Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3440 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 19:13

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ. ТАҒДЫР ТӘЛКЕГI

Бекеңе топырақ христиан зиратынан бұйырды

Алаш арысы Жүсiпбек Аймауытовтың артында қалған жалғыз тұяғы бар-тын. Аты-жөнi – Аймауытов Виктор Юрьевич. Қазақшасы – Аймауытов Бектұр Жүсiпбекұлы. Жарықтық Бекең 1916 жылы туған. 1931 жылы әкесi атылғанда 15 жастағы бала. Алаш тұқымына әбден қаны қарайған большевиктер Бекең 21 жасқа толғанда 1937 жылы «Алаштың тiрi жүрген көзi» деп 10 жылға соттап жiберген.
Сiбiрде жазасын толық өтеп шыққаннан кейiн Ресейде басы бүтiн қалып қойған. Атасы басқадан әйел алған. Одан бiр-екi қызы болған. Қысқасы, ел көзiнен таса Кемеров облысының бiр түкпiрiнде өмiр сүрген.
Өткен ғасырдың аяғында елiмiз тәуелсiздiк алған соң Бекең аяңдап Алматыға келген. Бұл – 1990 жылдардың ортасы. Ол туралы қазақ тiлдi баспасөз құралдарында айтылды, жазылды. Қала әкiмдiгi тарапынан ақсақалға шағын пәтер де берiлдi. Оның қызығын қария көре алмады. Ресейден жатбауыр қыздары жетiп келiп, пәтердi саттырғанда шалды алдына салып айдап кеткен.

Арада аттай 10 жыл өтедi. 2004 жылы Бектұр қария сүлдерiн сүйретiп, әупiрiмдеп Алматыға қайта келедi. Тағы да сол жанашыр азаматтар табылып, ақсақалды жекеменшiк демалыс жерiне орналастырады. Жөн бiлетiн бiреулер: «Мыңның басы қыж-қыж қайнаған мына жебiр қаладан не қайыр, одан да ата-бабаңыздың басы қалған Баянауылға барыңыз!» – дейдi. Бастабында келiскенiмен, күн өте келе Бекең айнып қалған. Шынында ол жақта күтiп отырған кiмi бар?
Сөйтiп екi жылын iлдебайлап, анда-мұнда өткiзген қария ақыры шыдамы бiтiп, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын iздеп шығады. Жолай басы айналып кетiп, көшенiң топ ортасына құлап қалады. Бет-аузы оңбай жараланады. Жедел жәрдем алып кетедi. Ауруханада жатып емделедi. Сауыққан соң тағы да жоғарыдағы институтты iздейдi. Табады. Бұл 2006 жылдың тамыз айының 10-ы күнi едi. Дәл осы оқиға туралы сол күнi «КТК» телеарнасы хабар таратты. Тiлшi: «Ресейден елiне оралған тұлпардың тұяғы тентiреп жүр. Бүгiн оны институттың бiр қызметкерi үйiне алып кеттi. Ал ертең ше?..» – деп сөзiн түйдi.
Бектұр Жүсiпбекұлын үйiне алып барып қондырған институт қызметкерi Ақедiл Тойшанұлы дейтiн азамат екен. Ол жүсiпбектанушы Нұржан Қуантайұлымен хабарласып, екеуi үзеңгi қағыстырып, күнi-түнi жүгiрiп, өлдiм-талдым дегенде қаладағы Ардагерлер үйiне орналастырады.
Сырғып екi жыл өтедi. Бiр күнi «Жас қазақ» апталығының қызметкерi, жүрналист Еренғайып Қуатайұлы қалалық Ардагерлер үйiне хабарласып, Бекеңнiң хал-жағдайын бiлмек болады. Сондағы алған жауабы – «Виктор Юрьевич қайтыс болған, сүйегi қайда жерленгенiн бiлмеймiз, бiреулер алып кеткен».
Iле-шала «Жас қазақ» апталығында: «Бектұр Аймауытовтың сүйегi қайда?» дейтiн жанайқай мақала шықты. Оған селт еткен ешкiм жоқ. Амалы таусылған журналист ақылдаспаққа Алматы қаласында орналасқан Мәдени саясаты және өнертану иститутының директоры Ерлан Сайровқа барады. Ерлан Баяхметұлы дереу арнайы топ құрып: институт қызметкерi Жалаледин Шәйкен, жүсiпбектанушы Нұржан Қуантайұлы, әдебиетшi ғалым Ақедiл Тойшанұлы және сүйектi жоқтап жүрген журналист Еренғайып Қуатайұлы бар төрт жiгiтiн сайлап, Ардагерлер үйiне жiбередi. Олар: «Бiз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң тапсырмасымен келдiк, шалдың сүйегi қайда?» – деп тура барып бастықты қорқытады. Шарасы қалмаған бастық: «Ол кiсi қайтыс болғанда мен жоқ едiм, ақсақалдың мүрдесiн менiң шопырым алып барып, Боралдайдағы орталық зиратқа жерлеп тастапты, нөмiрi мiне...»
Хош, сонымен, әлгi төртеу жұп жазбай Боралдайға тартады. Марқұм орталық зираттың христиандарды жерлейтiн қысқы бөлiгiне қойылыпты. Басына сынған күректiң сабын шаншып, оған «92675» деп нөмiр жаза салған. Аты-жөнi жоқ. Ендi бiраз уақыт кешiккенде Бектұр қария қайда жерленгенi белгiсiз болып қала берер едi. Күректiң сабын жұлып тастаса болды, қоянжон топырақ бiр-екi жылда тегiстелiп кетедi.

«Ескерткiш қойған қазақ жастары»
Заманында:
«Арғы атам – ер түрiк,
Бiз қазақ елiмiз,
Самал жел, сайран тау,
Сарыарқа жерiмiз!» – деп жырлаған Алаштың ақтаңгерi, халқы үшiн шаһит кеткен мүмин-мұсылмен Жүсiпбек Аймауытовтан қалған жалғыз тұяққа топырақ осылай бұйырған.
Журналист бауырымыз Еренғайып айтады: «Аты-жөнi жоқ домалақ зират лагерьде қаза тапқан тұтқындарды жерлейтiн бейбақтар қорымына ұқсап кеттi. Көзiме жас тұнды. Содан жаңа жыл қарсаңында Мемлекеттiк тiлдi дамыту президенттiк қорының директоры Берiк Әбдiғалиев мырзаға айтып, марқұмның басына белгi орнату iсiн қолға алдық», – дейдi.
Сонымен үстiмiздегi жылдың мамыр айының соңында бiр топ қазақ азаматтары бiрiгiп, зираттың басына мәрмәрдан құлпытас орнатты. Сыртын әсем темiр шарбақпен қоршады. Құлпытаста: «Қазақ жазушысы, Алаш Орда қайраткерi Жүсiпбек Аймауытовтың баласы – БЕКТҰР АЙМАУЫТОВ 1916–2008» деген жазу бәдiзделген.
Белгiтастың соңғы жағында: «Ескерткiштi қойған – қазақ жастары» деген жазу тұр.
Зираттың басына жиналған қауым алдында сөз айтқан жазушы Смағұл Елубай мырза: «Жастардың мына iсi – бiздерге үлгi боларлық шаруа, ұлты үшiн отқа түсiп, жаттың қанжығасында басы кеткен арыстың ұрпағына құрмет көрсету адамгершiлiкке де, мұсылманшылыққа да сай дүние, дұға-тiлектерiңiз қабыл болсын!» – дедi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
«Астана ақшамы» газеті 23 маусым 2009 жыл

0 пікір