Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
5329 42 пікір 20 Қазан, 2020 сағат 14:39

«Birgemiz» қоры: 100 мыңнан астам жанұя әлеуметтік көмек алады

Нұр Отан партиясына қарасты Біргеміз қоғамдық қоры 650 мыңнан астам отбасына қаржылық қолдау білдірді. Күні кеше партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 100 мыңнан астам жанұяға 50 мың теңгеден көмек берілген болатын.

Ол үшін аталған қордан 5 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Сөйтіп, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қорының қолдауымен аталған ақша қордың шотына аударылды.

Бұл қаражат әлеуметтік аз қамтылған 100 мыңға жуық отбасына беріледі. “Біргеміз” қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, бүгінде көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Сол негізде республика бойынша 100 мың көмекке мұқтаж отбасына 50 мың теңге тапсырылған.

Аталған көмекті алғандардың қатарында мұқтаж мүгедек жандар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын жетім балалар (асыраушысының бірінен айырылған балалар мен тұл жетім балалар) әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан мүгедек ардагерлер мен тыл еңбеккелері бар.

Қор төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, көмек тағайындау барысында аталған қор бұрын көмек алмаған азаматтардың алуын қадағалайды. Ал, көмек алатын азаматтардың тізімін жергілікті әкімдік ұсынады екен.

Сонымен қатар Руслан Сәкеев қор бүгінгі таңда осы бағытта басқа да өңірлермен қарқынды жұмыс істеп жатқандарын айтады. Және бұл көмек те араға уақыт салмай беріледі екен.

Айта кетейік, “Біргеміз” қоры 2020 жылдың наурыз айында Елбасы, Нұр Отан партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарабаевтың бастамасымен құрылған. Аталған қор коронавируспен күресу мақсатында халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қаржылай қолдау үшін құрылған еді.

Коронавирус пандемиясы басталған жеті айдан бері бұл қор қаражатынан 550 мыңнан астам мұқтаж азаматтар 50 мың теңгеден көмек алған. Сонымен қатар, вируспен күресте алдыңғы шепте болған Алматы мен елорданың 2112 медицина қызметкерлеріне біржолғы көмек көрсетілген.

Сонымен қатар халқы ең көп үш мегаполистегі (Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан) әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 мың отбасына 5 миллионға жуық медициналық маска таратылған.

Одан бөлек, аталған қор Біз біргеміз атты акция ұйымдастырып, нәтижесінде 320 мыңға жуық отбасы бірінші кезекте қажетті тауарлармен және азық-түлік себеттеріиен қамтамасыз етілген. Және тағы да 100 мың отбасына 5 миллион маска тегін таратты.

Бүгінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Біргеміз қорына меценаттар мен демеушілер есебінен 34 миллиард теңге қаражат жиналған.

Сонымен бірге, Біргеміз қоры осы жылдың мамыр айында Түрікстан облысы Мақатарал ауданындағы су апатынан зардап шеккен ауылдағы отбасыларға да көмек көрсетуде. Партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, бүгінде 20 үйдің құрылысы аяқталған. Ол үшін Елбасының тапсырмасымен Біргеміз қоғамдық қоры Достық ауылының тұрғындарына 340 миллион теңге бөлген. Және қазір қор демеушілігімен Фирдоуси ауылындағы 12  үйдің құрылыс жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. Бұл үйлердің құрылыс жұмыстары алдағы қараша айында аяқталмақ.

Одан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үйндеуі негізінде мақтаралдық тұрғындарға 1000 тоннадан астам гуманитарлық көмек көрсетілген. Оның ішінде құрылыс материалдары мен төсек орын жабдықтары,киім-кешек пен гигиеналық заттар және азық-түлік бар. Және, су басқан оңтүстік өңірде 500-ге жуық жас отандық жасьар азық-түлік жеткізуге және бөгеттер көтеруге қол ұшын созған болатын.

Партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, осындай қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсетіп, көмек жасау халықтың кемелдігінің әрі өз отандасының тағдырына бей-жай қарамайтын жауапкершілік пен асқақ азаматтықтың нышаны.

Халықтың осындай ынтымақ пен бірлігі қоғам дамуының негізі. Оған әрбір қазақстандық мүдделі болуға тиіс. Ал, қиын-қыстау кезеңде бір-бірін қолдай білген халықтың алмайтын асуы, бағындырмайтын биігі болмас.

Abai.kz

42 пікір