Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2673 5 пікір 2 Желтоқсан, 2020 сағат 11:17

«Nur Otan»-нан шығарылған депутаттың өкілеттігі тоқтатылды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

Әлтаевтың депутаттық қызметінің аяқталуына «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылуы себеп болған.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылғаны туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын»,- делінген ОСК Қаулысында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Павел Казанцев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Nur Otan» партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті. Онда партия мүшесі Нұржан Әлтаевтың Партия Жарғысы мен партия мүшесінің Этика кодексін сақтауы мәселесі қаралды», - деп жазған.

Соның негізінде «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросы Н.Әлтаевты партия қатарынан шығару туралы  шешім қабылдады.

Abai.kz

5 пікір