Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 12070 0 пікір 31 Қаңтар, 2012 сағат 05:09

Мөлдір Кенжебай. Анимациядағы «Алдардың» айқайы

-Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұрт та жоқ,
Шайтанды да алдадым - деп, Тазша баланың қырық өтірігіндей зуылдататын Алдар көсенің де өтірігіне сан жетпес.
- Сусыз жерде өсемін,
Сондықтан да Көсемін - деп  Алдакең әнін жалғай береді.
Иә, сол Көсе халық ауыз әдебиеті мамандарының анықтауы бойынша ертегінің емес, аңыздың кейіпкері. Ертегіден гөрі шындық өмірге жақын келетін  аңыздар бойынша оның өзінің жеке тұрақты шеберханасы болған. Бай-бағландарды алдап, жинаған дүниесін жоқ-жітіктерге үлестіріп отырған деседі. Яғни, оның алдауында үлкен мән бар.
Алдардың визуалды бейнесі біздің санамызға алғаш Шәкен Аймановтың «Алдар Көсе» фильмі арқылы бекіді. Осыдан кейін біршама анимациялық мультфильмдер жарыққа шықты, бірақ Аймановтың Алдарынан алшақтау бейнеде.
Алдарға арналған мультфильмдердің бірі және ішіндегі ірісі Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен «Краус» деген жеке кәсіпкердің орындауымен 2010 жылы жарыққа шықты. Жұмсалған қаржы - 60 000 000 (алпыс миллион) теңге.
Дисктің сыртқы рәсімделуін көріп-ақ қазаққа қаншалықты жанашырлықпен шығарылғандығына көз жеткізуге болады.
1. Алдар Көсе деген атау Алдар Косе деп қате жазылған.

-Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұрт та жоқ,
Шайтанды да алдадым - деп, Тазша баланың қырық өтірігіндей зуылдататын Алдар көсенің де өтірігіне сан жетпес.
- Сусыз жерде өсемін,
Сондықтан да Көсемін - деп  Алдакең әнін жалғай береді.
Иә, сол Көсе халық ауыз әдебиеті мамандарының анықтауы бойынша ертегінің емес, аңыздың кейіпкері. Ертегіден гөрі шындық өмірге жақын келетін  аңыздар бойынша оның өзінің жеке тұрақты шеберханасы болған. Бай-бағландарды алдап, жинаған дүниесін жоқ-жітіктерге үлестіріп отырған деседі. Яғни, оның алдауында үлкен мән бар.
Алдардың визуалды бейнесі біздің санамызға алғаш Шәкен Аймановтың «Алдар Көсе» фильмі арқылы бекіді. Осыдан кейін біршама анимациялық мультфильмдер жарыққа шықты, бірақ Аймановтың Алдарынан алшақтау бейнеде.
Алдарға арналған мультфильмдердің бірі және ішіндегі ірісі Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен «Краус» деген жеке кәсіпкердің орындауымен 2010 жылы жарыққа шықты. Жұмсалған қаржы - 60 000 000 (алпыс миллион) теңге.
Дисктің сыртқы рәсімделуін көріп-ақ қазаққа қаншалықты жанашырлықпен шығарылғандығына көз жеткізуге болады.
1. Алдар Көсе деген атау Алдар Косе деп қате жазылған.
2. Өнім қазақ тілінде болғанына қарамастан, диск сыртындағы мәтіндердің кейбірі орыс тілінде берілген. Мәселен, ИП «Краус» емес, қазақша мәтінде «Краус» ЖК деп жазылуы керек.
3. Мекен-жайы деген сөз жаңа орфография бойынша бірге жазылады, яғни,  мекенжай.
4. Даңқты генерал Панфиловты қазақша мәтінде әйел заты етіп Панфилова деп жазып қойған.
Бұл өнімнің сыртындағы әңгіме, ал ішіне келсек...
1. Өнімнің атауы «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» екен. Сыртында «Алдар Көсе  туралы ертегілер» деп жазылған - қайсысына сенеміз? Жалпы аңыздың кейіпкерін ертегі деп жүрген Тіл басқармасындағылардың филологиялық сауаттылығына аса күмәнмен қарауға болады.
2. Көңілді деген сөздің орнына қызықты оқиғалары  деп жазылуы керек еді. «Көңілді» - веселый деген орыс сөзінің калькасы.
3. Балаларға арналған білім беру топтамасы деген сөз тіркесі де түсініксіз қолданылған. Қандай білім? Ненің топтамасы?
4. Алматы қаласының тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша деген синтаксистік құрылымда Алматы қаласының дегендегі ілік септігі артық (стильдік олқылық).
Қалалық прокуратураның шақыруымен Тіл басқармасының 2010 жылғы мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарған өнімдеріне лингвистикалық сараптама жасаған А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Ботагөз Сүйеқұл «Қазақ әдебиеті» (24.12.2010ж.) газетіне берген сұхбатына бұл өнім туралы былай дейді: «Бүлдіршіндерге арналған  «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» (дұрысы - қызықты оқиғалары) деп аталатын анимациялық фильмдер топтамасын, өз басым, бүкіл ұлттың намысына тиетін «өнім» деп бағаладым. Бұл жолы «қазақ тілін мазақтауға» «іскер де талантты» жеке кәсіпкерлер - ағайынды Краустар «көмектескен...» басқарма осы мультфильмдер топтамасын барлық балаларға қазақ тілін үйрететін құрал ретінде ұсынып отыр. Сіз бен біздің қаржымыздан құралатын қала бюджетінен 60 млн.теңге жұмсалған бес дискіні көріп шығу үшін үлкен шыдамдылық керек екенін ұқтым. Бүгін бала - ертеңгі қоғам азаматы. Олардың сәби санасына себілген мұндай тұқымнан өсіп шығатын өнім қандай болмақ?! «Шрек» типтес «ата-бабаларын» көрген қазақ бүлдіршіндері «мұндай қазақ болғаннан, болмай-ақ қоюды» жөн тапса, оларды жазғыруымыздың өзі орынсыз. Себебі, «сатып алған аурудың емі жоқ» екенін қайран бабаларымыз әлдеқашан айтып кеткен!
Біздің байқағанымыз, мультфильмнің ішінде ұлттық менталитетке сай келмейтін ойдан құрастырылған оқиғалар көп. Мәселен, қалыңдық іздеген жігіттің қайын атасымен мас болып дастарқан басында мыжып отыруы немесе бала-шағасы көп кедейдің киіз үйіне бір қора қойды адамдармен бірге қамап қоюы және тағысын тағылар.

Мультфильмді бастан-аяқ шолып шыққан Керімбек Ниязбаев ағамыздың пікірі де рухани сана мәселесіне қатысты болып отыр: «Бұл өнімнің техникалық жағынан сөзім жоқ. 3D үлгісінде анимацияны керемет үйлестірген. Әсіресе, тілді үйрету әдістемесі ретінде қолдануы таптырмас ой. Ал идеялық-көркемдік жағы көңіл көншітпейді. Мысалы үшін, мұндағы шалдың бейнесі қазаққа келіп тұр. Әттеген-айы, бұл жерде сценарий жазған адам қазақтың аңызын қалай болса солай бұрмалаған. Қазақта әйел адам ерекше қастерленеді. Сонымен қатар оның отбасындағы орны да ескеріліп отырады ғой. Ерлі-зайыптылардың шәлкем-шалыс келіп қалғандарын балаға көрсетіп, біз не ұтамыз, неден ұтыламыз? Осыны ойланайықшы. Үлгі-өнеге беретін дүние жасасақ дұрыс еді, мұның орнына. Кемпір мүлдем қазақтың қариясы емес (кемпірдің суреті). Мына мультфильмді көрген қазақ баласы ата-әжесінен безеді. Қазақтың қазақы болмыс-бітімін сақтап келген де сол қарттарымыз. «Неменеңе жетістің бала батыр, қариялар азайып бара жатыр... «Қаланың балалары мынадай ата-әженің түрін көреді де,  қолдарын бір сілтейді. Ағайынды Краустардың қазақты масқаралаған түрі ме, әлде біздің бөбектерге осындай болыңдар деген нұсқау ма? Адасуға итермелеудің бір тәсілі емес пе осы? Осыншама үлкен жобаны неге бір адамның қолына беріп қояды? Өз басым  Краусты кәсіби режиссер ретінде қабылдамаймын. Бізде «Қазақфильм» мен «Мультфильм» бірлестіктері бар. Талай соқталы дүниелерді дүниеге әкеліп жүрген қаламгерлерден де кенде емеспіз. Краус қалай бір өзі сценарий жазады?  Қазақтың кім екені мұрнына баратын азамат болса бір сәрі. Ол қанша дегенмен өзге ұлттың өкілі ғой. Алдар Көсенің образына келер болсақ, біз бала кезімізден оқып, көріп өстік. Мұндағы Алдар Көсені таза қазақтың кейіпкері деп айту қиын.
Ең маңыздысы, бала кейіпкерлердің түріне қарайды. Ал мына мультфильмді балаларға көрсетуге болмайды. Ол әрекетіміз қылмыс болады».
Шындығында да, «Жебе» киностудиясының шығарған Алдары Ш.Айманов жасаған образға жақындайтын сияқты, бірақ сопайып, жалбырап кеткен. Ал, басқарманың Алдары нағыз Тазша балаға ұқсайды. Енді сөзді, өнімді шығарушының өзіне берейік.
Мамай  Ахетов, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы:  Ұлттық кейіпкерлерімізді анимациялау үшін былтыр тендер жариялағанбыз. Бірнеше аниматордың ішінен ең төменгі бағаны ұсынған «Краус» ЖК болды. 10 минуттық көлемдегі әр мультфильмге 2 млн.теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырысты жеңіп алды. Кәсіби аниматорлар, ағайынды Краустар іске кірісісімен-ақ, «Қазақфильмнің» мультфильм саласының мамандары мұндағы персонаждарды толықтай талқылады. Дидар Амантай бастаған кәсіби топ аталған анимацияның жарыққа шығуын қолдады. 3D үлгісіндегі әрбір мультфильмнің соңында балаларды оқыту бағдарламасы бар. Шын мәнісінде, отандық анимациямыз үшін жақсы жетістік деп есептеймін. Сапасы жоғары болғандықтан, жан-жақтан сұраныс көбейді. Ә дегеннен «Мир» телеарнасы қызығушылық танытқан-тын. Бүгінде ТМД елдері экранына ағылшын-орыс тілдерінде тәржімаланған нұсқасы жол тартты. «Балапан» балалар арнасы мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы да өз кезегінде бұл мультфильмдер топтамасын эфирден беруде. Таяуда ғана «Алматы» телеарнасы да қолқалады. Мемлекеттің қаржысына түсірілгендіктен, барлық телеарнаға тегін үйлестірудеміз. Әу бастағы мақсатымыз да осындай еді. Алматы қаласының жергілікті бала-бақшаларына да тегін тараттық. Балалар енді басқарманың сайтынан да тамашалай алады. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп, ұлттық менталитетімізге сәйкес бір бейне жасадық. Әр бала өзінің  танысын жолықтырғандай қуанатын болуы тиіс. Өткен жылы  30 сериясын шығарсақ, биыл да жалғасын табады. Осылайша Алдардың бейнесін әрбір қазақ баласының санасына бекіту керек. Бөлінген қаржы пәлендей көп болмаса да, Краустар кәсіби тұрғыда, өте сауатты мультфильм жасап берді. Биыл да мемлекеттік тапсырыс Краустарға тиетін шығар. Өйткені, заң бойынша олар жалғастыруға құқылы.         
Қазақ баласының санасына қайсысын бекітеміз. Басқармадағылар өздерінің жүйесіз жұмыстарының арқасында қомақты қаржыны қазақ руханиятын жөндеуге жұмсағанның орнына, осы бейберекетсіздікке үлес қосып отыр деуге болады.
Рас, қазір бұл мультфильмдер ауық-ауық телеарналардан көрсетіліп жатыр. Дұрыс қазақша шығарылған дүниелер керек, оның үстіне мұндай форматта балаларға арналған өнім бұрын жасалған емес, «Краус» деген жеке кәсіпкердің өз істерін жақсы меңгергендігі көрініп-ақ тұр. Ал біздің осы Алматы қаласының Тіл басқармасындағылар қайда қараған деген заңды сұрақ туындайды. Әр нәрсе жасаларда, оның техникалық сипаттамасы жазылады, онда мемлекеттік тапсырыспен сатып алынатын өнімнің түсі, түрі, неден жасалатынын және т.б. түгелдей егжей-тегжейлі анықталады. Ал мұндағы Алдар көседен бастап барлық кейіпкерлер еш талапқа сай емес және де жоғарыда Керімбек Ниязбаев ағамыз айтқандай, аңыз желісі қалай болса солай бұрмаланған, ұлттық менталитетке, бала ұғымына сай келмейтін сюжеттерден құрылған. Олар өздері аңыз бен ертегіні шатыстырып отырғанда, балаға не бере алады? Қысқасы, мемлекеттік қызметкерлер өз міндеттерін дұрыс атқара алмаған. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалатын өнімнің қандай болуы керектігі жайлы бас қатырып, оған техникалық сипаттама жазып, ол бойынша сала мамандарының кеңесін тыңдауды артық көрген. Бұрыннан «Крауста» бар, концепциясы жасалып қойған дүниені сатып ала салған. Олардың жасалып жатқан өнімге еш жауапкершілік танытпағандарын мақаланың басында келтірілген дисктің рәсімделуіндегі орфографиялық қателерден-ақ байқауға болады. Сондай-ақ Алматы қаласының Тіл басқармасындағылар Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларында анимациялық студиялардың бар екендігін ескермеген. Ашық байқаулар өткізбей, «Краус» ЖК-мен ғана жұмыс жасауды жөн санаған.

Осыдан барып олардың Алдар көсесі орыстың Буратиносына, ал байдың кемпірі Шректің шешесіне ұқсап кеткен. Арғы жағын, қадірлі оқырман, сіз айтыңыз, ал нүктесін қоғамдық кеңес қойсын!
«Абай-ақпарат»

0 пікір