Жұма, 29 Наурыз 2024
3353 13 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 11:26

Ермек Тайшыбеков ұсталып, изоляторға қамалды...

23 қыркүйекте Алматыда 42 жастағы блогер Ермек Тайшыбеков ұсталды. Тайшыбеков - Қазақстанның Ресей құрамына кіруі қажеттігін және орыстілді халықтың дискриминацияға ұшырайтыны туралы пікір айтып, танылған блогер.

Оның ұсталғаны туралы ақпаратты Азаттық тілшісі ең бірінші Алматы қалалық сотының бұрынғы судьясы Күлпаш Өтемісованың Facebook-тағы парақшасынан білді.

"2020 жылы 23 қыркүйекте Қазақстанда танымал құқық қорғаушы Ермек Тайшыбеков қамауға алынды. Ұстау кезінде оның компьютері мен мобильді телефоны тәркіленген" делінген жазбада.

Алматы қалалық полиция департаменті 42 жастағы Ермек Тайшыбековтің ұсталғанын растады.

"Тайшыбеков Қылмыстық кодекстің 174-бап ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") белгілеріне келетін қылмыс жасады деген күдікпен 23 қыркүйекте ұсталған, сол күні кешкі сағат 21.25-те уақытша қамау изоляторына қамалды" деді аты-жөнін атағысы келмеген полиция қызметкері Азаттық тілшісіне.

Ермек Тайшыбековтің бауыры Марлен Тайшыбековтің сөзіне қарағанда, 23 қыркүйекте Ермек полицейдің телефонынан хабарласып, өзін ұстағанын айтқан. Бұған Youtube-те жарияланған Қазақстан билігінің ұлттық саясатын сынаған сұхбаты түрткі болуы мүмкін екенін де жеткізген. Марлен Тайшебеков 24 қыркүйекте уақытша қамау изоляторының қабылдау пункті арқылы азық-түлік пен жылы киім бере алғанын айтты.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1577
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590