Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3753 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:23

«Перзентхана» қойылымының премьерасы сәтті өтті

«Перзентхана» - театр ашылғалы бері қойылып отырған жергілікті авторлардың екінші шығармасы. Бірақ бұл қойылым онысымен емес, шындығына келгенде өзіміз күнде көріп жүрген замандастарымыздың басынан өтіп жатқан оқиғаларға жете көңіл бөліп, көз жіберіп, ой қорытып, көрермендерін бейжай қалдырмай, толғандыра білгендігімен қуантты.
Қойылымның бүкіл оқиғасы үлкен перзентхананың бір палатасының ішін-де өтеді. Алайда ол жалықтырмайды, керісінше - апырмай, босануға келген, өзіміз күнде көріп жүрген мынау қарапайым келіншектердің тағдырлары сан-алуан, қилы-қилы түзілген екен-ау, мұның арты не болып кетер екен,-деп қызығып отырасың.
Тағдырлары сан алуан демекші, босануын күтіп жатқан жетеудің біреуі 14 жасар Айнұр (Эльмира Керімбаева) деген қыз, озбырлардың арам ниетінен гүлдей солған бейшара. Биші болсам деген арманы адырам қалған, тума-туыстары үйлене алмай жүрген мүгедек малшы жігіттің етегінен ұстатып, асырып жіберген. Малшы жігіт (Бақытжан Малаев) ақкөкірек жан, ойда жоқта бүлдіршіндей жап-жас келіншекті болып қалғанына мәз, ал оның басқа жағында шаруасы жоқ. «Баланы өз атыма жаздырамын. Оқуыңнан да қалдырмаймын»,-деп қояды.
Эльмира мен Бақытжанның орын-дауындағы бұл рольдер нанымды шық-қан.

Айман Қыдырбаева (Айнара Жан-сейітова) лауазым, қызмет қуып жүріп жасы қырықтан асып кеткенін бір-ақ біледі. Көк етікті де, көн етікті де қалмаған, бәрі де жұптасып, тұрмыс құрып, түтіндерін түтетіп, шаруаларын жайғап жатыр. Жастық дәурен бастан бұлбұлдай ұшып, бір күні қу тізесін құшақтап жалғыз қалатынын кеш те болса аңғарған Айман ақыр соңында өзінің шоферімен тұрмыс құрады. Құдай сәтін салып жүкті болып, перзентханада жатыр. Қуанышы мен қорқынышы бір-дей. Лауазым, қызмет, тақ дегендердің бәрі де уақытша, алдамшы екенін анық түсінген Айманның ендігі арманы құрсағындағы бала ғана. Ендігі өмірінде ана болу бақытына ие болып, жүргізуші күйеуімен (Кенжебек Башаров) тып-тыныш ғұмыр кешпек. Алайда құдай оларға бұл қызықты көп көріпті. Айман нәрестесін босану үстінде қайтыс болды, нәресте де шетінеді. Ержан еңіреп, жер соғып қалды.
Өмір көріп, ой түйген парасатты әйелдің образы Айнараның орын-дауында тартымды. Ұялшақ, аңғал жүр-гізуші Кенжебектің ойыны да нанымды.
Босануын күтіп жатқан жап - жас келіншектер Жанна Оспанова (Дина Дөненбаева) мен Назым Жәнібе-кованың (Райса Сертбекова) ой-армандары мүлде басқаша. Жанна болса ұл бала аңсап жүрген күйеуіне ер бала туып беріп, бақытты қылуды армандаса, Назым әбжыландай арбап, біреудің күйеуін өзіне қаратып алмақ. Сол ойын жүзеге асыру мақсатында ол ашынасына телефон соғып, оны біресе алдап-арбап, біресе дөңайбат шегіп, қорқытып әуреге түсіп жатқанда оны қасында, бір палатада жатқан Жанна естіп қояды. Әлгі Назымның кел де, кел,-деп шақырып, қоңыраулатып жатқан ашынасы мұның күйеуі болып шығады. Сол жерде айқай шығып, екі жүкті келіншек араша бермей, шаштасып төбелеседі.
Адамдық пен аярлық айқасқан осы бір эпизод жас актрисалардың ойынында сәтті шықты.
Келіншектердің арасындағы ең жасы үлкені, 13-ші баласын босануды күтіп жатқан Хадиша Рысбаева (Майра Бақбердиева) жастардың анасы іспетті, бәріне де ақылшы апа. Қорыққанды құшағына алып, жылағанын жұбатып әлек. Оны бәрі де сыйлайды, бәрі де оған келіп шағынады, сырларын айтады.
Өзінің бірнеше келіндері, үш немересі бар. Арасында «келіндеріммен жарыса туғаным ұят та болды-ау, бірақ қайтейін, құдайдың бергенінен қалай бас тартайын»,-деп тәубасына келеді.
Майраның орындауындағы Хадиша спектакльдегі ең сәтті рольдердің бірі.
Алыстағы малшы ауылдан келген келіншек Жұмагүл (Бағланбаева Сәуле) ауызын ашса жүрегі көрініп тұрған, қулық-сұмдықтан ада, нағыз ақкөңіл, қазақы әйел. Базарға айран сатуға келіп жүріп толғатып, перзентханаға түсіп қалған. Ал мұнда орын жоқ. Оны еденге орналастырады. Оған ренжіп жатқан Жұмагүл жоқ, керісінше «ойпырмай мына жердің жақсысын-ай, демалып қалдым ғой» деп қояды. Шалжиып отырып, қолды сермеп қойып, салдырлай сөйлегенде мынау шынында да алыстағы Ақшымырау, Қызан жақтың келіншегі болар сірә, деп ойлап қаласың. Бұл да спектакльдегі ең бір әдемі шыққан образдардың бірі деп бағаладық.
Дәрігер Венера Айтбаевна (Зиятова Гюль) перзентханада босануын күтіп жатқан келіншектердің құдайдан кейінгі қамқоршысы, бәрі де оған сенеді, жақсы көреді. Венера қарауындағы әйелдермен бірге қуанып, бірге мұңаяды. Өйткені өзі де жас кезінде жаза басып, қыздай ұятты болып қалып, аборт жасатқан. Соның салдарынан бала көтере алмай, арманда жүрген көңілі қаяулы жан. Өзіне бұйырмаған бақытты өзгелердің басынан көргеніне де, соған себепші болғанына да шүкіршілік етеді.
Бұл бейне Гюльдің ойнауында барынша ұнамды шыққан.
«Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» демекші, дәрігер Нұрлан Амангелдиевич клиенттерді өзінің жеке меншік клиникасына шақырумен әлек. Жандары қыл үстіндегі адамдар арасынан пайда көздейтін, қазіргі заманда көбейіңкіреп кеткен су жұқпас пысықайлардың бейнесін көз алдымызға елестетті. Сондай-ақ медбике Раушан (Жайна Туралиева), санитарка Зина апай (Ләззат Құрамысова), жаңадан келген босанушы (Әсем Өтесова) рольдері де өз міндеттерін көтеріп тұрған бейнелер.
Спектакльдің өн бойында бұлардан өзге де тартымды, есте қаларлықтай эпизодтар баршылық.
Босануларын күтіп жатқан 6-7 әйел-дің арасындағы әңгіме,қарым - қатынас арқылы өмірімізде орын алып жүрген алуан түрлі оқиғалар мен характерлер жиынтығын жасау барысында театрдың бас режиссері Гүлсина Мерғалиеваның өзгелерге ұқсай бермейтін шебер қолтаңбасы айқын аңғарылады.
Қоюшы суретші - Гүлнәр Қанафина мен сахна тілін қоюшы Зәуреш Есбергеновалардың еңбегі де сөз жоқ спектакльдің толыққанды шығуына үлкен қызмет етіп тұр.
Спектакльдің авторы, әріптесіміз Сұлтанбек Құдайбергеннің бұл дра-матургия саласындағы тырнақалды туындысы. Ол бұрын тарихи зерт-теулерге бейімдігімен байқалып, соңынан өзін жып-жылы жібектей нәзік лирикалық өлеңдерімен, поэзия аудармасымен танытқан. Енді міне, драматургия ауылына да ат ізін салыпты. Бұл да болса Сұлтанбек өнерінің ет пен терінің арасындағы жел емес, сүйексіңді, сүбелі сыбаға екенін байқатса керек.
Сонымен өзіміздің театрымыздың репертуар қоржыны тағы бір тартымды дүниемен толықты, өмір жасы ұзақ болғай делік.

Рза ОҢҒАРБАЙ.
«Маңғыстау» облыстық газеті

0 пікір