Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2931 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 18:29

ҚҚА кейбір қазақстандық банктердің депозиттер бойынша жоғары мөлшерлемелеріне алаңдаулы

Алматы. 29 маусым. ҚазТАГ – ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) кейбір қазақстандық банктердегі депозиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелерге қатысты алаңдаушылық білдірді. Дүйсенбі күні ҚҚА сайтында осындай ақпаратпен ашық хат жарық көрді.

«Қазіргі уақытта әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан экономикада жалғасып отырған теріс үрдістер жағдайында екінші деңгейлі банктер үшін салымшылардың сенімін сақтап қалып, депозиттер бойынша ұсынылатын пайыздық мөлшерлемелерді арттыру арқылы әлеуетті депозиторларды тарту маңызды міндет болып отыр. Соның ішінде, Депозиттер бойынша мөлшерлемелер ақталмаған экономикалық негіздемесі жоқ деңгейге дейін көтеріледі, бұл өз кезегінде банктердің заем қаржысының қымбаттауына ықпал етеді», -  деп атап көрсетеді ҚҚА. 

Алайда қаржылық реттеушінің бағалауынша, «заем қаржысының осылайша қымбаттауы тартылатын депозиттер бойынша ұсынылған сыйақы  деңгейіне үнемі лайықты және салмақты болып табылмайды және банктің әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтін қосымша тәуекелдерді тудырады».

«Екінші деңгейлі банктердің депозиттер бойынша мөлшерлемелерді арттыруы олардың несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты несиелік тәуекелінің артуына алып келуі мүмкін немесе пайыздық маржаның төмендеуіне ықпал етуі ықтимал, бұл жеке капиталға қысымды көбейте түседі», - делінген ҚҚА-ның 2009 жылдың 17 маусымында екінші деңгецлі банктер мен Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығына арналған  хатында.

«Агенттік алаңдаушылық білдіріп, екінші деңгейлі банктердің коммерциялық мақсаттары мен отандық экономиканың дамуын қолдаудың арасында жүйелі тепе-теңдікті қамтамасыз етудің орындылығын назарға ала отырып, екінші деңгейлі банктер тартылатын депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді белгілеу тұрғысындағы салмақты әрі консервативті  саясат ұстану қажет деп есептейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616