Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6085 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 19:38

Серікқали БАЙМЕНШЕ. Көздің ағындай "Айқап"

Ресейдің  Троицк қаласында 1911 жылдың  қаңтар айында  тұсауы кесіліп, 1915 жылдың  қыркүйек айына дейін  шығып тұрған "Айқап" журналының алғашқы нөмірінің  жарық көргеніне 2011 жылы 100 жыл толады.
Белгілі ақын, журналист, жазушы Мұхаметжан Сералин сынды танымал тұлғаның  қайраткерлігінен туған бұл мерзімдік  басылым XX ғасырдың бас кезіндегі  қазақ қоғамында теңдесі жоқ еңбек атқарып, ұлттық ой-сананың құдыретті қозғаушысы бола білді.
Қазақ баспасөзінің қарлығашы icпeтті тұңғыш журнал ең алдымен халықты оқу-білімге шақырып, ағартушылық дәстүрді нысана етті.  Жарияланымдары арқылы өз дәуіріндегі  қазақ халқының қоғамдық-саяси  өмірінің барлық мәселелерін қамтуға тырысты, әcipece әйелдердің әлеуметтік ахуалына айрықша көңіл бөлді.  Оқушыларының рухани әлемін жаңғырту мақсатында ұлттық әдеби шығармалар мен көркем аудармаларға кең орын берді.
Ғалым-зерттеушілер С.Зиманов пен Қ. Ыдырысовтың тұжырымдауы бойынша, "История журнала ("Айқап" журналының – С.Б.) в литературе почти не освещена, не изучен и путь, по которому шел М.Сералин к его созданию, а вместе с тем этот этап его деятельности важен не только в познавательном, но и в научном плане, ибо мотивы и цели создания журнала не могли не отразиться на его содержа¬нии" (Зиманов С.З., Идрисов К.З. Общественно-политические взгляды Мухамеджана Сералина. А., 1989, С.64-65.)

Ресейдің  Троицк қаласында 1911 жылдың  қаңтар айында  тұсауы кесіліп, 1915 жылдың  қыркүйек айына дейін  шығып тұрған "Айқап" журналының алғашқы нөмірінің  жарық көргеніне 2011 жылы 100 жыл толады.
Белгілі ақын, журналист, жазушы Мұхаметжан Сералин сынды танымал тұлғаның  қайраткерлігінен туған бұл мерзімдік  басылым XX ғасырдың бас кезіндегі  қазақ қоғамында теңдесі жоқ еңбек атқарып, ұлттық ой-сананың құдыретті қозғаушысы бола білді.
Қазақ баспасөзінің қарлығашы icпeтті тұңғыш журнал ең алдымен халықты оқу-білімге шақырып, ағартушылық дәстүрді нысана етті.  Жарияланымдары арқылы өз дәуіріндегі  қазақ халқының қоғамдық-саяси  өмірінің барлық мәселелерін қамтуға тырысты, әcipece әйелдердің әлеуметтік ахуалына айрықша көңіл бөлді.  Оқушыларының рухани әлемін жаңғырту мақсатында ұлттық әдеби шығармалар мен көркем аудармаларға кең орын берді.
Ғалым-зерттеушілер С.Зиманов пен Қ. Ыдырысовтың тұжырымдауы бойынша, "История журнала ("Айқап" журналының – С.Б.) в литературе почти не освещена, не изучен и путь, по которому шел М.Сералин к его созданию, а вместе с тем этот этап его деятельности важен не только в познавательном, но и в научном плане, ибо мотивы и цели создания журнала не могли не отразиться на его содержа¬нии" (Зиманов С.З., Идрисов К.З. Общественно-политические взгляды Мухамеджана Сералина. А., 1989, С.64-65.)
«Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ici бар?!» деп бетін ашып алған "Айқап" патша үкіметі бекітіп берген бағдарламасына сәйкес "сыртқы хабарларды, мұсылман тіршілігінің мысалдарын, уақиғаларды, кітаптар хақында һәм ғылым баптарынан кеңестерді, басқарушыға келген хаттарды», сондай-ақ бағдарламада "фельетон" деп көрсетілген көркем әдебиет үлгілерін жариялап отыруға  тиісті болды.
Журналдың тұңғыш нөмірінде Ахмет Байтұрсыновтың әйгілі «Қазақтың өкпесі» деген мақаласы жарияланды. «Дүнияда ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін? Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ» деп Ахаң осы жолы халық алдында қазақ жерінің  сол кездегі тағдыры туралы толғанды.
Кейіннен қанатты сөзге айналып кеткен «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы», «Талап жоқ, үміт мол бip халықпыз», «Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды», «Телміріп  алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды», «Ата жолдасы – надандық» тәрізді ойларын осы мақаласында білдірді.
Басылымның  бұдан кейінгі нөмірлеріне де қызу атсалысқан Ахаңмен 6ipгe Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов қоғамдық-саяси құрылым жайындағы маңызды мақалаларын жариялады. Әcipece алаштың осы үш арысы жазған жер мәселесіне, отырықшылық тұрмысқа көшу жайына, қазақ жазуын тәртіпке келтіруге қатысты жарияланымдар оқырмандар тарапынан сан алуан  пікірлер туындатты.
«Айқапты» неғұрлым тартымды, қалың көпшіліктің қызығушылығын арттыратындай етіп шығару үшін талапкер ақындардың өлең-жырларына, жұмбақтарға, халық ауыз әдебиетінің басқа да көрнекті үлгілеріне, тағылымдық  әңгімелерге кең орын берілді.
«Айқап» журналы басқармасында Мұхаметжан Сералинмен бipre сол тұстағы танымал ақын, жазушы, драма¬тург Әкірам Ғалымов, белгілі ақын, журналист Мұхамедсәлім Кәшімов, көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров еңбек етіп, өз шығармаларын жариялап тұрды. Мағжан Жұмабаевтың, Сәбит Дөнентаевтың, Сәкен Сейфуллиннің, Tahиp Жомартбаевтың, Міржақып Дулатовтың, Қошке Кемеңгеровтің, Ахмет Мәметовтің, Мұстақым Малдыбаевтың, Кенжеғали Ғабдуллиннің, Самат Әбішевтің, Байбатыр Ержановтың алғашқы өлеңдері «Айқапта» жарық көрді. Журнал сонымен бipгe аударма әдебиетке де назар аударды. Бұган Ә.Фердоусидің  «Шахнама» эпопеясынан аударылған «Рүстем-Зораб» тарауы, жазушы Лихановтың «Манап» драмасы, И. Крыловтың, М. Лермонтовтың, А. Пушкиннің, А.Чеховтың, А. Сорокиннің қазақшаланған еңбектері мысал бола алады.
«Ой  тіріліп, ұйқы кетіңкіреп, жаманнан жиіркеніп, жақсының иici мұрынға кipe бастаған кезде»  («Айқап». А., 1995,  169-бет) жарқ ете қалған «Айқаптың» бетінде айтар сөзін халқына жеткізе алмай булыққан оқыған қазақ баласының  жаппай жарыса сөз алуы жалпы жұршылықты бейтарап қалдырған жоқ.  Әсіресе жаңа журналды құмарта оқыған сол кездегі көзі ашық жастар  басылым жарияланымдарынан  жалпы қоғамның саяси сарынын саралап, қоршаған әлемнің тынысын ұғынды, өзіндік түсініктерін түзіп, нақты   көзқарастарын айқындай бастады.
Сол тұста-ақ жарқын жырларымен танылып қалған Мағжан Жұмабаевтың «Айқап» беттеріндегі:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр.
Бipi ай, бipi жұлдыз, бipi күн боп,
Жалтырай көктен нұрын шашып жатыр...
Ойламай біздің қазақ текке жатыр,
Бір іске жанаса алмай текке жатыр.
Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң,
Қазағың таңқаларлық кепте жатыр.
Байларың  мыңды айдаған шалқып жатыр,
Бар малын болыстыққа сарқып жатыр.
Барымта, ұрыс-керіс, кici өлтіріс,
Ішінде сорлы қазақ қалкып жатыр...
(«Жатыр»  өлеңінен);
Қазақта сорлы ұрғашы,
Ерден теңдік көрер ме?
Тиылып, кұрғап көз жасы,
Бipгe дәурен сүрер ме?
( «Шын  сорлы»  өлеңінен);
Жас ғұмыр надандықта өткен босқа,
Оқымай, өнер қумай жазы, қыста.
Білімнен ат-тонымен  қашқан қазақ,
Сайлауға таласуға қандай ұста...
Қор болдық,  білім қумай, кайран елім,
Күш кетіп, талай жаннан көрдік  көрім,
Сұлық боп жан шыққалы тұр таяулап,
Маңдайдан шып-шығып өлім терің.
(«Күз  күні»  өлеңінен),-
деп ащы да болса ашық айтқан жүрекжарды сырлары, Сәбит Дөнентаевтың:
Бұл заман осы күні күштінікі,
Азулы, тырнақты мен  тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы,
Тыпырлап тыныш жатпаған естінікі..
(«Заман кімдікі?»  өлеңінен), -
деп толғануы және басқа да ұлт ұландарының заман мен қазақ баласын қатар қойып қозғаған қордалы ойлары талайдың  талабын ұштап, санасына соны ой салды.
Халық тұрмысындағы кейбір  келеңсіз әдет-ғұрыптардан  арылу қажеттігін алға тартқан  танымдық жарияланымдардың бірі  ретінде Бейімбет Майлиннің «Қостана үйезі, Дамбар болысы» (1913) деп аталатын тырнақалды туындысын атап өтуге болады. 
«Бipaқ біздің қазақ халқының ежелден пайдасын біле тұра аяқ баспайтындығы бар емес пе?- дейді болашақ жазушы.- Бірсыпыра жарамсыз әдеттерін ата ғұрпымыз деп айырылмай бұл уақытқа шейін қолына ұстап келді. Ол жарамсыз әдеттерінің бipi қыз алып, қыз беру турасында, онан соң 6ipeyi  өлік турасында».
Журналдың жас авторы бұдан кейін  өлікке мүше берудің, молдалардың адам қайтыс болған кезде мал аламын деп ұмтылатынына қынжыла келіп, осы ғұрыптың  өрескелдігінен сын айтады.  Сөйтіп, 19 жастағы ауыл баласы «нәпіл-садақалардың   бәрін жиып, неге мешіт-медресе ашпаймыз, неге оны білім беру жолына жұмсамаймыз» деп сол заманның  табиғатына сіңісе қоймайтын  тың ой ұсынады. Жасөспірім Бейімбеттің бұл ойларымен  келіспеу қиын, әрине.
Осы тұстағы журнал авторларының басылым  мұратымен бірліктегі  ортақ көзқарас-ойларын   Бейімбет Майлиннің  «Айқапта»  жарияланған  тағы бір маңызды мұрасымен байланыстыра баяндауға болады.  Ол - 1915 жылғы «Болған ic» атты деректі әңгімесі. Бұл турасында зерттеуші-ғалым Үшкілтай Сұбханбердина: «Б.Майлиннің алғашқы әңгімелерінің бipi. Автор сол кездегі етек жайған жер сату iciн, орыс пен қазақ байларының кейпін кедей тап тұрғысынан сынай жазған» (Әдеби мұра. А., 1970, 250-бет) дейді.
Осы алғашқы әңгімелерінің бірінде жас қаламгердің  шығармашылық қолтаңбасын көрсете отырып, жер сату сынды сорақылықтың соңы кімнің маңдайына соққы болып тиетінін  алдын ала болжай білгендігі таң қалдырады. Шығармада көшіп келген орыстарға жер сатып, пайда тауып жүрген Жанпейіс дегеннің жағымсыз бейнесі бар. Жанпейістің пысықтығына Қажыбай ақсақал  тәнті  болып, одан  менің де жерімді орысқа өткізіп  бер деп  өтінеді...
Ақыры переселен Меколай сатқан жеріңді  толықтырып бер, болмаса ақшамды қайтар деп Жанпейісті соққыға жығады. Қажыбайдың жылқысы үйренген өpiciнe жайылып барғанда, өзi сатқан жердегі орыстың егініне  түседі. Меколай жылқының бәрін  айдап әкеп, қамап тастайды. Қамауда тұрып Қажыбайдың екі ту  биесі мен аты аштан өледі.  Қажыбай приставқа барып, қалған жылқысын әрең босатып алады...
Осы ретте Ахмет Байтұрсыновтың  «Қазақ жерінің екі ұшы екі қолда: бip ұшы қазақта, бip ұшы орыста. Әдіс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос ұстаған жағы айырылып қалып жатыр. Жерді қолында қатты ұстау, бос ұстау қазақтың өздерінен» (Байтұрсынов А. Ақ  жол. А.,1991, 228-бет) деген сөздерінің сол жылдары тегін айтылмағанын тағы да мойындауға мәжбүр боламыз.
Аталмыш шығарма жалпы  журнал шығарушылардың   да мақсатын сездіреді. Азын-аулақ қаржыға малданып, ата-бабадан қалған қара жерді саудаға салып жүрген ағайынның қылығын қоштауға бола ма? Егер сол тұстағы қалам ұстаған жастар ел-жұртына жаны ашымаса, көз алдында болып жатқан сорақылықты сезіне алмаса, дәл осы құбылыс  әңгіме арқауына айналар ма еді? 
Кеңестік замандағы әдеби сын  «Айқаптың» жарияланымдарын кедей тап мүддесі тұрғысынан  бір жақты ұғындырып келгені жасырын емес.  XX ғасырдағы қазақ баласы бастан кешірген қитұрқы заманның мұрағат қабаттарында қаттаулы жатқан бip бұрылысы осындай. Алайда ғасыр басындағы тектес басылымдарға қарағанда, кезінде біршама зерттеліп, зейінделген, оқып, танысуға мүмкіндік болған  да осы «Айқап». Бірақ «Айқаптың» барлық авторлары жайында кезінде толық айтылмады;  ал бұрынғыдай ақ пен қызылға бөлмей, «Айқапқа» шын мәнінде бет  бұрылған кезең еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге басталды.  Журнал жарияланымдарының жеке кітап болып мазмұндалып шығуын осы орайдағы үлкен әдеби-ғылыми жетістік  ретінде бағалаған жөн.    Жарияланымдар мазмұнына тереңірек үңілген сайын алдымыздан  бұрын  сезе алмаған өзгеше леп - алаш ұлы мекендеген атамекенге деген ұлтжандылық  сарын еседі.  
ХХ ғасырдың бас кезінде «Айқаппен» қатар «Қазақ» газеті жарық көрді.  Біраз уақыт екі басылым ақпараттық кеңістікте қатар жүрді.  Кейіннен кеңестік ғылым бұлардың біреуін қоштап, біреуін мошқап, біреуін демкоратияшыл, екіншісін ұлтшыл деп айдарлады. Соған байланысты  «Қазақ» газеті  90-жылдардың бас кезіне дейін мүлде жабық жатты. 
Бірақ кезінде «Айқап» жазғандай, «Тұңғыш  ұлы «Айқапты» сүйген қазақ «Қазақты» да сүйе бастап» [5]   еді.   Осы екі басылымға байланысты әңгімеде Бейімбет Майлиннің   «Қазақ» газетіне шыққан  «Айқап» ойларыңда бар ма?» деген мақаласы  сол кезеңнің  бір тынысын танытады.  
Мәселенің мәнісі мынада еді: «Қазақ» газетіне жазған бір мақаласында Шәкәрім Құдайбердіұлы «білімсіз ел жас бала сықылды, бір жаңа нәрсе көрінсе, бұрынғыны тастап, соған ұмтылмақшы» дей келіп,  біздің  қазақ «Қазақ» газеті шыққан соң, «Айқап» журналын тастап кетпей ме деген күдігін білдірген еді. Міне, Бейімбет осыған орай қолына қалам алады.
«Айқаптың» алғашқы шыққан кезінде,- дейді ол,- түйменің тана моншағы  оның үстінде болды. Әрине, ол енді  «Айқаптың» жаңалығынан болса да, жалғыздығынан болса да болған бір құрмет шығар деуге жақындап қалдық. Болмаса жазушыларының бұрынғыдан кемитін реті бар ма? Рас, «Қазақ» газетасы шығып, екі-үш  жазушының орны  жоғалғаны. Оның есебіне ескі жазушылар ысылмақшы, жаңадан бірен-саран жас жазушылар да қосылмақшы. Сөйтіп, «Айқаптың» асығы түгел болмақшы емес пе еді?  Бірақ олай болмады. Жазушылардың жазғаны «Қазаққа» ғана жазатын болып, жазбағаны мүлде қойды...». Осылайша толғана келіп, газет-журналға жазушыларға «Айқап» қаламдарыңызды тістей ме? «Қазақ» көзіміздің қарасы болғанда, «Айқап» ағы емес пе еді» деген ойын ұсынады.  Сонымен бірге,  Бейімбеттің  бұл сөздері ұзақ уақытқа дейін әдеби-ғылыми айналымнан шет қалып келгенін де  айта өткен жөн.
«Айқап» журналының мазмұнды, оқырман үшін қызықты жарияланымдары аз емес.  Мысалы, 1914 жылғы оныншы санында оқырманға бірнеше жұмбақтар ұсынғаны бар. Байбатыр Ержанов жолдаған сол жұмбақтың бірі мынадай еді:  
«Бала көтеріп тұрған қатынға бipey:
- Бұл көтеріп тұрған бала өзіңізге  қай жағынан жақын болады? - деп сұрағанда, қатын:
-    Баламның баласы, байымның інісі деп жауап береді, бұл  қалай?».
Осы жұмбақты Бимұхамет Майлин шешіпті.  Жауабы мынадай екен: «Мысалы, бip баласы бар тұл қатын бip күңді ержеткен баласымен сатып алады. Содан соң күңнің баласын азат қылып, өзі соған тиеді. Қожа қатынның бала¬сы күңіне жақындық  қылса, содан туған бала – баласының баласы, байының  ініci болып табылады».
«Айқап» журналы 1915 жылғы 14-нөмірінен соң  шығуын тоқтатты. Бұған сол кездгі  Ресейде болып жатқан соғыстың салдарынан туған күрт қымбатшылық айтарлықтай әсер етті. Қағаз  бағасы мен баспахана шығындары өстi. Екінші жағынан, журналға жазылушылар азайып, нақты қаржылай көмек берушілер болмады. Осы соңғы нөмірінде журнал басшылығы оқырмандарына мынадай сөз арнады: «Ал енді алаш азаматтары!.. Біз қолымыздан келген жұмысымызды алаш пайдасына жұмсаудан тартынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, мақсұтымыз дүние жиып байымақ,  пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жазсақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсұтымыз халыққа жол көрсетпек еді. Газеташылық, журналшылық қазақ жігіттерінің  қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұмыс оқыған жастардың мойнында...» («Қазақ», А.,1998, 228-бет).
Қазақ халқының жазба ескерткішінің бірі  болып саналатын «Айқап» журналынан бүгінде Ресей жерінде қандай белгі бар? Өкінішке қарай, ештеңе жоқ. Бұдан жүз жылдай бұрын шыққан журнал басқармасы орналасқан үй қайдан  сақталсын, әрине... Бірақ қазақтың алғашқы ұлттық кәсіби журналының бір кезде Ресей аумағында шыққанын  бүгінгі ұрпақтарға білдіру екі ел арасындағы мәдени-рухани байланыстарды  байыта түсетіндігі сөзсіз. Соған орай біз қазақтың көзінің ағындай  «Айқап» журналы туралы Троицк қаласында  бір белгі орнатылғаны орынды  болар еді  деп санаймыз.  Бұл бәрімізге,  соның ішінде Ресей қазақтарына да сын.  (2013 жылы Орынборда  шыққан «Қазақ» газетінің жарық көргеніне де жүз жыл толады).



Серікқали БАЙМЕНШЕ, филология ғылымдарының докторы.
"Қазақ тілі" газеті

0 пікір