Сәрсенбі, 13 Қараша 2019
Жаңалықтар 1301 0 пікір 20 Ақпан, 2012 сағат 12:04

Өміржан Әбдіхалықұлы. Латвия: орыс тіліне орын жоқ!

Латвия

Латвияда орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл ретінде  мәртебе беру немесе бермеуге байланысты өткен референдумға қатысқандардың 75 пайызы «орыс тіліне Латвияда орын жоқ!» деп, шет тілі - Ресей мемлекеттік тілінің өз елдерінде мемлекеттік мәртебе алуына қарсы дауыс берген. Сөйтіп, латыштар мемлекеттік латыш тілін сақтап қалды.
Ал, Латвия президенті Андрис Берзиньш:
- Бұл (референдум) біздің бәрімізге де салмақты сынақ және сабақ болды. Екінші мемлекеттік тіл үшін дауыс беру Конституцияның қасиетті қағидаларының біріне қауіп төндірді. Сондықтан да қазір Конституцияның негіздерін нығайту мен биліктің моделін өзгерту тұрғысында пікір алмасатын уақыт туды,- деп мәлімдеген. (Азаттық радиосы)

Қазақстан

Біздің елде жағдай мүлдем басқа. Қазақстандағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі мәселесінде тұлғасы мен бұқарасының көңіліне қарамай турасын әрі нақты жағдайды айтсақ, біздің ел Ресейдің тілдік отары. Тілдік отарға айналған соң, әлбетте, ақпараттық отарлыққа кедергі болмайтыны анық нәрсе. Ақпараттық отарлық дегеніңіз - тұтас қоғамды игеру, қалаған жағдайда кез келген бағытқа бұра салу деген сөз.

Бір қызығы, Ресей де, Қазақстан да көпұлтты мемлекет болып саналады. Айырмашылығы -  Қазақстан көпұлтты, көптілді, көпвекторлы саясат ұстанатын көпшіл ел. Бірақ унитарлы мемлекет. Бүтін ел. Ресей көпұлтты ғана емес, Федерация.  Тілге келсек, Ресейде мемлекеттік тіл - орыс тілі. Орыс тілі Ресейдің тұтас территориясында мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Қазақстанда мемлекеттік тіл  қазақ тілі, бірақ орыс тілі мемлекеттік мекемелерде қазақ тілімен қатар қолданылады. Алайда, нақты өмірде мемлекеттік тілдің қызметін орыс тілі атқарады. Ол Қазақстанның тұтас территориясында қолданылады. Президенттен бастап ақжағалы ұлықтың бәрі, қала берді қазақтыққа түкіргені бар түгелімен орыс тілінде сөйлейді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан үзінді:

«Одной из этих ценностей и главным преимуществом нашей страны является  многонациональность и многоязычие. Государственным языком, согласно нашей Конституции, является казахский. Наравне с ним в государственных органах официально употребляется русский.
Это нормы нашей Конституции, которые никому не позволено нарушать.
Планомерное развитие казахского языка не будет происходить в ущерб русскому.
Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы үшін не керек? Ол үшін мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты - көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады.
Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жететін болады».

Ресейдің өзгермейтін өзімшілдігі

Ресейдің сыртқы саясатындағы ең басты бағыттардың бірі - шетелдерде тұратын орыс ұлты өкілдерін қорғау, қамқорлық көрсету есебімен сол елдерге саяси-экономикалық қысым жасау, қыр көрсету.
Мысалы, Латвиядағы орыс тілі мен оның мәртебесіне байланысты жағдай шындап келгенде, сол елдің ішкі мәселесі болып табылады. Алайда, Ресей билігі мұндай жағдайларда тек біржақты көзқарас ұстанатыны баяғыдан белгілі. Бұл жолы да сол әдетімен: «Латвиядағы ұлттық азшылыққа ұшыраған орыстардың үні естілуі, есепке алынуы керек. Қажет болса, бұл халықаралық адам құқықтары туралы құжаттарда да айтылған», дейді. Тіпті, Ресей Думасындағы халықаралық істер жөніндегі комитеттің орынбасары Константин Косачев референдум нәтижесі көрсеткен сандардың өзін мойындамай, орыс жүрген жердің бәрінде Ресей мүддесі бірінші орында тұруы керек деген тоңмойын пиғылмен былай дейді: «Орыс тілінің мәртебесін көтеру мәселесі маңызды деп референдумға қатысқан Латвияның  азаматтары Латвия билігіне ұлттық партиялардың талаптарына баса назар аударуға жол бермейді». Көрдіңіз бе?

Бірақ, Латыштар ұлт ретінде өз таңдауын жасады. Латвия билігі мемлекетті құрушы ұлттың талабын орындады.
Қазақстан билігінің не үшін ұдайы ұлттық ұйымдармен жанталаса күресіп, орыс тіліне қарсы қылтия қалған нәрсенің бәрін қағып тастап отыратына тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Десе де, Латыштардың әрекеті Қазақстандағы ұлттық ұйымдардың жұмысына жігер, талаптарына түбіне дейін баратын табандылық керек екенін көрсетеді. Ал, ана тілі үшін я күрес жолына, я көнтері көнбістің жолына түсу - әр азаматтың өз таңдауы. Әрине, соңғы сәтте әр адам туған ұлтына тартатыны ақиқат.
«Абай-ақпарат»

P.S.
2011-нші жылғы дерекке қарағанда, Латвияда мемлекет құрушы ұлт - латыштар - 62,10%, ал, этностық диоспера, орыстар - 26,90% екен. 2009-ншы жылғы ұлттық санақтың есебі бойынша, Қазақстанда мемлекет құрушы қазақтар - 63,6%, этностық диоспера, орыстар - 23,3% құраған.

0 пікір