Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 2273 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:39

Болат Аюханов, Қазақстанның халық әртісі: Ақтөбеде балетті бағалай білетіндер көп

Өткен аптаның сенбі, жексенбі күндері гастрольдік сапармен Ақтөбеге ат басын тіреген Қазақстан Республикасы мемлекеттік академикалық «Алматының жас балеті» би театры жұртшылықты айшықты өнермен сусындатты. Балет өнерін сүйіп тамашалайтындар екі күн қатарынан Студенттер сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , Қазақстанның халық әртісі, осы өнердің майталманы Болат Аюхановтың басшылығымен дайындалған ерекше қойылымдардың куәсі болды.

Алғашқы күні Чайковскийдің «Аққу көлі» қойылымы мен Жорж Бизенің «Карменін» тамашалаған көпшілікке театр бишілері екінші күні «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығына орай жасалған қойылымды тарту етті. «Гакку-аққу үні» деп аталатын бұл қойылымдағы Қыз Жібек ролін Гүлнар Камалова, Төлегенді Еркін Өтепов, ал Бекежанның рөлін мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Ерік Оспанов сомдады. Қазақтың киіз үйінің маңайында сүйгенін күткен Қыз Жібекті, Төлегеннің келе жатқанынан сүйінші сұрай келген Дарияны, көңілді Шегені, бақытты шақты быт-шыт етіп, Төлегенге қанжар сұққан Бекежанды жоғары деңгейде сомдай білген театр өнерпаздары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Ақтөбеліктер бізді қашан да осылай жылы қабылдайды», - дейді Болат Аюханов.

- Мұның себебі, Ақтөбеде балет өнерін бағалай білетіндер көп. Балет өнері түсіне білгенге өнерлердің ішіндегі ең ұлысы боп табылады. Нәзіктік пен әдеміліктің символы іспетті бұл өнерге, шынын айту керек, бұрынырақта қазақтар көп қызыға бермейтін. Дегенмен,  ақтөбеліктердің ықыласына риза болып отырмын. Екі күнде де залға лық толған көрермендердің барлығы осы өнерді сүйіп тамашалайтындар деп білемін. Батыс өңіріндегі сапарымызды осы қаладан бастауымыздың да себебі осы.

- Сіз үшін жас бишілермен жұмыс жасау, гастрольдік сапарларға шығу қиындық туғызбай ма?

-Балет - менің өмірімнің мәні. Менің қолымнан билеуден өзге өлең жазу, өзбектің палауын жасау, тағы сол сияқты шаруалар келеді. Бірақ, менің сүйікті кәсібім балет би өнері болып қалады. Мен үшін жақсы шыққан қойылымның өзі бір бақыт. Әдемі билеген бишінің әрбір қимылы жанымды тыныштандырып, бірнеше жасқа жасартып отырады. Ал театрдың жетістіктері менің ұзақ жылғы еңбегімнің жемісі боп саналады. Осындай киелі өнерді бағалай білетін ақтөбеліктерге өмірлері балеттегідей әдемі болсын деген тілек айтқым келеді,- дейді халық әртісі.

Екі күн қатарынан балетті тамашалауға келген Ақмарал Айтбаева кішкене күнінен Болат Аюхановтың өнеріне тәнті болғанын айтады.

-Бала кезімде оныншы сыныпта оқитын әпкеме еріп теледидардан балет би өнерін тамашалайтынмын. Кейіннен Алматыға көштік, онда да қай жерде балеттің сыбысын естісем, қалмай барып жүрдім. Қазір осында тұрамын. Үйде сәбиімді бағып отырмын. Өткенде автобус аялдамасынан Болат Аюхановтың осында келетінін оқып, қуанып қалдым. Екі күн қатарынан келдім. Тамаша өтті.

Болат Аюхановтың жетекшілігімен балет өнерін жанына серік еткен бишілер тобы жексенбі күні Хромтау қаласында болды. Онда да өнерпаздарды  жұртшылық  жылы қабылдаған көрінеді.

Лаура МҮЛКАМАН.

«Ақтөбе» облыстық газеті 30 маусым 2009 жыл

0 пікір