true" allowscriptaccess="always" height="360" width="640">

0 пікір