Жұма, 29 Наурыз 2024
2337 0 пікір 23 Қыркүйек, 2020 сағат 12:23

Қазақстанның төрт ауданында құс тұмауы өршіп тұр

Қазақстанның төрт ауданында құс тұмауы өршіп тұр. Билік фермерлерге нарық бағасымен өтемақы төлеп, құстарға екпе салуға уәде беріп отыр. Ал ветеринарлық бақылау фермерлердің өлі құсты сатуға шығармауға кепілдік береді дейді.

Құс тұмауы екі апта бұрын Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. 21 қыркүйекте ауыл шаруашылығы министрлігі елдің тағы үш облысында вирустың тарағанын мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, кемінде 100 мың үй құсы өлген. Бірақ жабайы құстарды есептегенде одан да көп. Дәл қазір жабайы құстар солтүстіктен оңтүстікке көшіп жатыр.

Билік құс тұмауы кең тарамас үшін онымен күрестің барлық шараларын бастап кеттік деп мәлімдеді. Індет ошағы шыққан аймақ карантинге жабылды.

Шенеуніктер өлген құстың еті сатуға шығарылмайтынына кепілдік беріп отыр. Бақылауды күшейттік дейді.

"Вирус адамнан адамға берілмейді. Тек вируспен ауырған құспен байланыста болған адамға ғана тікелей жұғады. Дәл қазір адамдар арасында құс тұмауын жұқтырғандар жоқ деп айтуға болады", - дейді Қазақстанның тауарлар қауіпсіздігі және қызмет көрсету мен бақылау сапасы жөніндегі комитет төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов адам құс тұмауын жұқтыруы мүмкін, бірақ өте сирек кездеседі дейді. Ол тіптен індет жұққан құс еті базарға сатылымға түссе де, залалсыздандыру шарасы жүргізілсе, қауіп туғызбайтынын айтады.

Бірақ дәрігер-эпидемиолог Рафаил Қыпшақбаев вирус мутацияланып үлгергенін, қазір адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін ескертеді.

"Бастапқыда құс тұмауы адамнан адамға жұқпайды деп айтып келді. Бірақ соңғы мәліметтер бойынша, адамнан адамға жұғуы мүмкін екені анықталды. Сол үшін бұл жерде бақылауды күшейту керек", - дейді Қыпшақбаев.

Ауыл шаруалышығы министрлігі құс тұмауына байланысты зардап шегіп отырған фермерлерге өтемақы төлейміз деп уәде беріп отыр. Қазір арнайы мамандар індет ошағына барды. Бүгінгі күнге дейін республикалық қордан құстарға егу үшін бір жарым миллион вакцина бөлінген. Бұл бес миллион құсқа вакцина жүргізуге жетеді екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590