Сенбі, 20 Сәуір 2024
2258 0 пікір 23 Қараша, 2020 сағат 11:15

Аммандағы көшелердің біріне Абай есімі беріледі

Иордания астанасы Амман қаласындағы көшелердің біріне Абайдың есімі беріледі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының мэрі Юсеф аш-Шауарибпен кездесіп, екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықты арттыру жайын талқылаған екен. Жиын барасында Абайдың 175 жылдығын атап өту іс-шаралары аясында Иордания астанасы Амман қаласындағы орталық көшелердің біріне Абай Құнанбайұлының есімін беру туралы келісімге келгеніайтылған.

Аммандағы Абай көшесінің салтанатты ашылуы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді деп жоспарларған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 2010 жылдың мамыр айында Король ІІ Абдалланың Жарлығымен Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың есімі берілген. Ал 2018 жылғы желтоқсанда Амманда «Астана» көшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Нұр-Сұлтанда Иордания астанасы Амман атындағы көше бар, ал 2017 жылғы 27 шілдеде Иорданияның ұлттық күні аясында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Хусейн бен Талал атындағы көшені ашу рәсімі өтті.

Abai.kz

0 пікір