Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
2555 0 пікір 2 Желтоқсан, 2020 сағат 11:31

Қарағанды облысында 3 тонна мұнай қалдығы жолға төгілді

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында мұнай қалдығы жолға төгілді. Бұл туралы Хабар 24 мәлімдеді.

Атасу ауылы мен Жұмажанов атындағы ауылдық округтің аралығындағы учаскеде 10 тонна мұнай қалдығын алып бара жатқан жүк көлігінің артқы жағындағы борты ашылып кетіп, 3 тонна қалдық жолға төгіліп қалды.

Аудандық әкімдіктегілердің мәліметінше, көлік қалдықты Қарағандыдағы      «ҚазТрансОйл» мұнай құбырын басқару компаниясынан кәдеге жарату үшін Атасу буландыру цехына алып жара жатқан. Шенеуніктердің айтуынша, мұнай қалдығы төгілген 10 шаршы метр жер тазартылған. Қанша шығын келтірілгенін анықтау үшін барлық материал экологтарға жіберілген.

«Қазір біз барлық мұнай қалдығын тазаладық. Қажет құжаттар жиналды және тиіс органдарға жіберілді», - деді Жұмажанов атындағы ауылдық округ әкімі Думан Бүкірбаев.

Abai.kz

0 пікір