Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
1850 0 пікір 2 Желтоқсан, 2020 сағат 12:05

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған оқушылар көбейді

Қырғызстанда соңғы үш айдың ішінде мектепте оқитын 683 оқушы коронавирус жұқтырып алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, қыркүйекте оқушылардың арасында COVID-19 вирусын жұқтырған 48, қазанда 315 және қарашада 320 жағдай тіркелген.

Вирусқа шалдыққан оқушылардың саны бойынша Бішкек қаласы, Шу және Ыстықкөл облыстарында кең тараған. Нарын облысында ең аз тіркелген.

11 қарашадан бастап ел аймақтарындағы 1489 мектепте 1-6-9-11-сыныптар кәдімгі режимде оқи бастаған.

Abai.kz

0 пікір