Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3791 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 05:27

Қанішер Сталиннің қайта тірілгені ме?

Жақында ғана Ресейдің «Фергана.ру» веб-сайты Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының маңындағы Икан ауылында қазақ халқына қарсы геноцидті ұйымдастырушы, коммунистердің қанішер көсемі Иосиф Сталиннің ескерткіші емін-еркін тұрғаны туралы хабарлады.

Мақаланың авторы: «Пока в большинстве постсоветских стран время от времени разгораются нешуточные страсти по поводу памятников и монументов различных эпох, в Казахстане к таким приметам прошлого относятся довольно спокойно... В 80-е годы прошлого века представители областного руководства задумали было ликвидировать изваяние. Но местные аксакалы встали тогда горой в защиту «вождя народов», - деп қуанышын жасырмай жазады. Мақалада: «С тех пор стоит Иосиф Виссарионович в казахском селе как ни в чем не бывало. Оно и правильно, считают местные жители: зачем бороться с прошлым? Это ведь памятник того времени и тому времени. Чтобы помнили. Тем более, рассуждают казахские граждане, Сталин был не только зачинателем массовых репрессий. Без него немыслима победа Советского Союза над фашизмом во время Великой отечественной войны», - делінген.

Осыған орай төмендегі жағдайлар туралы айтқымыз келіп отыр:

Біріншіден. Иосиф Сталин - бұрынғы КСРО, оның ішінде Қазақстандағы аштық пен жаппай саяси қуғын-сүргінді ұйымдастырушы адамның бірі. Алаштың жүздеген зиялысы мен ардақтысын атуға рұқсат берген құжаттардың біразында дәл осы қанішер Сталин мен оның жақын серіктестерінің қолы тұр. Тарихи құжаттар Сталиннің Қазақстандағы аштық туралы хабардар болғаны, хабардар бола тұра біраз уақыт бойы ұлт трагедиясына немқұрайлы қарап отырғанын дәлелдеп отыр. Яғни Сталин құрған сталиндік-коммунистік жүйе қазақ халқының кем дегенде 2,5-3 миллион өкілінің қырылуына, мыңдаған қандастарымыздың шетелге босып кетуіне тікелей кінәлі екені біз үшін анық нәрсе. Бұны дені сау, өзінің трагедияға толы тарихын дұрыс деңгейде меңгерген әрбір қазақ азаматы ешқашан естен шығармайды, ешқашан кешірмейді!

Олай болатын болса, қасиетті Түркістан аймағында адамзат тарихында ешкім теңдесе алмаған Сталин сияқты қанішер мен жауыз ескерткішінің емін-еркін тұруы, Қазақстан азаматтарының оған тәу етуі барып тұрған арсыздық, өресіздік болып табылады. Бұл жағдай зұлмат жылдарында қырылып кеткен миллиондаған қазақтардың аруағын қорлау, олардың ұрпақтарының ар-намысын таптаумен пара-пар құбылыс.

Біздің түсінігімізде, Қазақстандағы Сталин ескерткіштері - Ресейдегі Гитлердің ескерткіштері сияқты жабайы құбылыс. Сондықтан да, біз осы жағдайдың Оңтүстік Қазақстан облысының тиісті билік органдарының, оңтүстік өңірінің зиялы қауымының назарынан тыс қалмайды, алдағы уақытта қандыауыз коммунисттің ескерткіші тұғырынан алынады деп сенеміз.

Екіншіден. Біз бұрынғы КСРО елдерінде, әсіресе көршілес Ресейде сталинизмнің, тоталитарлық идеологияның қайта жанданып келе жатқанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні Ресейдің көптеген қалалары мен ауылдарында Сталиннің ескерткіштері қайта ашылып, оның атымен көшелер қайта аталып жатыр. Жуырда Кремльдің айтағымен өткізілген «Имя России» атты телевизиялық конкурста Иосиф Сталин «Ресейдің ең керемет, ең ғұлама» тұлғасы ретінде бірінші орынға иеленуден аз-ақ қалғаны мәлім. Абырой болғанда Ресей билігі дер кезінде тоқтап, бірінші орынға Александр Невскийді шығарып үлгерді.

Бүгінгі күні Ресей әскери дарыны жоқ, миллиондаған адамды қырғаннан басқаны білмеген Сталинді «ұлы Жеңіс кемеңгері» деп танып, осыны басқа елдердің барлығына мойындатқысы келіп отырғанын да байқап отырмыз. Осы мақстатта жақында президент Медведевтің жарлығымен «Ресей мүддесіне қарсы тарихты бұрмалау әрекеттеріне тойтарыс беру» мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Ресей депутаттары «Ұлы Отан соғысының нәтижелерін мойындамағаны үшін айыппұл салу не болмаса түрмеге қамау» туралы заң жобаларын қызу талқылап жатыр. Осы көзқарасты мойындамаған Ресей және шетел азаматтары «орыс атаулының жауы» атанып жатыр. Осы көзқарасты мойындамаған мемлекеттерге Ресей ақпараттық, саяси және экономикалық қысым жасап отыр.

Біздің ойымызша, осындай империялық саясат тәуелсіз мемлекетіміздің, жаңарып келе жатқан қазақ ұлтының мүддесіне қайшы келеді. Қазақ қоғамы, қазақтың зиялы қауымы мен баспасөзі осындай әрекеттердің барлығына үзілді-кесілді түрде қарсы тұруы тиіс. Есесіне қазақ қауымы ұлт-азаттық көтерілістер, ұлттық қозғалыстар, екі аштық, екі соғыс, қырық жылға созылған жаппай қуғын-сүргін, үш ғасырлық отарлық езгінің тарихын қайта-қайта көтере беруі керек. Саяси тұрғыдан коммунистік идеология өз бағасын алып, фашизм сияқты тоталитарлық ілім ретінде қарастырылуы қажет. Бұл тек қана тарихи қажеттілік қана емес, мемлекетіміздің, ұлтымыздың алдағы мыңжылдықта сақталуының кепілі болмақ!

«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522