Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3149 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 08:44

Шығыс Қазақстанда 329 км жолдың жөнделу құны негізсіз жарты миллиард теңгеге қымбаттатылған – прокуратура

Өскемен. 30 маусым.  ҚазТАГ – ШҚО-да екі жылда 329 км жолдың жөнделу құны негізсіз жарты миллиард теңгеге көтерілген. Жол құрылысын, жолдың күйі мен оны пайдалануын прокурорлық тексеріс барысында бюджет қаражатын тиімсіз және мақсаттан тыс бағытта жаратыу фактілері анықталған.

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, соңғы екі жыл бойына облыстық автожол департаменті республикалық мәндегі автожолдарды күтіп ұстап тұруға 7,4 млрд теңгеге 28 келісім жасаған. Бұл ретте департамент жөдеу құнын өздерінің кемістігі бар ведомость пен сметасы арқылы есептеп, әр бір км жолға керек нормативті 1,5 млн теңгеге артық есептеген. Облыстық деңгейдегі мәні бар жолдарды күтіп ұстауға соңғы екі жылда 1,5 млрд теге бөлінген, бірақ бұл соманың үштен бірі мақсатсыз аудандық мәндегі нысандарды жөндеуге жұмсалған. Ал Семей-Қарауыл жолын түбегейлі жөндегенде «АБК-Автодор НС» ЖШС барлық жұмыс көлемін қосалқы мердігерге берген де, бұл 56 млн теңгенің негізсіз жаратылуына әкеп соққан.

Сонымен қатар жөндеу жұмыстарының технологиялары дөрекі бұзылу фактілері анықталған. Мысалы, Көкбекті – Самарское жолын жөндегенде «Автодор» АҚ мердігері жол бетін тегістеу жұмыстарын сапасыз атқарып, айналма жолдар салынбай және жол белгілерінің жартысын орнатпай кеткен. Зыряновский ауданы мен сол Зыряновскийдің өзінде технологияларды сақтамауынан, жол төсенішінің әліздігінен және топрақтың ылғалының көптігінен былтыр жөнделіп кеткен жолдарда шұңқырлар мен орлар, отырып қалған жерлер пайда болған. Осы аудан орталығында 76 жол белгілерінің тек 56-сы орнатылған.

«Біздер бір нысанға бірнеше рет қаржы бөліну фактілерін анықтадық. Өскеменде екі жыл бұрын қалалық орталық даңғылда жол жиектемесін ауыстыра отырып жөндеу жұмыстары жүргізілген, ал биыл кемістігі бар, күні көрсетілмеген ведомость бойынша тура сондай жұмыс тағы жүргізіліп жатыр. Жол жиектемелері гранитке ауыстырылған. Риддерде әкім жыл сайын бір нысанға бюджеттен қаражат аударады екен, ал ол жол әлі жөндғелмепті», - деп айтып берді прокуратурадан.

Тексеріс нәтижесінде барлығы 100-ден астам заң бұзушылық анықталған, 15 ұсыныс түсіріліп, 12 тәртіп бойынша іс қозғалып, олардың 7-еуі жемқорлыққа қарсы заң талаптарына сәйкес болған. 

Шығыс Қазақстандағы автожолдардың жалпы ұзындығы 11,8 мың км. Олардың 3,4 мыңы республикалық мәндегі және 8,4 мың км жергілікті мәндегі жолдар.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558