Жұма, 26 Сәуір 2024
2172 0 пікір 24 Қараша, 2020 сағат 13:21

ЮНИСЕФ екі миллиардқа жуық COVID вирусына қарсы вакцинаны дамушы елдерге жібермек

БҰҰ Балалар ұйымы 23 қарашада екі миллиардқа жуық COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны және миллиард инені 92 дамушы елге жеткізетінін мәлімдеді.

ЮНИСЕФ жыл сайын әртүрлі індетке қарсы екі миллиардқа жуық вакцинаны сатып алып, 100-ге тарта дамушы елге жеткізіп тұрады.

Ұйым өзі атап өткендей "бұрын соңды тарихта болып көрмеген ең ірі іс-шараны" жүзеге асыру үшін қазір жүкті тасымалдау бойынша және логистикалық жүздеген компаниямен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Бұл баға жетпес тарихи әрі ғаламат операцияны жүзеге асыру барысында ынтымақтастық үлкен мәнге ие болады", - деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің қамтамасыз ету жөніндегі директоры Этлева Кадилли.

Жексенбі күні әлемнің дамыған елдерінің лидерлері онлай бас қосқан "Үлкен жиырмалық" саммитында дамушы елдерде COVID-19 вирусы пандемиясы кезінде болып жатқан дағдарысқа қарсы көмектесу жөнінде сөз болған.

Бірақ бұл оптимистік үндеудің артынша еуропалық саясаткерлердің бай елдер вакцинаны жаппай сатып алғаны жөнінде ескертулері жарияланды.

Abai.kz

0 пікір